Практикалық жұмыс Электр тогының қуатын және жұмысын есептеу. Физика, 8 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.3С Электр энергиясын тұтыну

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Практикалық жұмыс Электр тогының қуатын және жұмысын есептеу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.4.3.13 -токтың жұмысы мен қуатының формуласын есептер шығаруда қолдану

 Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

Электр тогының қуатын анықтайтын формулаларды білу.

Оқушылардың басым бөлігі:

Шамдарды параллель және тізбектей жалғауда электр тогының қуатын анықтайтын формулаларды қолдана алу. Схема бойынша электр тізбектерін құрастыра алу.

Кейбір оқушылар:

Кедергілері бірдей шамдарды тізбектей және параллель жалғауда электр тогының қуаттары не себепті әртүрлі болатынын аргументтерді келтіре отырып талдай алу.

Бағалау критерийлері

  • Электр тогының қуатын және жұмысын анықтайтын формулаларды біледі;
  • Шамдарды параллель және тізбектей жалғауда электр тогының қуатын анықтайтын формулаларды қолдана алады;
  • Схема бойынша электр тізбектерін құрастыра алады;
  • Кедергілері бірдей шамдарды тізбектей және параллель жалғауда электр тогының қуаттары не себепті әртүрлі болатынын аргументтерді келтіре отырып талдай алады.

 Тілдік мақсаттар

 

Диалогқа/жазуға қажетті сөз тіркестері

Егер өткізгіштер тізбектей жалғанса, онда ........ мәні бірдей болады.

Өткізгіштерді ........ жалғау кезінде олардың ұшына түсірілген ...... ....... мәні тең болады.

Өткізгіштер тізбектей жалғанса, жалпы ...... әр өткізгіш ......... қосындысына тең болады.

Өткізгіштер ....... жалғанса, тізбектің кедергісі ....... (артады, кемиді)

Құндылықтарды дарыту

 

 

Оқушылардың бір-бірімен сабақ бойы ынтымақтастықта болу;

Оқушылар бірін-бірі әділ, әрі ашық бағалау, бағалауларын негіздеу;

Жеке тапсырмаларды оқушылар өздігінен орындау;

Оқушылар өз ойларын еркін айта алу;

Оқушылар бірін-бірі тыңдау, сөздерін бөлмеу.

Оқушылар бір-біріне өзара көмек және қолдау көрсету құндылықтарын сабақтың әр кезеңдерінде дамыту.

Пәнаралық байланыстар

Математика

АКТ қолдану дағдылары

https://phet.colorado.edu/sims/html/circuit-construction-kit-dc-virtual-lab/latest/circuit-construction-kit-dc-virtual-lab_en.html , жалпы Teams платформасын қолданып оқушылардың АКТ дағдыларын дамыту

Бастапқы білім

Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау. Электр тогының жұмыс мен қуаты.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-4 мин

4-5 мин

Ой қозғау. Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру.

Тұтас емес мәтіндерді қолдану арқылы оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру (Тұтас емес мәтін бойынша сұрақтар қою).

Бұл әдіс оқушылардың зерделеу қабілетін, елестету, салыстыру, байқағыштық жалпыдан негізгіні айыра алу, ұқастықты табу қасиеттерін дамытуға бағытталады.

Оқушылармен бірге сабақтың мақсатын және тақырыбын ашу.

Слайд 1

Слайд 2-3

Сабақтың ортасы

5-10 мин

10-20 мин

20-25 мин

25-30 мин

Топтық жұмыс.

Топтық жұмыс жүргізудің мақсаты:

Оқушылардың ынтымақтастық, өз ойын еркін айта білу, бірі-бірі тыңдай алу құндылықтарын дамыту. Сонымен қатар оқушылардың тұтас емес мәтіндерді талдау дағдыларын дамыту. (Дифференциацияның бір элементі жүзеге асады, яғни сынып топқа бөлінеді, әр топ ортақ тапсырманың бөліктерін орындайды.)

Мұғалім

Оқушыларды топқа бөлетін онлайн генераторын қолданып, екі топқа бөледі. Топтық жұмыстың ережелерін оқушылармен бірге құрайды. Әр топ өткізгіштерді жалғау әдісін (параллель және тізбектей жалғау) өз еркілерімен таңдайды (дифференциация – оқушылардың қызығушылықтары ескеріліп, таңдауды өздері жасайды).

Кедергілері бірдей шамдарды әр түрлі тәсілмен жалғап, шамдағы электр тогының қуаттары әр түрлі болу себептерін түсіндіру мақсатында әр топқа ортақ тапсырма береді. Жұмыс парағымен (Қосымша 1) таныстырады. Топтық жұмысқа 10 мин уақыт беріледі. Бұл тапсырманың бағалау критерийлері мен дескрипторларын әр топқа ұсынады.

Бағалау критерийлері:

  • Электр тогының қуатын анықтайтын формулаларды біледі;
  • Электр тогының қуатын анықтайтын формулаларды өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғауда қолдана алады;
  • Сұлбаны (схеманы) қолдана отырып, электр тізбегін құрастыра алады;
  • Кедергілері бірдей шамдарды тізбектей және параллель жалғаған кезде электр тогының қуаттары әр түрлі болу себептерін түсіндіре алады.

Дескрипторлар:

  • Практикалық жұмыстың мақсатын анықтайды;
  • Қолданылатын құрал-жабдықтарды жазады;
  • Сұлбаны қолданып, электр тізбегін құрастырады;

Оқушылар

Әр топ өздерінің каналдарына өтеді.

1-ші топ(Шамдарды тізбектей жалғау тобы): шамдарды тізбектей жалғап, электр тогының қуатын өлшейді, 2-ші топ(Шамдарды параллель жалғау тобы): шамдарды параллель жалғап электр тогының қуатын өлшейді. Қосымша 1 үлестірмелі материалды қолданып, барлық зерттеулерін сол парақшаға толтырады, қорытынды жасайды.

Топтық жұмыс аяқталғаннан кейін жалпы каналға өтеді. Әр топ өздерінің нәтижелерімен бөліседі. Шамдардағы электр тогының қуаттары әр түрлі болу себептерін дәлелді аргументтерді келтіре отырып түсіндіреді.

Өзара бағалау.

Өзара бағалау жүргізудің мақсаты:

Оқушылардың бір-біріне деген сенімділіктері артады;

Оқушылардың өзара ынтымақтаса жұмыс жасауы қалыптасады;

Өз әрекеттеріне жауапкершілікпен қарау қалыптасады.

Оқушылар.

Топ ішінде бірін-бірі бағалауды Онлайн документті толтырады (Қосымша 2). Әр топтан бір-екі оқушы өздерінің бағалауларын таныстырады.

Слайд 4

https://castlots.org/razdelit-na-gruppy/

Қосымша 1

Слайд 5-6

https://phet.colorado.edu

Қосымша 2

Сабақтың соңы

30-40 мин

Сабақты қорытындылау.

Үйге тапсырма беру, жұптық жұмыс онлайн генераторын қолдану, кіші-проект, (зерттеу жұмысы)

Оқушылардан кері байланыс алу.

Forms платформасына өтіп, сабақ бойынша кері байланыстарын жазады.

Сізге ең пайдалысы не болды?

Сізге не ерекше қиын болды?

Нені өзгерткіңіз келеді?

Өзіңіздің қандай күшті жақтарыңызға арқа сүйендіңіз?

https://castlots.org/razdelit-na-gruppy/

Слайд 7

Forms

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақтың мақсаттары оқушылардың деңгейіне байланысты құрастырылған.

С деңгейіндегі оқушыға сабақтардың әр кезеңіде бағыт-бағдар, көмек көрсету. Қабілеті жоғары оқушылар топтық, жеке жұмыстарда түсінбеген, сұрақтары туындаған сыныптастарына көмек, қолдау көрсетіп отырады.

Топтық өзара бағалау

Сабақ арасындағы үзілісте көзге жаттығу жасау, денені шынықтыру.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ мақсаттары, оқу мақсаттарына негізделіп дұрыс қойылған.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу