алу
👈 қаріп өлшемі 👉
қосу

№ 7 зертханалық жұмыс. «Электр тогының жұмысы мен қуатын анықтау». Физика, 8 сынып, дидактикалық материал.


Оқу мақсаты:

– эксперимент көмегімен электр тогының жұмысы мен қуатын анықтау;

– кВт*сағ өлшем бірлігін қолданып, электр энергиясының құнын практика жүзінде анықтау

Зертханалық жұмыс «Электр тогының жұмысы мен қуатын анықтау»

Мақсаты- электр құралдарының техникалық паспортын оқып танысып, тұрмыста қолданылатын электр құралдарының қуатын есептеу; осы құралдардағы электр тогының атқарған жұмысын есептеу; шығындалған электр энергиясын және оның құнын есептеу. Материалдар мен құралдар: электр тогын тұтынатын құралдардың техникалық паспорттары, электр тогын тұтынатын құралдар: электр шәйнегі, фен, электр плитасы, электр қыздырғыш, үтік, шырағдан/светильник, электр шамдары, қайнатқыш, (телевизор, компьютер).

Тапсырма

  • Әртүрлі электр тогын тұтынушы құралдар мен олардың техникалық паспортын қолдарыңызға алыңыздар.
  • Паспорты бойынша осы құралдардың қуатын анықтаңдар.
  • Теориялық жолмен осы құралдарда электр тогының атқаратын жұмысын мына уақыт аралықтары үшін есептеңіздер: 110 мин, 20 мин, 1 сағ, т.с.с.
  • Алынған мәндерді кестеге жазыңыздар.
  • Осы уақыттар ішіндегі шығындалған электр энергиясының құнын төмендегі формула бойынша есептеңдер:

Құны =ЖұмысТариф

Электр құралының атауы

Құрадың қуаты

Жұмыс істеу уақыты

Токтың жұмысы

Шығындалған электроэнергиясы

Тариф

Құны

Электр шәйнегі

2000 Вт

2 сағ

4 кВтсағ

14400000 Дж

15тг

60тг

Электр плитасы

 

 

 

 

 

 

Үтік

 

 

 

 

 

 

Фен

 

 

 

 

 

 

Телевизор

 

 

 

 

 

 

Шам (энергия үнемдеуіш/энергосберегающая)

 

 

 

 

 

 

Шам

 

 

 

 

 

 

Қосымша 2.

Электр энергиясын тұтынғандығы үшін есеп

Көше (мкр ) ____________________________Үй _________ Пәтер ________________

Төлемшінің аты, тегі _________________________________________________________________________

Жазылған күні

Есептеуіштің көрсетуі

Электр энергиясының шығыны,

к

Тариф, тг

Төлеуге сомасы

тг.

Үстіміздегі ай / текущий месяц

______________

 

 

 

 

Практикалық жұмыс

1. Оқушылар токтың жұмысының токтың қуатына (ток күшіне немесе кернеуге) тәуелді болатыны туралы болжам (гипотеза) жасайды

2. Оқушылар өлшеулер нәтижесін жазу үшін, өздігінен кесте құрады

3. Оқушылар электр тізбегінің схемасын сызады

4. Оқушылар электр тізбегін құрастырады

1—ток көзі

2 – кілт

3 – амперметр

4- реостат

5 – шам

6 - вольтметр

5. Барлық электр өлшеуіш құралдардың көрсетуін жазу

6. Реостаттың кедергісі өзгерген кезде, шамның жарықтылығы қалай өзгеретінін талдайды және қорытынды жасайды.

7. Шамның өзінде жазылған қуаты мен қуаттың алынған мәні бір бірімен сәйкес келді ме, тексеріңіздер. Егер сәйкес келмесе, себебін түсіндіріңіздер.

8. Электр тогының жұмысын есептеңіздер.

9. Токтың жұмысы неден тәуелді екендігі туралы қорытынды жасаңыздар.

Бағалау критерийлері:

  • электр тізбегін дұрыс құрастырады;
  • барлық электр өлшеуіш құралдардың көрсетуін дұрыс жазады;
  • электр тогының жұмысын дұрыс есептейді;
  • токтың жұмысы неден тәуелді екендігі туралы дұрыс қорытынды жасайды.

Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:

Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Оқу-ағарту бірінші вице-министрі: ЖАЗҒЫ КАНИКУЛ 90 КҮНГЕ СОЗЫЛАДЫ 29.05.2023
» Шетелге шығу турларының құны бір жыл ішінде қалай өзгерді ? 19.05.2023
» Соңғы қоңырау 2023 жылы қашан болады ? 15.05.2023

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы