![]() |
|
![]() |
Заттың тығыздығы. Есептер шығару. Физика, 7 сынып, дидактикалық материал.
Кейбір заттардың тығыздықтар кестесі
Қатты зат |
| ||
Платина | 21500 | 21,5 | |
Алтын | 19300 | 19,3 | |
Қорғасын | 11400 | 11,4 | |
Күміс | 10500 | 10,5 | |
Мыс | 8900 | 8,9 | |
Никель | 8800 | 8,8 | |
Жез | 8500 | 8,5 | |
Болат, темір | 7800 | 7,8 | |
Қалайы | 7300 | 7,3 | |
Мырыш (цинк) | 7100 | 7,1 | |
Мұз | 900 | 0,9 | |
Емен ағашы | 1020 | 1,02 | |
Қайың ағашы | 880 | 0,88 | |
Қарағай ағашы | 400 | 0,4 | |
тығын | 240 | 0,24 |
Сұйық зат |
| ||
Сынап | 13600 | 13,6 | |
Глицерин | 1260 | 1,26 | |
Сүт | 1036 | 1,36 | |
Су (теңіз) | 1030 | 1,3 | |
Су | 1000 | 1,0 | |
Май (күнбағыс) | 930 | 0,93 | |
Май (машина) | 900 | 0,9 | |
Мұнай | 820 | 0,82 | |
Керосин, спирт | 800 | 0,8 | |
Бензин | 710 | 0,71 | |
Эфир | 710 | 0,71 |
Газдар |
| |
Хлор | 3,22 | |
Озон | 2,14 | |
Пропан | 2,02 | |
Көмірқышқыл газы | 1,98 | |
Оттегі | 1,43 | |
Ауа | 1,29 | |
Азот | 1,25 | |
Гелий | 0,18 | |
Сутегі | 0,09 | |
Су буы (00С) | 0,0048 | |
Су буы (200С) | 0,017 | |
Су буы (1000С) | 0,57 |
Оқушының аты-жөні: ________________________________Сыныбы: __________
Қалыптастырушы бағалау
Сабақ реті | 2 тоқсан. 3-4 сабақ |
Сабақ тақырыбы: | Заттың тығыздығы |
Оқу мақсаты: | 7.2.2.4 – тығыздықтың анықтамасын білу және тығыздық = масса / көлем формуласы бойынша есеп жүргізу; 7.1.1.3 – туынды өлшем бірліктер мен негізгі ХБЖ бірліктерді ажырату 7.2.2.7 – сұйықтың және дұрыс және дұрыс емес пішіндегі қатты дененің тығыздығын анықтау әдісін сипаттау; |
Бағалау критерийлері: |
|
Тапсырмаларды дәптерге орындаңыз:
Тапсырма 1. Тығыздық өлшемдерін ХБЖ келтіріңіз:
- 2,8 г/см3 =
- 0,9 г/см3 =
- 0,3 кг/дм3 =
- 0,045 г/мм3 =
- 8 г/см3 =
- 6,2 г/см3 =
- 0,001 кг/дм3 =
- 1,7 мг/мм3
Дескрипторы:
- Өлшемдерді ХБЖ дұрыс келтіреді
Сұрақтар мен тапсырмалар
- Массасы 3 кг, ал көлемі 200 см3 металдың тығыздығы қандай?
- Ұзындығы 250 мм, ені 120 мм және биіктігі 65 мм болатын біртекті сазбалшықтан жасалған кірпіштің массасы 3,6 кг. Кірпіштің тығыздығы қандай?
- Массасы 312 г болаттан жасалған білеушенің (брусок) көлемін анықтаңыз
- Құрылыс алаңында қолданып жатқан, өлшемдері болатын қайың ағашынан жасалған тақтайдың массасы қандай?
- Жауабыңызды негіздеңіз: суретте әртүрлі денелердің әртүрлі сұйықта орналасуы көрсетілген
Дескрипторлары:
- Есептің қысқаша берілгенін жазады;
- Физикалық шамаларды ХБЖ келтіреді;
- Жылдамдық, орташа жылдамдық, үдеу формулаларын қолданады;
- Математикалық есептеулер жүргізеді;
- Жауабын көрсетеді
№6. Төмендегі суретте әртүрлі сұйықтығы бар үш өлшеуіш цилиндр көрсетілген.
- Әр сұйықтың тығыздығын есептеу үшін зерттеу ойлап табыңыз.
- Егер осы сұйықтарды араластыратын болсақ, алынған қоспаның тығыздығын қалай есептейсіз?
Қосымша есептер:
- Сыйымдылығы 0,2 бөшкеге 180 кг көлік майы сияды. Майдың тығыздығы қандай?
- Автокөліктің бензобак сыйымдылығы 30л. Бензобакқа сиятын бензин массасын анықтаңдар.
- Спиртпен толтырылған колба массасы 500г. Дәл сол колбаның спиртсіз массасы 100г. Колба сыйымдылыған анықтаңдар.
- 1,8 көлемді алюминий кесектің массасы қандай болады?
- 35л сыйымдылықты ыдысқа 36,05 кг сүт сиятын болса, сүттің тығыздығы қандай болады?
- Мыстан жасалған шар массасы 6кг, ал көлемі 2 . Шар тұтас па, әлде қуыс па?
- Бос мензуркаға массасы 240 г 75 сұйықтық құйды. Сұйықтықпен бірге мензурканың массасы 375 г. Мензуркаға қандай сұйықтық құйылғанын анықтаңдар.
- Массасы 474,5 г метал кесектің көлемі 65 . Бұл қандай метал?
- Көлемі 8 шыны пластинканың массасы қандай?
- Шойын шардың массасы 1,6 кг, көлемі 250 с. Шар бүтін бе, әлде қуыспен бе?
- Массасы 200 г бос мензуркаға керосин құйды. Керосинмен мензурканың массасы 260 г болды. Құйылған керосин көлемін анықтаңдар.
Дескрипторлар:
- Есептің берілгенін жазады.
- ХБЖ айналдырады.
- Анықтама бойынша тығыздықтың формуласын жазады.
- Қажетті шамаларды қорытады;
- Математикалық есептеулерді дұрыс жүргізеді.
- Тас сұйықтыққа батырылған. Оның массасы 100 г. А денесінің тығыздығын есептеңіз. Есептеулерді толық жазыңыз.
Дескрипторлар:
- мензуркадағы сұйықтық көлемін анықтайды
- дене батырылғаннан кейінгі ығыстырылған сұйықтық көлемін анықтайды
- тығыздықты анықтау формуласын қолданады
- тастың тығыздығын есептейді
- Металл дененің өлшемдері суретте көрсетілген. Оның массасы 1000 г. Металдың тығыздығы қандай? Жауабыңызды кг/м3 өрнектеңіз.
Дескрипторлар:
- көлемді анықтайды;
- тығыздықты анықтау формуласын қолданады;
- тығыздықты есептейді;
- нәтижені ХБЖ-де жазады.
Эксперименттік бейнебаяндар
Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Қарап көріңіз 👇
Жаңалықтар:
» Оқу-ағарту бірінші вице-министрі: ЖАЗҒЫ КАНИКУЛ 90 КҮНГЕ СОЗЫЛАДЫ 29.05.2023
» Шетелге шығу турларының құны бір жыл ішінде қалай өзгерді ? 19.05.2023
» Соңғы қоңырау 2023 жылы қашан болады ? 15.05.2023