алу
👈 қаріп өлшемі 👉
қосу

Электр тогының жұмысы мен қуаты. Физика, 8 сынып, қосымша материал.


 Сабақтың тақырыбы: Электр тогының жұмысы мен қуаты

 Оқу мақсаты: Жұмыс және қуат формулаларын есептер шығаруда қолдану

 Теориялық материал

 Электр тогыныӊ жұмысы қанша электр энергиясы (электр өрісініӊ энергиясы) басқа түрдегі энергияға айналғандығын көрсетеді. Мысалы, металл өткізгіштіӊ қызуы, шамныӊ жануы т.б. Бұл жағдайларда электр энергиясы басқа түрдегі энергияға (ішкі энергия) айналады.

 

 

А- электр тогыныӊ жұмысы (Дж); I- тізбектегі ток күші (А)

U- тізбек ұштарындағы кернеу (В); t- уақыт (с).

Электр тогыныӊ әрекеттері

1 Дж = 1А · 1В · 1с

Токтыӊ жұмысын өлшеу үшін амперметр, вольтметр және сағат керек. Практикада токтыӊ жұмысын арнайы аспаптармен – санағыштармен (счетчики) өлшейді

 Электр тогыныӊ әсері тек қана жұмыспен емес, оныӊ қуатыменде сипатталады.

 

 

 Электр тогыныӊ қуаты тізбектегі токтыӊ күшімен кернеудіӊ көбейтіндісіне теӊ.

 

 1 Вт = 1 А· 1с

 

 1 Дж = 1 Вт · 1с

 1 кВт·сағат = 1000 Вт · 3600 с = 3 600 000 Дж

 Тізбектей жалғанған шамдардыӊ қуаты:

 

 Шамдар тізбектей жалғанса, онда олардан өтетін токтыӊ күштері бірдей болады. Олардыӊ қуаты формуласымен есептеледі.

 

 

 

 

 Параллель жалғанған шамдардыӊ қуаты:

 Шамдар параллель жалғанса, онда оларға түсетін кернеу бірдей болады. Олардыӊ қуаты формуласымен есептеледі.

 Деңгейлік тапсырма жауаптары:

1. 3,5 А ток күшімен 12 В кернеуге есептелген электр шамының 20 с ішінде жұмсайтын энергия шығынын анықтаңдар. (Жауабы: 840 Дж.)2. Электр қозғалтқышының қуаты 3 кВт. Егер трактор 1000 В кернеуде жұмыс істесе, онда оның электр қозғалтқышының тұтынатын ток күшін анықтаңдар. (Жауабы: 3 А.)3. Егер велосипедтің шамындағы кернеу 4 В және ол 1 с ішінде 0,8 Дж энергия жұмсаса, онда шамдағы ток күшін есептеңдер. (Жауабы: 0,2 А.)II деңгей:4. Электр құралы 45 мин ішінде 5 А токпен 162 кДж жұмыс жасайды. Құралдың кедергісі қандай? (Жауабы: 2,4 Ом.)5. Кернеуі 120 В ток көзіне кезектестіріп, бірдей уақытта кедергісі 20 Ом және 40 Ом болатын өткізгіштер жалғанады. Бұл екі жағдайдың қайсысында электр тогының жұмысы қанша есе көп? (Жауабы: 2 есе.)III деңгей6. Көтергіш кран 6 т жүкті 2 мин ішінде 12 м биіктікке көтереді. Егер жүкті көтерген кезде кранның электр қозғалтқышының ток күші 51 А, кернеуі 380 В болса, онда кранның ПӘК-і қандай? (Жауабы: ~ 31%.)7. Қыздырғышта тұрған 4,5 л суды 23°С температурадан қайнағанға дейін қыздыру үшін 0,5 кВт*сағ электр энергиясы жұмсалады. Қыздырғыштың ПӘК-і неге тең? (Жауабы: 80%.)

 


Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:

Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Оқу-ағарту бірінші вице-министрі: ЖАЗҒЫ КАНИКУЛ 90 КҮНГЕ СОЗЫЛАДЫ 29.05.2023
» Шетелге шығу турларының құны бір жыл ішінде қалай өзгерді ? 19.05.2023
» Соңғы қоңырау 2023 жылы қашан болады ? 15.05.2023

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы