![]() |
|
![]() |
Өткiзгiштiң электр кедергiсi, өткiзгiштiң меншiктi кедергiсi. Есеп шығару. Физика, 8 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар Тұрақты электр тогы | Мектеп: | |||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||
Сынып: | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||
Сабақтың тақырыбы | Өткiзгiштiң электр кедергiсi, өткiзгiштiң меншiктi кедергiсi. Есеп шығару. | |||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.4.2.7– кедергінің физикалық мағынасын, оның өлшем бірлігін түсіндіру; 8.4.2.8 – есеп шығаруғанда өткiзгiштiң меншiктi кедергiсiн формуласын қолдану | |||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар білуі тиіс:
| |||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||
Тілдік мақсаттар
| Пәнге тән лексика мен терминология: Ток күші, кернеу, электрлік кедергі, меншікті кедергі. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Тізбек бойымен өтетін токқа өткізгіштіӊ кедергі жасау қасиетін сипаттайтын физикалық шама кедергі деп аталады. Кедергініӊ өлшем бірлігі - Ом. Өткізгіштіӊ ұштарындағы кернеу 1 В болғанда, 1 А ток өтетін өткізгіштіӊ кедергісі 1 Ом деп қабылданған. Өткізгіштіӊ кедергісі оныӊ ұзындығына, көлденеӊ қимасыныӊ ауданына және өткізгіш материалына тәуелді. Өткізгіштіӊ меншікті кедергісі – бұл ұзындығы , көлденеӊ қимасыныӊ ауданы болатын белгілі бір материалдан жасалған өткізгіштіӊ кедергісі. Меншікті өткізгіштіӊ кедергісініӊ өлшем бірлігі (Ом*мм2)/м немесе Ом*м Өткізгіштіӊ кедергісі оныӊ ұзыныдығын тура пропорционал және көлденеӊ қимасыныӊ ауданына кері пропорционал. | |||||||||
Құндылықтарды дарыту | Бұл сабақта оқушылардың белсенділігі артады және сыни ойлау дағдылары мен функционалдық сауаттылықтары дамиды. | |||||||||
Пәнаралық байланыстар | Формулаларды түрлендіру мен физикалық шамалардың мәндерін есептеу барысында математика пәнімен байланыс | |||||||||
Бастапқы білім | Тізбек бөлігі үшін Ом заңын есептер шығаруда қолдануды біледі. | |||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||
Жоспарланған сабақтың кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||
Сабақтың басы 0-2 мин 2-7 мин 7-9 мин | 1.Ұйымдастыру. Оқушыларды түгендеу 2. Өткен материалды меңгергендерін тексеру мақсатында қайталау жүргізу Тест 1. Өткізгіштің материалын сипаттайтын шаманы....................................деп атайды. А) кернеу Б) меншікті кедергі С) ток күші 2. Өткізгіштің кедергісі оның L ұзындығына.......................болады. А) тура пропорционал Б) тең С) кері пропорционал 3. Өткізгіштің меншікті кедергісінің Халықаралық жүйедегі өлшем бірлігі: А) 1 Ом⋅м Б) 1 Ом⋅мм С) 1 Ом/м2 4. Кедергіні реттейтін құрылғы А) амперметр Б) реостат С) резистор 5. Ом заңы бойынша тізбектегі кедергіні арттырса, ток күші А) кемиді Б) артады С) өзгермейді 3. Сабақтың мақсаттары.
| Таратпа материал | ||||||||
Сабақтың ортасы 9-13 мин 13-20 мин 20-32 мин 32-36 мин | 4. Кедергі, меншікті кедергі ұғымдарын еске түсіру. Біз білеміз металдарда ток тасымалдайтын бөлшектер еркін электрондар болып табылады. Еркін электрондар қозғалыс кезінде металдыӊ кристалдық торындағы оӊ иондармен соқтығысады. Бұл кезде электрондардыӊ реттелген қозғалысыныӊ жылдамдығы азаяды, демек уақыт бірлігінде электрондармен тасымалданатын заряд азаяды, яғни ток күші азаяды. 5 . «Суретте және сипатта» әдісі. Бұл тапсырманы орындау үшін екі оқушы тақтаға шығып жұмыс жасайды. Бір оқушы бұл графикті екінші оқушыға сипаттап айтады. Екінші оқушы графикті көрмеуі керек. Ол тыңдай отырып осы графикті тақтаға тұрғызады. Артынан графикті сипаттап отырған оқушы қатесін тексереді. Бұл әдісте екі оқушының да бұл тақырыпқа қатысты білімдерінің қаншалықты қалыптасқанын айқындауға болады. Кедергінің өткізгіштің көлденең қимасының ауданына тәуелді графигі. Қалған оқушылар артынан түсінгеннен кейін дәптерлеріне сызады.
Бағалау критерийлері:
| Слайд Тарапта материал Тарапта материал | ||||||||
Сабақтың соңы 36-40 мин | 8. Рефлексия Мұғалім тапсырманың орындалу деңгейін талқылай отырып, сабақ мақсатына оралады. Келесі сабақты жоспарлау үшін оқушыларға сұрақтар қойылады: - нені білдім, нені үйрендім - нені толық түсінбедім - немен жұмысты жалғастыру қажет. Сұрақтар ауызша немесе жазбаша талқылануы мүмкін. 9. Үйге тапсырма:
| Тарапта материал | ||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Топ ішіндегі оқушы жұмысын бақылау. Өздік, жұптық, топтық жұмыс нәтижелерін қолдану. | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы Топтық және жұптық жұмыс барысында ереже сақтау. Ынтымақтастық атмосферасын жүзеге асыру мақсатында жұмыс жасау. | ||||||||
Оқушылардың жұмысын сырттай бақылау. Орташа қабілетті оқушыларға жетелеуші сұрақтар қою арқылы бағыт беру. | Оқушылардың материалды меңгергендіктерін сұрақтар қою арқылы тексеру. |
| ||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қолжеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Үй жұмысы жауабы
1 | А) 50 Ом, Б) 75 Ом, С) 150 Ом |
2 | 2,8 В |
3 | 0,068 мм2 |
Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Қарап көріңіз 👇
Жаңалықтар:
» Оқу-ағарту бірінші вице-министрі: ЖАЗҒЫ КАНИКУЛ 90 КҮНГЕ СОЗЫЛАДЫ 29.05.2023
» Шетелге шығу турларының құны бір жыл ішінде қалай өзгерді ? 19.05.2023
» Соңғы қоңырау 2023 жылы қашан болады ? 15.05.2023