алу
👈 қаріп өлшемі 👉
қосу

Зертханалық жұмыс «Мұздың меншiктi балқу жылуын анықтау». Физика, 8 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Заттың агрегаттық күйлері

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Зертханалық жұмыс

«Мұздың меншiктi балқу жылуын анықтау»

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.3.2.12 – эксперимент көмегімен мұздың меншікті балқу жылуын анықтау;

8.1.3.3 – физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау

Сабақ мақсаттары

Оқушылар білуі тиіс:

- меншікті балқу жылуы терминінің физикалық мағынасын түсіну;

- мұздың меншікті балқуын анықтау және кестелік мәнімен салыстыру.

- меншікті балқу жылуын анықтаған жұмысқа қорытынды жасау.

Бағалау критерийлері

1. Меншікті балқу жылуы терминінің физикалық мағынасын түсінеді;

2. Мұздың меншікті балқуын анықтау және кестелік мәнімен салыстырады.

3. Меншікті балқу жылуын анықтаған жұмысқа қорытынды жасайды.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар біледі:

Молекула – кинетикалық теория негізінде жылу берілудің түрлерін ауызша және жазбаша түсіндіруді .

Пәнге тән лексика мен терминология:

Заттың агрегаттық күйлері, , балқу, қатаю, ішкі энергия, кристалдық тор.меншікті балқу жылуы.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Меншікті балқу жылуы деп ..........

Балқу дегеніміз ......

Қатаю дегеніміз .........

 Құндылықтарды дарыту

Бұл сабақ ұйымшылдық, ынтымақтастық, жауапкершілік және сыйластық құндылықтарын дарытуға бағытталған.

 Пәнаралық байланыстар

Белгісіз шаманың формуласын қорытып шығару және мәнін есептеп шығару кезінде математика пәнімен байланыс.

Бастапқы білім

 

Оқушылар балқу және қатаю процессін біледі. Меншікті балқу жылуының физикалық мағынасын түсінеді.

Сабақ барысы

Сабақтың

жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5 мин

. «Сағат» әдісі арқылы оқушылармен өткен тақырыпқа байланысты қайталау жүргізу. Ол үшін оқушылар шеңбер бойымен тұрады. Сағат тілінің бағыты бойынша оқушылар бір-біріне сұрақтар қойып, жауап береді.

Мысалы:

1.Меншікті балқу жылуы дегеніміз не?

2.Меншікті балқу жылуын қалай есептейді және өлшем бірлігі қандай?

3. Суретте температураның уақыттан тәуелді графигі көрсетілген.

a) АВ бөлік қай процесті сипаттайды?

b) ВС бөлік қай процесті сипаттайды?

c) Қандай температурада дене балқи бастады?

d) Дененің балқуына қанша уақыт қажет болды?

Мұғалім сырттай бақылайды, әрбір оқушының жауабына кері байланыс жасайды.

2. Мақсатты болжау. Оқушылармен бірге сабақ мақсаты анықталады:

  • меншікті балқу жылуы терминінің физикалық мағынасын түсіну;
  • мұздың меншікті балқуын анықтау және кестелік мәнімен салыстыру.
  • меншікті балқу жылуын анықтаған жұмысқа қорытынды жасау.

= қауіпсіздікті сақтау бойынша кеңес

Физика сабағында ыстық сулармен және шыны ыдыстармен жұмыс жасау кезінде міндетті түрде орындалуға қажетті «Техника қауіпсіздігінің ережелерін» еске түсіру.

Презентация

Сабақтың ортасы

5-35 мин

3. Зертханалық жұмыс

«Мұздың меншiктi балқу жылуын анықтау»

Қажетті құрал-жабдықтар: калориметр, термометр, шыны өлшеуіш цилиндр ыдыс 200мл, мензурка, қысқыш.

Қосымша: температурасы 350С су, құрғақ мұз кесегі ( мұз кесегін құрғақ мата арқылы құрғатып алу керек).

Өлшеулер:

1.КалориметргеV1 = 150мл жылы суды құйыңыз.

2. Суды араластырыңыз.

3.Калориметрдегі су t1температурасын өлшеңіз.

t1=_________________

4.Құрғақ мұз кесегінің температурасын өлшеңіз.

t2 =_________________

5.Құрғақ мұз кесегін калориметрге салыңыз.

6.Калориметр қақпағын жауып, мұз ерігенге дейін өзек араластырғышпен араластырыңыз. tқоспа температурасын өлшеңіз.

tқоспа = ________________

7.Мұз ерігеннен кейінгі калориметрдегі су V2көлемін өлшеуіш цилиндр арқылы өлшеңіз.

V2= __________________

Кесте

V1/мл

t1/ 0С

tқоспа / 0С

V2 /мл

t2 / 0С

Есептеулер:

1.Мұздың еруі нәтижесінде су көлемінің қаншалықты өзгеруін біле отырып, мұздың бастапқы массасын табыңыз. (судың тығыздығы 1 г/мл)

△V =V2 – V1

mмұз = m2 = ρ△V

m2= _________________

2.Мұздың балқу жылуын мына формула арқылы есептеңіз:

λ =

λ = ________________

3. Мұздың балқу жылуының есептеу нәтижесіндегі мәнін кестелік мәнімен салыстырыңыз.

____________________________________________________________________________________________________________________________

4.Қорытынды

______________________________________________________________Бағалау критерийлері:

1.Құралдардың көрсткішін дұрыс жазады.

2.Өлшеу нәтижесін кестеге толтырады.

3. Белгісіз шаманың мәнін дұрыс анықтайды.

4. Мұздың меншікті балқу жылуының есептеу нәтижесіндегі мәнін кестелік мәнімен салыстырады.

5. Қорытынды жасайды.

ТМ -1

Калориметр, термометр,шыны өлшеуіш цилиндр ыдыс 200мл, мензурка, қысқыш, құрғақ мұз.

Сабақтың соңы

35-40 мин

4. Рефлексия

Мұғалім тапсырманың орындалу деңгейін талқылай отырып, сабақ мақсатына оралады. Келесі сабақты жоспарлау үшін оқушыларға сұрақтар қойылады:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет.

Сұрақтар ауызша немесе жазбаша талқылануы мүмкін.

5. Үйге тапсырма:

Балқу және қатаю тақырыбын қайталау

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

- «Сағат» әдісін пайдаланып сұрақ-жауап арқылы бағалау;

- зертханалық жұмыс барысында олардың қолдану дағдыларын бағалау;

Зертханалық жұмыс барысында техника қауіпсіздік ережесін сақтау. Ыстық сумен және термометрмен жұмыс жасау барысында өте мұқият болу.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?


Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:

Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Оқу-ағарту бірінші вице-министрі: ЖАЗҒЫ КАНИКУЛ 90 КҮНГЕ СОЗЫЛАДЫ 29.05.2023
» Шетелге шығу турларының құны бір жыл ішінде қалай өзгерді ? 19.05.2023
» Соңғы қоңырау 2023 жылы қашан болады ? 15.05.2023

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы