Электр зарядының сақталу заңы. Кулон заңы. Физика, 10 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.2A Электр өрісі | Мектеп: Талдықорған қаласындағы НЗМ | ||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||
Сынып: 10 | Қатысқандар саны: 12 Қатыспағандар саны: | ||||||
Сабақ тақырыбы | Электр зарядының сақталу заңы. Кулон заңы. | ||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | Есеп шығару кезінде зарядтың сақталу заңын және Кулон заңын қолдану. | ||||||
Сабақтың мақсаттары | - үйкелістен және индукциялық электрлену түрлерін білу - электр зарядының сақталу заңын білу, түсіну; - Кулон заңын білу және түсіну; - зарядтың сақталу заңын және Кулон заңын қолданып есептер шығару. | ||||||
Жетістік критерийлері | Оқушы оқу мақсаттарына жетеді, егер: - үйкелістен және индукциялық электрлену түрлерін біледі және сипаттайды; - электр зарядының сақталу заңын біледі және түсіндіреді; - Кулон заңын біледі және түсінеді; - зарядтың сақталу заңын және Кулон заңын қолданып есептер шығарады. | ||||||
Тілдік мақсаттар | Арнайы пәндік лексика және терминология: Заряд- charge Оң заряд- positive charge Теріс заряд- negative charge Тебісу- repulsion Тартысу- attraction Зарядтың сақталу заңы- The law of conservation of charge Электроскоп- electroscope Электрометр- electrometer Диалог үшін пайдалы баянды сөйлемдер: Элементар заряд – зарядтыӊ еӊ кіші бөлігі. Электрондарын жоғалтқан атом оӊ ионға айналады. Егер атом өзіне электрондарды қосып алса, ол теріс ионға айналады. Қозғалмайтын екі нүктелік зарядтыӊ өзара әрекет күші зарядтардыӊ көбейтіндісіне тура пропорционал және олардыӊ арақашықтығыныӊ квадратына кері пропорционал болады. | ||||||
Құндылықтарды дарыту | Көптеген әртүрлі көзқарастарды талдау және бағалау қабілеті.Тиімді ынтымақтастық пен пікір алмасудың қажеттілігі мен маңызын түсінуді қалыптастыру.Қоғамның дамуы үшін физиканың маңыздылығын түсіну. | ||||||
Пәнаралық байланыстар | Химия пәнімен тығыз байланысты. Оқушылар молекула, атом туралы мәліметтерді біледі. | ||||||
АКТ қолдану дағдылары | Сынып оқушылары есеп шығару кезiнде калькуляторлардан пайдаланады. Оқушылар қажет болған жағдайда интернет ресурстарынан пайдаланады. | ||||||
Бастапқы білім | Электр заряды. 8-сынып. | ||||||
Сабақтың барысы | |||||||
Сабақтың жоспарланғанкезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы 5 мин | Ұйымдастыру. Оқушылардың алғашқы білімдерін анықтау Сынып оқушыларымен бірге «Электрлік заряд» сөзіне кластер құрастыру. | ||||||
Сабақтың ортасы 15 мин. 10 мин. 5 мин. 10 мин. 10 мин. 20 мин. |
Эбонит таяқша және матаны пайдаланып демонстрация арқылы түсіндіру. 1) Үйкелістен электрлену Бір денені екінші денеге үйкелегенде электрондар бір денеден екінші денеге өтуі мүмкін. Нәтижеде электронын жоғалтқан дене оӊ зарядталады, ал электрондарды қосып алған дене теріс зарядталады. 2) Индукциялық электрлену а) зарядталмаған екі гильзаны өткізгішбен қосамыз б) гильзаларға оӊ зарядталған таяқашы жақындатқан кезімізде тартылудыӊ нәтижесінде 2 гильзадағы электрондар 1 гильзаға өтеді. Нәтижеде 2 гильза оӊ, ал 1 гильза теріс зарядталады. Сыныппен жұмыс: CIE форматындағы тапсырмаларды орындау. 5054/02/M/J/06 и 5054/02/M/J/07
Тұйық жүйедегі барлық бөлшектердіӊ зарядтарының алгебралық қосындысы өзгермейді: . Сыныппен жұмыс. Электр зарядының сақталу заңына есептер шығару
Кулон заӊы: Нүктелік зарядтардыӊ вакуумдағы өзара әрекеттесу күші зарядтардыӊ модульдерініӊ көбейтіндісіне тура пропорционал және олар арасындағы қашықтықтыӊ квадратына кері пропорционал. q1, q2- зарядтар (Кл) ; k = 9∙109 Н∙м2/Кл2 ; R-зарядталған денелердің центрлері арасындағы қашықтық (м); ε- ортаның диэлектрик өтімділігі. Сыныппен жұмыс. Кулон заңына есептер шығару. | Жұмыс парақтары Жұмыс парақтары | |||||
Сабақтың соңы 5 мин. | Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: - нені білдім, нені үйрендім - нені толық түсінбедім - немен жұмысты жалғастыру қажет | ||||||
ЕСЕПТЕР
Электр зарядтың сақталу заңы
1. Электр заряды q1=2нКл су тамшысы, заряды q2 = - 4 нКл су тамшысымен қосылды. Пайда болған тамшысының заряды
-2нКл.
2. Электр заряды q1=2нКл су тамшысы, заряды q2 = - 4 нКл су тамшысымен қосылды. Пайда болған тамшы екі (бірдей) тең тамшыларға бөлінді. Осы тамшылардың заряды
== -1 нКл.
3.Электр заряды +2е су тамшысынан, заряды -3е кішкентай тамшы бөлінді. Тамшының қалған бөлігіндегі электр заряды +5е.
4.Заряды +q сынап тамшысы заряды –q басқа тамшымен қосылды. Пайда болған тамшының заряды 0.
5.Бірдей металлды шарлар, q1= 4q және q2 = -8q әртүрлі зарядтармен зарядталғаннан кейін оларды жақындатып, қайта орнына әкелді. Әрбір шардың заряды
q1 = -2q және q2 = -2q
6. (+2е) оң заряды бар тамшы, жарық әсерінен бір электронын жоғалтты. Тамшы заряды
+3е
7. Бірдей металл шарлар, q1= 4q, q2 = -8q q3 = -2q зарядтармен зарядталған оларды бір-біріне жақындатып, қайта орнына әкелді. Әрбір шардың заряды
q1 = -2q, q2 = -2q, q3 = -2q
8. q1 = 5q және q2 = 7q зарядтармен зарядталған бірдей металл шарлар, бір-біріне жақындатып, қайта орнына әкелді, содан кейін екінші және үшінші шар
q3 = – 2q зарядтарын бір-біріне жақындатып қайта орнына әкелді. Әрбір шардың заряды
q1 = 6q, q2 = 2q, q3 = 2q
9. q1 = -5q және q2 = 7q зарядтармен зарядталған бірдей метал шарларды бір-біріне жақындатып қайта орнына әкелді, ал содан кейін екінші және q3= 5q зарядттарымен зарядталған шарларды бір-біріне жақындатып қайта орнына әкелді. Әрбір шардың заряды
q1 = 1q, q2 = 3q, q3 = 3q
10. Бірдей төрт металл шарлардың q1 = 5q, q2 = 7q, q3 = -3 q, q4 = – 1q зарядтары бар. Алдымен q1 және q2 (1 - ші зарядтар жүйесі) өзара жақындатып қайтадан бастапқы орнына келтірді, содан соң q4 және q3 зарядтарын өзара жақындатты (2 - ші зарядтар жүйесі). Содан соң 1 және 2 зарядтар жүйесінен бір зарядтан алып оларды өзара жақындатып, қайтадан бастапқы орнына келтірді. Осы екі шардың заряды
2q және 2q
11.Бірдей төрт металл шарлардың q1 = -1q, q2 = 5q, q3 = 3q және q4 = -7q зарядтары бар. Алдымен q1және q2 (1- ші зарядтар жүйесі) өзара жақындатып, қайта бастапқы орнына әкелді, ал содан кейін q4 және q3 (2-ші зарядтар жүйесі) зарядтарын өзара жақындатты. Содан соң 1 және 2 зарядтар жүйесінен бір зарядтан алып оларды өзара жақындатып, қайтадан бастапқы орнына келтірді. Осы екі шарлардың заряды
0 және 0
12. Эбонитті таяқшаны үйкегенде 5·1010 электрон пайда болды. Таяқшаның электр зарядын анықта. -8 · 10-9 Кл
Кулон күші
1. 1 мкКл және 10нКл зарядтар өзара 9 мН күшпен ауада әрекеттеседі. Екі зарядтар арасындағы арақашықтығы (k = 9∙109 Н·м2/Кл2) 10 см
2.Сутегі атомындағы электрон мен ядронның ара қашықтығы см.
Электрон мен ядроның өзара әсерлесу күші....(е =Кл; )
Н.
3. Екі нүктелік заряд 1 Н күшпен кулон заңы бойынша әсерлеседі. Егер олардың арақашықтығы екі есе артса, олардың кулондық әсерлесу күші 0,25 Н
4. Екі нүктелік заряд 1Н күшпен әсерлеседі. Егер олардың әрқайсысының зарядттарын 4 есе артырса, кулон күші 16 Н
5. Екі нүктелік зарядтар 25Н күшпен әсерлеседі. Егер олардың арақашықтығын 5 есе азайтса, олардың әсерлесу күші 625 Н
6. Егер + q1 және -q2, заряды бар екі бірдей металды шарларды бір-біріне жақындатып және оларды бастапқы орнына қойса, онда олардың өзара әрекеттесу күші
0-ге тең болады.
7. Екі заряд ауада (εауа = 1) әрекеттеседі. Егер олардың арасындағы арақашықтығын өзгертпей суға (εсу = 81) салса, онда өзара әрекеттесетін кулондық күш
81 есе азаяды.
8. Өзара арақашықтығы 3∙10- екі электрон қандай күшпен тебіледі?
2,56∙10-9 Н
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру