Зертханалық жұмыс «Мұздың меншiктi балқу жылуын анықтау». Физика, 8 сынып, қосымша материал.


Теориялық материал

 Балқу - кезінде кристалл тор түйіндеріндегі бөлшектердің тербелістерінің амплитудасы артып, тордың бүлінуі басталады. Балқу процессінде энергия жұтылады сондықтан дененің ішкі энергиясы артады (молекулалардың өзара әсерінің потенциалдық энергиясы артады).

Балқу[1] — қатты кристалдық заттың сұйық күйге ауысуы (І текті фазалық ауысу). Таза заттар балқуының басты сипаттамалары — балқу температурасы және балқу жылуы. Белгілі бір сыртқы қысымда қатты кристалдық заттың сұйық күйге ауысу температурасы балқу температурасы деп, ал тұрақты қысымда қатты кристалдық затты толықтай сұйық күйге ауыстыруға қажет жылу мөлшері балқу жылуы деп аталады. Балқу температурасы сыртқы қысымға тәуелді.

Қалыпты атмосфералық қысымдағы (1013, 25 гПа немесе 760 мм сын. бағ.) Балқу температурасын балқу нүктесі деп атайды. Қыздыру кезінде қатты кристалдық заттың температурасы, әуелі балқу температурасына дейін көтеріледі, сосын балқу басталып, зат толық балқып біткенге дейін температура өзгеріссіз қалады, одан әрі температура тағы да жоғарылайды. Заттың салқындауы кезінде процесс керісінше өтеді (заттың температурасы балқу температурасына дейін төмендейді, зат толық қатайып болғанша бұл температура өзгеріссіз қалады, одан әрі қатты күйдегі заттың температурасы қайтадан төмендей бастайды).

https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%91%D0%B0%D0%BB%D2%9B%D1%83

Кристалдану - заттың сұйық күйден қатты күйге ауысу процессі.

 Заттың балқу және қатаюы бірдей температурада өтеді. Кристалдану процессінде энергия бөлінеді.

Меншікті балқу жылуы - кристалл затты балқу температурасында сұйыққа айналдыру үшін жұмсалатын жылу мөлшерін, осы заттың меншікті балқу жылуы деп атайды және оны λ деп белгілейді.

Топтық жұмыстың бағалау критерийлері:

1.Денені балқу температурасында балқыту үшін қажетті жылу мөлшерін есептей біледі;

2. Белгісіз шаманың формуласын жалпы түрде қорытып шығара алады;

3. Темпертураның уақытқа тәуелді өзгеруін түсінеді.

Үй жұмысы жауаптары: 1) 12,6105 Дж 2) 13,36103 Дж



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу