№ 7 зертханалық жұмыс. «Электр тогының жұмысы мен қуатын анықтау». Физика, 8 сынып, презентация.


№ 7 зертханалық жұмыс.

«Электр тогының жұмысы мен қуатын анықтау»

Оқу мақсаттары:

8.4.2.14 – эксперимент көмегімен электр тогының жұмысы мен қуатын анықтау;

8.4.2.15 – кВт*сағ өлшем бірлігін қолданып, электр энергиясының құнын практика жүзінде анықтау;

« Иә немесе Жоқ»

1) Бірін бірі танымайтын екі ғалым екі басқа мемлекетте бір мезгілде дерлік бір жаңалық ашқан.

2) Олар қай ғалымдар?

3) Бұл физикалық заң Санкт-Петербург қаласы университетінің ректоры мен сыра зауыты иесіің есімдерімен атала ма?

4) 19 ғасырдың соңында Ресейді «жарықтың Отаны» деп атаған

5) Электр шамы көбінесе тізбекті тұйықтаған кезде жанып кетеді, ал тізбекті ажырату кезінде мұндай сирек кездеседі?

6) Біздің үйлеріміз бен пәтерлерімізде электр энергиясының шығыны көбінесе жарық беретін электр шамдарына кетеді?

Сұрақтарға жауап бер

Тізбектің бөлігіндегі кернеуге анықтама беріңіздер

Электр тізбегінің қандай да бір бөлігінде токтың жұмысын қалай

анықтауға болады?

3) Электр тогының жұмысы қай шамаларға, неменеге тәуелді екенін қалай

анықтауға/білуге болады?

4) Ток жүріп жатқанда өткізгіш сымның қызатынын қалай түсіндіруге

болады?

5) Джоуль-Ленц заңы қалай тұжырымдалады / оқылады?

6) Электр тогының қуаты мен жұмысын қалай есептеуге болады?

7) Электр тогының қуаты мен жұмысының өлшем бірліктеріне не жатады?

Техника қауіпсіздік ережесі:

1.   Сақ болыңдар, абайлаңдар, мұғалімнің айтқанын бұлжытпай орындаңдар.

2.   Жұмыс орнын мұғалімнің рұқсатынсыз бос қалдыруға болмайды.

3.   Жұмыс орнындағы приборларды, материалдарды, құралдарды  мұғалімнің нұсқауы бойынша орналастырыңдар.

4.   Жұмыс орнына қажетсіз заттарды қоймаңдар.

5.   Жұмысқа кірісер алдында  мақсаты мен нұсқауларын мұқият   оқыңдар.

6.   Электр тізбегін құрастыру, жалғау, монтаждау және электр приборларды ремонттау токкөзі ажыратылған кезде жасалуы  керек.

7.   Ток көзін мұғалімнің рұқсатынсыз қосуға болмайды.

8.   Ток көзіндегі және тізбек бөлігіндегі кернеудің бар екенін  прибормен тексеріңдер

9.   Сымдардың изоляциясы бүтін болуын қадағалаңдар.

10. Бақылау және өлшеуді орындағанда, ашық сымға жоламаңдар.

11. Жұмыс соңында алдымен ток көзін үзу керек, содан тізбекті жинау керек.

12. Приборлардың бұзылғанын байқағанда ток көзінен ажыратып, мұғалімге хабарлау керек.

Тапсырма

Әр түрлі электр тогын тұтынушы құралдар мен олардың техникалық паспортын қолдарыңызға алыңыздар.

Паспорты бойынша осы құралдардың қуатын анықтаңыздар.

Теориялық жолмен осы құралдарда электр тогының атқаратын жұмысын мына уақыт аралықтары үшін есептеңіздер: 110 мин, 20 мин, 1 сағ т.с.с.

Алынған мәндерді кестеге жазыңыздар.

Осы уақыттар ішіндегі шығындалған электр энергиясының құнын төмендегі формула бойынша есептеңіздер:

Бағалау критерийлері:

электр тізбегін дұрыс құрастырады;

барлық электр өлшеуіш құралдардың көрсетуін дұрыс жазады;

электр тогының жұмысын дұрыс есептейді;

Қосымша тапсырмалар.

1. Әрқайсысының кедергілері 5 Ом – ға тең екі шам бастапқыда тізбектей, одан кейін параллель жалғанған. Екі жағдайда да 9 В жалпы кернеу көзіне қосылған. Бірдей уақыт аралаығында қай жағдайда электр тогы жұмысының мәні көбірек болады және неше есе көп болады?

2. Электр қозғалтқышының тогы 20 минут уақытта қандай жұмыс атқарады, егер тізбектегі ток күшінің мәні 0,5 А, ал, қозғалтқыштың қысқыштарындағы кернеу 12 В-қа тең болса?

Шығармашылық жұмыс.

Оқушылар қосымша практикалық жұмыс орындайды.

1 жағдай- екі бірдей төмен вольтті шамды тізбектей жалғап, қуатты өлшейді.

2 жағдай -екі бірдей төмен вольтті шамды параллель жалғап, қуатты өлшейді.

Қуаттардың әр түрлі болуын түсіндіреді.

.Рефлексия

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет.

Үй тапсырмасы.

1. Өз үйлеріңдегі, пәтерлеріңдегі электр есептеуіштің көрсетуі бойынша

электр энергиясының құнын есептеңіздер.

2.Өз жанұяларыңыздың бір тәулікте, бір аптада немесе бір айда тұтынатын

электр энергиясы шығынының құнын есептеңіздер.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу