Гук заңы Созылу-сығылу диаграммасы. Физика, 9 сынып, сабақ жоспары.


Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

9.2 А бөлім Динамика: деформация, күштер және Ньютонның қозғалыс заңдары

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Гук заңы

Созылу-сығылу диаграммасы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.2.2.13 - деформацияның түрлерін білу және оларды түсіндіру;

9.2.2.14 - Гук заңының F = -k∆x формуласы бойынша серпімділік күшін есептеу;

9.1.1.12 - y=kx+b түріндегі тәуелділіктерді талдай білу;

9.2.2.15 - серпімділік күшінің серіппенің ұзару шамасына тәуелділік графигін салу және талдау;

9.2.2.16 - жүк массасы, абсолют және салыстырмалы деформация және қатаңдық коэффициенті ұғымдарын пайдаланып, серіппе деформациясын түсіндіру;

 Сабақ мақсаттары

  • келесі терминдерді пайдалана отырып серіппенің деформациясын түсіндіру: жүктің массасы, абсолют және салыстырмалы деформация, беріктілік шегі және беріктік коэфициенті;

Жетістік критерийлері

Білу және түсіну

Деформация түрлерін, механикалық кернеуді есептеу формуласын біледі және олардың физикалық мағынасын түсінеді

Қолдану

Гук заңын қолдана алады. График градиентін анықтайды, графиктерден серпімділік шегін, пропорционалдық шегін, беріктік шегін анықтай алады

Анализ және синтез

материалдың қасиеттерін талдай алады. Графиктерді оқиды

Зерттеушілік және рефлексия

Зерттеу жұмысын жасайды және жұмыстың барысын бағалайды

 Тілдік мақсаттар

 

Әртүрлі серіппелердің әрекеті бойынша ситуациялық идеяларды топтарда талқылай алады.

Пәндік лексика және терминология

Күш, деформация, созылу , серпімділік шегі, Гук заңы, пропорционалдылық, серіппенің қатаңдығы

Салмақ

Вес

weight

Күш

Сила

force

Қатаңдық

Коэффициент жесткости

Stiffness/ spring constant

Серпімділік күші

Сила упругости

Elastic force

Кернеу

Напряжение

Stress

Беріктік

Прочность

Strength

Созылу

Растяжение

tension

Диалогқа/жазуға қажетті сөз тіркестері

Серіппеде ……………. бар

Мен бұны білемін, өйткені …………….

Егер серіппенің …. үлкен болса, онда .... болып табылады

Құндылықтарды дарыту

  • Өзгенің пікірін тыңдай білу
  • Білімнің құндылығын түсіну
  • Жолдастық қатынас, адами құндылықтар

Пәнаралық байланыстар

Математика

АКТ қолдану дағдылары

Қозғалыс графиктерін PASCO құралы арқылы сипаттау

Бастапқы білім

Оқушылар Гук заңын, 7 сыныпта өткен серпімді деформация тұжырымдамасын еркін түсу жағдайындағы затқа әсер ететін күштер сызбасын қолдануда және сондай-ақ түзудің теңдеуін математикалық тұрғыдан түсінуде тәжірибелері бар болуға тиіс.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Мотивациялық кезең

Сабақтың ортасы

Іс-әрекет кезеңі

Сабақтың соңы

Рефлексиялық кезең

Оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын/ОМ анықталады

Оқушылардың «жақын даму аймағын», сабақ соңында күтілетін нәтижелерді анықтауға көңіл бөлу қажет

(I f) Оқушылар жұбына бірнеше серіппелер беріледі, олар қолмен созу арқылы олардың қатаңдықтарын салыстырып, азынан көбіне қарай орналастырады. Жұптар сағат тілінің бағытымен қозғалып, жұптардың жұмысын серіппелерге жүктерді ілу арқылы тексереді. Кері байланыс жасалады.

(E) Оқушылар тақтаға қатысты көлденең болатын және блок арқылы өтетін диаметрі болатын ұзын мыс сымға 100 грамдық жүктің 10 іле алады. Егер сымның ұзындығы 2 м-ден асатын болса, онда созылуды өлшеу үшін миллиметрлік бөлік құны бар қарапайым сызғыш пайдаланылуы мүмкін. Оқушылар серпімділік қасиетін көрсетіп, нәтижесінде серпімсіз созылу туындайтындығын көрсету үшін массаны пропорционалды облысқа жылжытулары тиіс.

(T) Мұғалімдер серпімді және серпімсіз деформацияны көрсететін видеоны көрсете алады, оқушылардан күш/ механикалық кернеу графиктерін салуды сұрай алады. Оқушыларға материалдардың қасиетін өз-бетімен зерттеу ұсынылады.

(G) Оқушылар күнделікті өмірдегі серпімді және серпімсіз деформацияның пайда болуын, оның артықшылықтары мен кемшіліктерін зерттей алады. Мұны сыныпта немесе сыныптан тыс уақытта жасауға болады, сонымен қатар егер келісуге мүмкін болса, онда жергілікті өндіріс орындарына барып та жасауға болады.

(G) Оқушылар жоғарыда қарастырған мыс сымының немесе масса-серіппе модельдеуіне қатысты созылудың күшке тәуелділігінің графиктерін тұрғыза алады. Олар градиентті (еңісті) анықтау қажет, ол серіппенің қатаңдығы болып табылатындығын ұғынулары тиіс. Содан кейін, серіппеге ілінген жүктің салмағын немесе массасын анықтау үшін серіппенің қатаңдығын пайдалана алады.

Оқушылармен серпімділік күшінің созылу шамасына тәуелділігін пайдалана отырып, созылу-сығылу деформациясын талдау ұсынылады.

Диаграммадан серпімді деформация облысын, пластикалық дефоормация облысын, үзілу нүктесін анықтау қажет

(E) Егер оқушылар 7 сыныпта серіппені созбаған болса, онда бұл өлшеулерді жүргізудің және серіппенің қатаңдығы анықтаудың жақсы мүмкіндігі бола алады.

(I f) Мұғалімдер формуланы қалай түсінгендігін анықтау үшін оқушыларға сұрақтары бар бақылау парағын ұсына алады.

(G) Сіз оқушыларға серіппелердің жиынтығын беріп, серіппелерді қолмен созып көруді және оларды серіппенің қатаңдығының және созылу шегінің артуы бойынша орналастыруды сұрауыңызға болады. Оқушылар қарандашқа болат немесе темір сымын орау арқылы серіппе жасап, оның созылу шегін зертханалық серіппенің созылу шегімен салыстырып та көрулеріне болады.

Қорғаныш көзілдіріктерін кию қажет.

(G) Оқушылар тұрмыста шарикті қаламсаптан бастап, машина аспаларына дейін, сонымен қатар түрлі өнеркәсіптерде серіппенің пайдаланылуын қарастыруы мүмкін.

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

Сабақта өзінің алған білімі қандай деңгейде екенін адамдарды бояу арқылы көрсетеді.

Жаңа білім – көк қарындаш

Көңіл-күйі – жасыл қарындаш

Сабақты бекіту және жеке оқушыларды бағалау мақсатында «уәж» ойыны ойнатылады.

Металдың деформациясы бойынша видео:

http://www.youtube.com/watch?feature=endscreen&v=K28WiL21Sgs&NR=1

Серпімсіз деформация бойынша видео:

http://www.youtube.com/watch?v=hloxCLh422c

немесе

http://www.youtube.com/watch?v=Wx7FGhV_wdI

Серпімді және серпімсіз әрекет үшін, молекулярлық негіздерін көрсететін видео:

http://www.youtube.com/watch?v=Yxmh8OzLxO4

Серіппе-масса модельдеу:

http://phet.colorado.edu/en/simulation/mass-spring-lab

Онлайн пайдалану үшін жұмыс парағы:

http://phet.colorado.edu/files/activities/3501/phy_Hookes_MakeupPhETlab.doc

Серіппенің жасалуын көрсететін видео:

http://www.youtube.com/watch?v=Duy76N6lkyE&safe=active

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Оқушылар деңгейлік тапсырмаларды орындай отырып өзара бағалау жасайды.

«Ыстық орындықта» отырған оқушыны сыныптастары бағалайды.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Оқу мақсаты: келесі терминдерді пайдалана отырып, серіппенің деформациясын түсіндіру: жүктің массасы, абсолют және салыстырмалы деформация, беріктілік шегі және беріктік коэфициенті

Бағалау критерийлері:

  • Жүктеме мен созылу арасындағы байланысты дұрыс сипаттайды
  • Серіппенің серпімділік шегінен жоғары және төмен жағдайдағы әрекетін дұрыс сипаттайды
  • Серіппе қаттылығының константасын сипаттайды
  • Серіппе әрекетін Гук заңы бойынша сипаттайды

Эксперименттік жұмыста резеңке баудың созылуын зерттейсіздер.

Жұмыс барысы

- Штативке резеңке бау бекітілген.

- Резеңке баудың бастапқы ұзындығын өлшеңіздер

x0=__________

- Резеңке бауға 1,2,3,4,5 жүктерін іліңіздер (массасы біртіндеп өседі);

- Әрбір жүкті ілгендегі резеңке баудың созылуын өлшеңіздер;

- Резеңке баудың өзгерісін табыңыздар;

- Есептелген нәтижені кестеге жазыңыздар.

Жүктің массасы

Ауырлық күші

Серіппенің абсолют ұзаруы

Серіппенің салыстырмалы ұзаруы

 

 

 

 

Абсолют деформация дегеніміз –

Салыстырмалы деформация дегеніміз –

Кестедегі мәндер бойынша серпімділік күшінің серіппенің абсолют ұзаруына тәуелділік графигін салыңыздар.

Графикте алынған сызықтың өзгеру нүктелеріне сипаттама беріңіздер.

1.

2.

3.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу