Кез келген пішіндегі денелердің көлемін есептеу. Физика, 7 сынып, сабақ жоспары.


Күні:

Мектеп:

Сынып: 7

Оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар саны:

Мұғалім:

Сабақ тақырыбы:

КЕЗ КЕЛГЕН ПІШІНДЕГІ ДЕНЕЛЕРДІҢ КӨЛЕМІН ЕСЕПТЕУ.

Сабақ түрі:

Жаңа тақырыпты түсіну және өтілген тақырып бойынша дағыдыларды қалыптастыру.

Сабақтың оқу мақсаттары:

  • Көлем түсінігін қалыптастыру;
  • Бұрыс пішінді дененің көлемін анықтау тәсілін нақты мысалдарда көрсету;
  • Бұрыс пішінді дененің көлемін нақты мысалдармен анықтап үйрену.

Сабақтың міндеттері:

  • Оқушылар қарапайым тәжірибелер жасайды;
  • Жасалған жұмысқа талдау жасайды;
  • Тапсырма шарты бойынша талқылайды.

Жетістік критериялары

  •  Қатты дененің көлеміне анықтама бере алады;
  •  Кез келген пішіндегі дененің көлеміне анықтама бере алады;
  •  Шамалардың өзгеруі қандай параметрлерге тәуелді болатындығын сипаттай алады;
  •  Көлемді мензурканың көмегімен анықтай алады.

Құндылықтарды дарыту:

  • Оқушылардың танымын кеңейту;
  • Оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамыту;
  • Оқуда өзінділік пен жауапкершілікті дамыту;
  • Логикалық ойлау, салыстыру, өздігінен қорытынды жасау дағдыларын дамыту;
  • Белсенділік, шығармашылық қызығушылық ояту.

Тілдік мақсаттар:

Оқушылар дұрыс, дұрыс емес пішінді қатты дененің көлемін анықтау әдісін ауызша немесе жазбаша сипаттайды

Арнайы пәндік лексикалық терминология:

көлем, биіктік, ұзындық, ен, масса, сұйық, газ, қатты дене, тығыздық, таразы, мензурка

Пәнаралық байланыс:

 Математика сабақтарында оқушылар дұрыс пішінді денелердің (куб, параллелепипед) көлемдерін есептеді, ұзындық, ен, биіктік ұғымдарын біледі.

Алдыңғы білім:

Алдыңғы сабақтарда оқушылар құралдардың бөлік құны ұғымын, тура өлшеулерді қателіктерді ескере отырып жазуды үйренген. Мәліметтерді жинау барысында кесте толтыру ережелерімен таныс.

ЖОСПАР

Сабақтың кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

0-2 мин.

Ұйымдастыру кезеңі.

Сабаққа психологиялық даярлық.

Сабақ мақсатымен таныстыру.

Дұрыс және бұрыш пішінді денелердің көлемдерін анықтауды үйрену.

(G) Бір немесе бірнеше оқушы өткен сабақта не өткендігін айтады, негізгі ұғымдар мен формулалар тақтаға жазылады.

Маркер, тақта

5-10 мин.

(Т) Қайталау. Дұрыс пішінді денелердің көлемін анықтау.

Өткізілетін жұмыстың мақсаты: көлем ұғымын еске түсіру, V=a×b×c формуласымен көлемді есептеу. Жауапты әр жұп сынып алдында талқылайды.

(G) Тапсырма

Сызғыштың көмегімен қораптың көлемін анықтаңыз.

Оқушылар жауабы тақтаға жазылады. Шамалардың өлшем бірліктеріне баса назар аударыңыз, қажет болған жағдайда басқа да өлшем бірліктерді қайталаңыз.

Оқушылар жауаптарында көп айырмашылық болса, бұның не себепті болғандығы туралы сұраңыз, оқушылар әр түрлі болжамдар жасаулары қажет (мысалы, сызғыш дұрыс орналастырылмады, сызғышқа дұрыс жағынан қаралмады және т.б.).

Өлшеулер мен есептеулер жүргізілген соң оқушыларға қойылатын сұрақтар:

  • Қандай шамаларды өлшедіңіз? (ұзындық, ені, биіктік)
  • Қораптың көлемін қалай анықтадыңыз? (көлемді есептеу формуласын қолдандым)
  • Қаламның көлемін табу үшін осы формуланы қолдануға бола ма? (жоқ, себебі қалам бұрыс пішінді)
  • Бұрыс пішінді денелердің көлемін анықтаудың қандай әдісін ұсына аласыз?

*Ескерту: Егер сіріңке қорабы жоқ болса, кітаптың немесе басқа бір төртбұрыш пішінді дененің көлемін анықтаңыз.

Сіріңке қорабы, сызғыш

11-12 мин.

(Т) Ұйымдастыру кезеңі, зерттеуге дайындық, сабаққа қажетті қауіпсіздік техникасы.

Өлшеуді қалай жүргізу керек?

Оқушыларға өлшеуге қажетті құрал жабдықтарды лаборант үстелінен өздері таңдап алуын ұсыныңыз. Бұл олардың өзіндік жұмыс істеу қабылеттерін арттырады.

 

13-30 минут

30-35 мин.

(G/LAB) Көелмді өлшеу.

Тапсырманы орындау барысында мұғалім әрбір оқушының жұмысын қадағалап, қиындық туындаған жағдайда сұрақтар қою арқылы оқушының тақырыпты өздігінен меңгеруіне жағдай жасап кері байланыс беріп отыруы қажет.

Өлшеуіш цилиндрдің көмегімен көлемді анықтау

Мақсаты: Өлшеуіш цилиндрдің бөлік құнын анықтау, оның көмегімен сұйықтың көлемі мен бұрыс пішінді денердің көлемін анықтауды үйрену.

Құрал-жабдықтар: өлшеуіш цилиндр, суы бар стакан, басқа ыдыстар, дене.

Жұмыс барысы:

  • Мензурканың бөлік құнын анықтаңыз. Б.қ.=………………………см3
  • Мензуркаға су құйып, оның көлемін өлшеңіз. Нәтижесін аспап қателігін ескере отырып жазыңыз.

V1=…………..…………………….см3

  • Басқа ыдыстардағы суды мензуркаға кезек-кезек құя отырып, көлемдерін анықтаңыз.
  • Өлшеулер нәтижесін кестеге енгізіңіз.

Зерттелетін дене

Ыдыстағы сұйықтың көлемі

V , см3

Ыдыстағы сұйықтың көлемі

V , м3

мензурка

пробирка

көпіршік

  • Мензуркаға дене толық бататындей етіп су құйыңыз да осы құйылған судың V1 көлемін анықтаңыз:

V1=…………………см3

  • Денені жібінен ұстап тұрып суға толық батырып судың V2 көлемін анықтаңыз: (суретке қараңыз)

V2=………………………..см3

  • Дененің көлемін есептеңіз: V = V2 - V1.
  • Өлшеулер нәтижесін кестеге жазыңыз:

Дененің атауы

Мензуркадағы судың бастапқы көлемі

V1 / см3

Мензуркадағы су мен дененің көлемі

V2 / см3

Дененің көлемі

V=V2-V1

/см3

Қорытынды:

  • Мен бүгін

…………………………………………………өлшедім.

  • Мынадай мәндер алдым: ………………………………………………………
  • Егер дене дұрыс пішінді болса, дененің көлемін ........................................................................... білу арқылы анықтауға болады.
  • Бұрыс пішінді шағын денелердің көлемін ..................................... көмегімен анықтауға болады.

Ол үшін алдымен ......................................... өлшеу керек, сондан кейін ............................................ өлшеу керек, сонда дененің көлемі .................................................................................. айырмасы болады.

  • Мотивациясы жоғары оқушыларға қосымша тапсырма:

Денелердің көлемін анықтаңыз:

1.а)1.b)

…………………………………………………………………………………………………………………………………………………………

2. Фанерадан өлшемдері 40 см, 20 см, 15 см болатын параллелипипед пішініндегі ашық жәшік жасау керек. Жәшікті жасау үшін қанша фанера жұмсалады? Оның сыйымдылығы қандай?

Көлемдері әр түрлі өлшеуіш цилиндр, суы бар стакан, басқа ыдыстар, бұрыс пішінді денелер (тас, ермексаз кесегі, картоп және т.б. денелер). Құралдар әрбір оқушыға беріледі.

35-40 мин.

Сабаққа рефлексия. Мұғалімге өткен сабақ туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

Стикерге жазыңыз:

Бүгін не білдім

Бүүгін не үйрендім

Бүгін неге таң қалдым

Үй тапсырмасы:

  • Канистраға 20 л бензин құйылған. Осы көлемді дм3 және м3 пен өрнектеңіз.
  • Биіктігі 2,4 м, ені 40 см және ұзындығы 50 дм қабырғаның құрылысына қанша кірпіш қажет болатынын есептеңіз. Бір кірпіштің көлемі 2400 см3.

Қосымша ақпарат

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар білуі қажет: көлем ұғымы, көлемнің өлшем бірлігі.

Оқушылардың көбі білуі қажет:

Дене көлемін формула бойынша есептеу және бұрыс пішінді денелердің көлемін анықтау.

Кейбір оқушылар білуі қажет:

Барлық өлшеу дұмыстарын өздігінен жүргізеді және есептейді.

  • Қораптың көлемін өлшеу нәтижесі;
  • Бұрыс пішінді дененің көлемін анықтау нәтижесі.

ТҚ: шыны құралдармен абайлап жұмыс жасау қажет (мензурка)

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Алға қойылған мақсаттарға қол жеткізілді, оқушылар ұсынылған тапсырмаларды толық орындады, олар дене көлемін өлшеуді және орындалған жұмысқа қорытынды жасауды үйренді. Сабақта ынтымақтастық атмосферасы болды. Дифференциация жақсы жолға қойылған, уақыт ұтымды пайдаланылды, жспарда ауытқушылық бір рет байқалды, екінші тапсырманы орындаудың алдында сұйықтардың көлемі мл-мен, ал қатты денелердің көлемі см3 өлшенеті еске түсірілді.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Дұрыс пішінді денелердің көлемін анықтау тақырыбының өздігінен қайталануы.

2: Мензурканың көмегімен көлемді анықтау әдісін үйрену.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Күнделікті өмірден алынған әр түрлі ыдыстардың көлемін анықтау (дәрі дәрмек құтылары)

2: Оқушылар бірліктерді бір бірне айналдыруда қателіктер көп жасайды.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Жұмыс алдында мүмкін болатын нәтижелер туралы болжам жасау.

Поставленные цели были полностью достигнуты, учащиеся полностью выполнили все предложенные им задания, они научились правильно измерять объем тела и писать вывод к проделанной работе.

На уроке была доброжелательная атмосфера. Дифференциация была подобрана хорошо, по времени полностью уложились, от плана отклонились только один раз, сделали паузу перед выполнением 2 задания, чтобы напомнить, что в мл измеряют жидкости, а в см3 – твердые тела.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу