Жылу қозғалтқыштары. Физика, 8 сынып, дидактикалық материал.


Сабақ тақырыбы: Жылу қозғалтқыштары

Оқу мақсаттары:

8.3.2.22 – жылу қозғалтқыштарындағы энергияның түрленуін сипаттау;

8.3.2.20 – іштен жану қозғалтқышының, бу турбинасының жұмыс істеу принципін сипаттау

Термодинамика негіздері тақырыбы бойынша физикалық диктант.

1.Абсолют ..................молекулалардың.....................қозғалысының орташа кинетикалық энергиясына ..............пропорционал болады.

2. Дененің ішкі энергиясы деп денені құрайтын бөлшектердің .................. қозғалысының энергиясы мен олардың .............. әрекеттесу энергиясын айтады.

3. Дененің барлық молекулаларының .................. қозғалысының кинетикалық энергиясы мен өзара әрекеттесуінің ...................... энергиясының қосындысын дененің ................ энергиясы деп атайды.

4. Жүйенің ........... энергиясын өзгертудің ............. тәсілі бар: қоршаған денелермен .................алмасу және механикалық ................ істеу (үйкеліс,соққы, сығу).

5. Денемен жұмыс істелмей немесе дененің өзі жұмыс істемей тұрғандағы ішкі энергияның өзгеруі процесі ....................... берілу деп аталады.

6. Идеал газ деп молекулалардың өзара әсерлесуi ...................... аз шама болғанда айтады.

7. Параметрлерiнiң бiрiнiң шамасы өзгерiссiз өтетiн процестердi ......................... деп атайды. Газдың үшiншi параметрi тұрақты болған кездегi екi параметрi арасындағы мөлшерлiк байланысты (тәуелдiлiктi) .............. заңдары деп атайды.

8. Жүйеге берілген жылу оның .............. энергиясының өзгеруіне және жүйенің ............... денелермен істейтін A жұмысына жұмсалады.

9. Кез келген машина сырттан алған ........... есебінен немесе ішкі энергиясының кемуі есебінен ............. денелерге қарсы жұмыс істей алады.

Бірінші ретті ............. қозғалтқышты жасаудың мүмкін еместігі термодинамиканың I заңының дұрыстығын дәлелдейді: A=Q-ΔU.

10.Изобаралық ұлғаю кезінде (р = const) газдың ............. жүйеге қарсы атқарған жұмысы газ қысымын, оның .............. өзгерісіне көбейткенге тең.

11.Табиғаттағы барлық процестер дерлік ............ алмасумен, үйкеліспен, диффузиямен катар жүреді және сондықтан олар – .................... .

Қайтымсыз процестер ............... бағытта өз бетінше өтеді, ал оны кері бағытта жүзеге асыру үшін .............. денелерде оның орнын толтыратын процесс қажет.

Жылу құбылыстарының қайтымсыздығы, макроскопиялық жүйелердегі энергетикалық айналулардың бір бағыттылығы туралы ереже – термодинамиканың ................ заңын (бастамасын) береді

12. Сонымен, термодинамиканың бірінші заңы жоқтан алынатын энергияның көмегімен жұмыс істейтін машинаның бар болуын жоққа шығарады. (Бірінші ретті «...........» қозғалтқыш жасау мүмкін емес!). Ол процестің жүретінін, материяның жойылмайтындығын білдіреді.

13.Термодинамиканың екінші заңы – бір дененің салқындауының есебінен ғана жұмыс істейтін машинаны жасау мүмкіндігіне .......... салады. (Екінші ретті «мәңгі» қозғалтқыш жасау мүмкін емес!) Ол процестің бағытын білдіреді.

14. Ішкі энергияның механикалық энергияға айналуы адамдардың практикалық кызметінде және техниканың дамуы үшін маңызы зор. Бұл айналулар жылу қозғалтқыштары деп аталатын жылу .................... көмегімен жүзеге асырылады.

15.Жылу машиналарының теориясында термодинамиканың .............. бастамасы негізгі рөл атқарады.

16. Жылу машиналары (немесе жылу қозғалтқыштары) деп жүйенің ішкі энергиясының бір бөлігін ........................... энергияға айналдыратын және соның есебінен жұмыс істейтін құрылғыларды айтады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу