Өткiзгiштiң электр кедергiсi, өткiзгiштiң меншiктi кедергiсi, реостат. Физика, 8 сынып, дидактикалық материал.
Өткiзгiштiң электр кедергiсi, өткiзгiштiң меншiктi кедергiсi, реостат
Оқу мақсаттары:
- кедергінің физикалық мағынасын, оның өлшем бірлігін түсіндіру;
- есеп шығаруда өткiзгiштiң меншiктi кедергiсiн формуласын қолдану
Сабақты бекіту үшін тапсырмалар:
- Ұзындығы 8 м никелин сымының көлденең қимасының ауданы 0,08 мм2. Егер сымның ұштарындағы кернеу 120 В болса, сым арқылы қандай ток күші өтер еді? .
- Көлденең қимасының ауданы 1 мм2 никелин сымы арқылы 2,25 А ток өтеді және өткізгіштің ұштарындағы кернеу 45 В, сымның ұзындығы неге тең? .
- Ұзындығы 150 м, көлденең қимасының ауданы 0,025 мм2 темір сым арқылы 250 мА ток өтетін болса, сымының ұштарындағы кернеу неге тең болады? .
Қосымша тапсырмалар:
1. Ұзындығы 100 м, көлденең қимасының ауданы 2 мм2 болатын мыс сым берілген.
a) сымның кедергісі қандай? ()
[2]
b) кедергісі және ұзындығы дәл сондай константан сымының көлденең қимасының ауданын анықтаңыз. ()
[2]
c) екі сымның көлденең қимасының аудандарын салыстырыңыз.
[1]
2. Көлденең қимасының ауданы 1 мм2 никелин сымы арқылы 10 минутта 60 мА ток өтеді.
- 10 минут ішінде өткізгіш сым арқылы өтетін зарядтың шамасын анықтаңдар.
[2]
- Өткізгіштің ұштарындағы кернеу 45 В болса, никелин сымының кедергісін анықтаңдар.
[1]
- Никелин сымның ұзындығы неге тең?
[2]
- Тогы бар өткізгіштің ұштарындағы потенциалдар айырымы ЭҚК-тің шамасынан не себепті аз болатынын түсіндір
[1]
3. Оқушы сұлба бойынша шам кедергісін өлшейді.
а) Оқушы сырғымалы S контактіні Х нүктесіне жылжытқанда амперметр көрсетуі қалай өзгереді. Жауабыңды түсіндір. _________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
[1]
b) Оқушы сырғымалы S контактіні Z нүктесіне жылжытып, төмендегідей өлшеулер алды
і) Вольтметр мен амперметрдің аспаптық қателіктерін анықтаңдар_____________________________________________________________________________________________________________________________________________[2]
іі) шамның кедергісін есептеңдер
[1]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру