![]() |
|
![]() |
Өткiзгiштiң электр кедергiсi, өткiзгiштiң меншiктi кедергiсi. Есеп шығару. Физика, 8 сынып, презентация.
Сабақтың тақырыбы
Өткiзгiштiң электр кедергiсi, өткiзгiштiң меншiктi кедергiсi. Есеп шығару.
Тест
1. Өткізгіштің материалын сипаттайтын шаманы....................................деп атайды.
А) кернеу
Б) меншікті кедергі
С) ток күші
2. Өткізгіштің кедергісі оның L ұзындығына.......................болады.
А) тура пропорционал
Б) тең
С) кері пропорционал
3. Өткізгіштің меншікті кедергісінің Халықаралық жүйедегі өлшем бірлігі:
А) 1 Ом⋅м
Б) 1 Ом⋅мм
С) 1 Ом/м2
4. Кедергіні реттейтін құрылғы
А) амперметр
Б) реостат
С) резистор
5. Ом заңы бойынша тізбектегі кедергіні арттырса, ток күші
А) кемиді
Б) артады
С) өзгермейді
Сабақтың мақсаттары:
кедергініӊ физикалық мағынасын түсіну және оны есеп шығаруда қолдану;
(кедергі) = (меншікті кедергі* өткізгіш ұзындығы) / (көлденеӊ қимасыныӊ ауданы) формуласы бойынша өткізіштіӊ меншікті кедергісін есептей білу;
Еске түсірейік!
Әр түрлі өткізгіштер токқа әр түрлі кедергі жасайды, өйткені олардыӊ кристалдық торларыныӊ құрылысы әр түрлі.
Тізбек бойымен өтетін токқа өткізгіштіӊ кедергі жасау қасиетін сипаттайтын физикалық шама кедергі деп аталады.
Кедергініӊ өлшем бірлігі - Ом.
Меншікті кедергі
R-өткізгіштіӊ кедергісі (Oм);
ρ- өткізгіштің меншікті кедергісі (Oм∙м);
l- өткізгіштің ұзындығы (м);
S - өткізгіштің көлденең қимасының ауданы (м2).
Өткізгіштіӊ кедергісі оныӊ ұзындығына, көлденеӊ
қимасыныӊ ауданына және өткізгіш материалына
тәуелді.
Өткізгіштіӊ меншікті кедергісі – бұл ұзындығы 1 м,
көлденеӊ қимасыныӊ ауданы 1 м2 болатын белгілі бір
материалдан жасалған өткізгіштіӊ кедергісі.
Меншікті өткізгіштіӊ кедергісініӊ өлшем бірлігі
(Ом*мм2)/м немесе Ом*м
Өткізгіштіӊ кедергісі оныӊ ұзыныдығын тура
пропорционал және көлденеӊ қимасыныӊ ауданына
кері пропорционал.
Суретте және сипатта
Жұптық жұмыс.
1) Ұзындығы 50 м, кедергісі 0,5 Ом болатын мыс өткізгіштің көлденең қимасының ауданы неге тең?
2) Көлденең қимасының ауданы 0,5 мм2 болатын никелин никелин өткізгішінен жасалған реостаттың кедергісі 21 Ом болатын болса, оның ұзындығы неге тең?
3) Ұзындығы 5 км, көлденең қимасының ауданы 0,85 мм2 мыс өткізгішінің кедергісі неге тең?
Топтық жұмыс. Кім жылдам?
Бағалау критерийлері:
кедергініӊ физикалық мағынасын біледі;
кедергініӊ өлшем бірлігін біледі;
өткізгіштіӊ кедергісін анықтайды;
(кедергі) = (меншікті кедергі* өткізгіш ұзындығы) / (көлденеӊ қимасыныӊ ауданы) формуласы бойынша өткізіштіӊ меншікті кедергісін есептейді
Рефлексия
- нені білдім, нені үйрендім
- нені толық түсінбедім
- немен жұмысты жалғастыру қажет.
Үйге тапсырма:
1.Суретте үш түрлі өткізгіштегі ток күшінің кернеуге тәуелді графиктері берілген.
Әр өткізгіштің кедергісін тап.
2. Ұзындығы 2 м, көлденең қимасының ауданы 0,3 мм2
болатын қорғасын өткізгіштегі ток күші 2 А-ге тең болу
үшін оған қандай мөлшердегі кернеу түсіру керек?
3. Ұзындығы 400 м, ұштарындағы кернеуі 5 В, ток күші 0,05 А болатын
мыс өткізгіштің көлденең қимасының ауданы қандай шамаға ие болуы керек?
Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Қарап көріңіз 👇
Жаңалықтар:
» Оқу-ағарту бірінші вице-министрі: ЖАЗҒЫ КАНИКУЛ 90 КҮНГЕ СОЗЫЛАДЫ 29.05.2023
» Шетелге шығу турларының құны бір жыл ішінде қалай өзгерді ? 19.05.2023
» Соңғы қоңырау 2023 жылы қашан болады ? 15.05.2023