Электр тогының жылулық әсері. Джоуль-Ленц заңы. Физика, 8 сынып, қосымшв материал.


Оқу мақсаты: Джоуль Ленц заңын есептер шығаруда қолдану.

Теориялық материал

Электр тогы металл өткізгіштер арқылы өткенде электрондар бірде нейтраль молекулалармен, бірде электрондарынан айрылған молекулалармен соқтығысады. Қозғалыстағы электрон өзінің кинетикалық энергиясын жоғалта отырып, нейтраль молекуладан жаңа электронды бөліп алады да, жаңа оң ион түзеді, немесе электронынан айрылған молекуламен (оң ионмен) қосылып нейтраль молекула кұрады. Электрондар молекулалармен соқтыққанда энергия жұмсалады, cол энергия жылуға айналады. Электр энергиясының ішкі энергияға айналуы Джоуль — Ленц заңымен анықталады

Джоуль-Ленц заңы

Өткізгіш арқылы электр тогы  өткенде, жылу бөлінеді. Мысалы электр сымдары арқылы ток өткенде сымдар қызады, электр моторлар жұмыс істегенде де қызады.

Ұялы телефондарынызбен интернетте отырғанда да жылу бөлінеді, компьютерлерініз бен ноутбуктеріңіз де жұмыс істегенде қызады. Бұл жылу құрылғылардағы электр тогының өткізгіштер арқылы өтуі себебінен пайда болады.

Өткізгіш арқылы тұрақты ток өткенде, қанша жылу бөлінеді? Бұл сұраққа Джоуль-Ленц заңы жауап береді.

Джоуль-Ленц заңы

 

 Өткізгіштен электр тогы өткен кезінде өткізгіш қызады. Өткізгіштен бөлініп шыққан жылу мөлшері ток күшініӊ квадратына, өткізгіштіӊ кедергісіне және токтыӊ өту уақытына тура пропорционал.

Физикалық диктант жауаптары:

1.Ток күшінің анықтамасы айт және оның математикалық формуласын жаз. (I=)

2. Зарядтар орын ауыстырғанда өрістің электрлік күштерінің атқаратын жұмысын анықтайтын формуланы жаз.(A=Uq).

3. Ток күшінің анықтамасынан шығатын зарядтың формуласын жаз.(q=It).

4. Электр тогының жұмысын ток күші, кернеу және жұмыс істеуге кеткен уақыт арқылы өрнекте. (A=IUt).

5. SI жүйесінде жұмыстың өлшем бірлігі қалай анықталады? (1Дж=1А·1В·1с).

6. Тізбек бөлігіне арналған Ом заңын пайдаланып электр тогын анықтауға болатын тағы да екі формула

қорытып шығар. (A=I2·Rt; A= ).

7. Электр тогының қуатын қалай есептеуге болады? (P=UI)

8. SI жүйесінде қуаттың өлшем бірлігі қалай

анықталады? (1Вт= ).

9.Өткізгіштерді тізбектей жалғанғанда қуатты қандай формуламен есептеген қолайлы? (P=I2Rt).

10. Өткізгіштерді параллель жалғанғанда қуатты

қандай формуламен есептеген қолайлы? (P=t ).

Өздік жұмыс жауаптары

24 кДж

А12

2,6106 Дж

12 м



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу