Күн жүйесі. Күнтізбе (тәулік, ай, жыл). Жыл мезгілдері. Физика, 7 сынып, дидактикалық материал.


Бағыттауыш карта

Сабақ тақырыбын ұсыну:

Күн жүйесі. Күнтізбе (тәулік, ай, жыл). Жыл мезгілдері

Тапсырма

  • Суретте нелер бейнеленген?
  • Қай бейне артық? Неге ?
  • Суреттегі ғаламшарларды екі топқа бөліңдер? (Жер тобындағы және алып планеталар)

Видео: Күн жүйесі:https://www.youtube.com/watch?v=pg9gelaIJmM

Ғаламшарлар: https://www.youtube.com/watch?v=ngmVoeP95xc

Күн жүйесіндегі ғаламшарлар: https://www.youtube.com/watch?v=vNkv4yfgGtg

Жыл мезгілдері: https://www.youtube.com/watch?v=9zW6c_hfZ4c

Тапсырмалар

Күн жүйесі құрылымы (ретімен ғаламшарлар, Күн мен Жер арақашықтығы)

Жыл мезгілдерінің ауысуы (неге байланысты, оңтүстік және солтүстік жартышарлардағы жыл мезгілдері)

«Жыл», «ай», «апта», «тәулік» атаулары Жер мен Айдың қозғалысына қатысы

Күн мен түннің теңелу күні, ең ұзақ күн, ең ұзақ түн түсіндіріңдер

Мәтін

Жердің орбитасы, яғни оның Күнді айналып жүретін жылдық жолының түрі эллипс түрінде болады. Жер эллипстің доғасын бойлап, орбита бойынша Күнді айналумен бірге өз осінен де айналып тұрады. Ол өз осінен бір рет айналып шыққанда бір тәулік уақыт өтеді. Жердің «күнгейі» немесе «теріскейі» жоқ, осьтен айналу салдарынан оның бетіндегі нүктелер, мысалы, қалалар тиісті ретімен Күн жаққа ауысып отырады. Жердің жарық түскен жарты бетінде күндіз, көлеңкеде қалған жарты бетінде түн болады. Жердің осі – ойша болжанатын геометриялық түзу сызық. Бұл ось Жердің полюстерінен өтіп, оның Күнді айналу орбитасы жазықтығында жуық түрде 66°33` бұрыш жасайды. Осьтің бағыты өзгермейді деуге болады (мардымсыз аз өзгерісі есепке алынбайды). Егер Жердің осі оның Күнді айналу орбитасы жазықтығына перпендикуляр болса, Күн сәулелері Жер бетінің әрбір нүктесіне бүкіл жыл бойы біркелкі түсіп, оны үнемі біркелкі жылытып отырар еді, яғни Жыл мезгілдері ауыспас еді. Күн мен түн де ұзарып-қысқарып отырмай, өзара тең 12 сағаттан болар еді. Жер әрі Күнді, әрі өз осінен айналып жүретіндіктен және осінің бағыты өзгермейтіндіктен, орбитаның АВС доғасында оның оңтүстік полюсі (S) көлеңкеде қалады да, солтүстік полюсіне (N) жарық түсіп тұрады, ал CDA доғасында – солтүстік полюсі көлеңкеде қалады да, оңтүстік полюсіне жарық түсіп тұрады. Сондықтан полюстерде жарты жыл түн – қараңғылық болады да, жарты жыл күндіз – жарық болады. Солтүстік полюстің түні қыркүйектен наурызға дейін созылады. Жер экваторындағы нүктелер ұзақ уақыт көлеңкеде қала алмайды, олар ретімен жарты тәулік Күн жаққа шығып, жарты тәулік көлеңке жақта болады. Экватор мен полюстер аралығындағы жарты шарларда күн мен түн бірде қысқарып, бірде ұзарып отырады. Бұл жарты шарларда күн мен түн жылына екі-ақ рет теңеледі. 21 наурыз – күн мен түннің Солтүстік жарты шарда жазғытұры (Оңтүстік жарты шарда – күзгі) теңелу күні. 23 қыркүйек – күн мен түннің Солтүстік жарты шарда күзгі (Оңтүстік жарты шарда – жазғытұры) теңелу күні. B және D нүктелерінде күн тоқырайды. Солтүстік жарты шар үшін 22 маусым – жазғы тоқырау күні, 22 желтоқсан – қысқы тоқырау күні.

(W) Оқушылар қолдарына волейбол доптарын ұстап, жанып тұрған электр шамын айнала қозғалып, жыл мезгілдерін моделдейді, ал соңынан шамның маңайында әртүрлі жағдайда тұрып, Жер көлбеулігінің күннің ұзақтығына әсерін көрсетеді. Допқа «Оңтүстік полюс» және «Солтүстік полюс» деген жазуы бар қағаздарды жапсырып қойыңыз.

(I) Оқушылар әр түрлі елдерде әр түрлі жыл мезгілдерінде күннің ұзақтығын салыстырады. Олар одан кейін экватордан алыс орналасқан елдердегі күннің ұзақтығының жыл ішінде жиі өзгеретіндігін, полярлық түн, «ақ түн» ұғымдарын, көктемде және күзде күн мен түннің теңелуін түсіндіру үшін, Жердің көлбеулігін пайдаланады.

(W) Жыл мезгілдерінің ауысуы туралы бейне материалды көрсету.

(С) Бейнематериалды жұпта талқылау.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу