![]() |
|
![]() |
№ 7 зертханалық жұмыс. «Электр тогының жұмысы мен қуатын анықтау». Физика, 8 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар Тұрақты электр тогы | Мектеп: | ||||||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | № 7 зертханалық жұмыс. «Электр тогының жұмысы мен қуатын анықтау» | ||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.4.2.14 – эксперимент көмегімен электр тогының жұмысы мен қуатын анықтау; 8.4.2.15 – кВт*сағ өлшем бірлігін қолданып, электр энергиясының құнын практика жүзінде анықтау; | ||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар білуі тиіс:
| ||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Пәнге тән лексика мен терминология: Токтың жұмысы, токтың қуаты, Джоуль – Ленц заңы, кернеу, кедергі, ток күші, заряд, уақыт, электресептеуіш, ваттметр,тариф құны, өткізгіштің жылулық әрекеті. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Электр тогының жұмысы .......................... көбейтіндісіне тең. Токтың қуаты........... олардың көбейтіндісін табу керек. ...................... ваттметр деп атайды. ................. құрал электресептеуіш деп аталады. 1 кВт*сағ электр энергиясының құны ............(В) деп аталады. Өткізгіштердің жылуы олардың ............... тәуелді. | ||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту
|
| ||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Өлшеу нәтижелерінің мәндерін инженерлік калькулятордың көмегімен дұрыс есептей білу, теңдеуді шешу, салыстырмалы қателікті есептеу және сандарды жуықтауды дұрыс орындау. | ||||||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Механикалық жұмыс пен қуат ұғымы Кернеу мен ток ұғымы Ом заңы | ||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||||||||||||||
Жоспарланған сабақтың кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 0-3 мин 3-8 мин 8-10 мин | 1.Ұйымдастыру
1.Тұрақты токтың жұмысы неге тәуелді? 2.Токтың қуатын есептеуге арналған формуланы қорытып шығарыңыз. 3.Тәжірибеде қандай қуат бірліктері қолданылады? 4.Джоуль-Ленц заңы қалай жазылады? 2.Ой қозғау. Оқушылар: Үтікті күнделікті 20 мин уақыт қолданады. 30 күндегі токтың атқарған жұмысын есептеңіз және құнын анықтаңыз. Тариф 1кВт*сағ =19.67тг
3. Мақсатты болжау. Оқушылармен бірге сабақ мақсаты анықталады:
| Слайд 1 Слайд 2 Слайд 3,4 | |||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 10-36 мин | 4. Жаңа сабақ. Оқушыларды қауіпсіздік ережесімен таныстырады, зертханалық жұмысты орындауға кіріседі. Жұппен жұмыс. Оқушылар жұппен зертханалық жұмысты орындайды. «Электр тогының жұмысы мен қуатын анықтау» Бағалау критерийлері:
Оқушылар зертханалық жұмысты орындап болғаннан кейін, өздерінің зерттеулеріне қорытынды жасайды. Тапсырманы аяқтаған соң оқушылардың жауаптарына қарай кері байланыс ұйымдастырылады. Шығармашылық жұмыс. Оқушылар қосымша практикалық жұмыс орындайды. 1 жағдай- екі бірдей төмен вольтті шамды тізбектей жалғап, қуатты өлшейді. 2 жағдай -екі бірдей төмен вольтті шамды параллель жалғап, қуатты өлшейді. Қуаттардың әр түрлі болуын түсіндіреді. | Слайд 5 Ток көзі, төменвольтті шам, вольтметр, амперметр, кілт, жалғағыш сымдар, секундомер Қосымша1 Слайд 6 Екі шам, вольтметр, амперметр, ток көзі | |||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 36-40 мин | 5. Рефлексия Мұғалім тапсырманың орындалу деңгейін талқылай отырып, сабақ мақсатына оралады. Келесі сабақты жоспарлау үшін оқушыларға сұрақтар қойылады: - нені білдім, нені үйрендім - нені толық түсінбедім - немен жұмысты жалғастыру қажет. Сұрақтар ауызша немесе жазбаша талқылануы мүмкін. 6. Үйге тапсырма: Тәжірибелік тапсырма. Кестені толтыру. Үйлеріңдегі электр құралдарының кестедегі шамалардың мәндерін анықтау.
| Қосымша2 | |||||||||||||||||||||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||||||||||||||||
Оқушылардың жұмысын сырттай бақылау. Орташа қабілетті оқушыларға жетелеуші сұрақтар қою арқылы бағыт беру. | Оқушылардың материалды меңгергендіктерін сұрақтар қою арқылы тексеру. Зертханалық жұмыстың орындалуын бағалау критерийлері арқылы тексеру. | Зертханалық жұмыс жасау барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау | |||||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қолжеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Үй жұмысы жауабы
Шамалар |
| ||||
Қуат, Вт | 50 | 1000 | 400 | ||
Кернеу, В | 220 | 220 | 220 | ||
Ток күші, А | 0,22 | 4,54 | 1,81 | ||
Құралдағы токтың жұмысы, кВт*сағ | 1,2 | 1 | 0,4 |
Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Қарап көріңіз 👇
Жаңалықтар:
» Оқу-ағарту бірінші вице-министрі: ЖАЗҒЫ КАНИКУЛ 90 КҮНГЕ СОЗЫЛАДЫ 29.05.2023
» Шетелге шығу турларының құны бір жыл ішінде қалай өзгерді ? 19.05.2023
» Соңғы қоңырау 2023 жылы қашан болады ? 15.05.2023