Дыбыстау және музыкамен көркемдеу. Музыка, 6 сынып, қосымша материал.


6 сынып Музыка Дыбыстау және музыкамен көркемдеу 5 сабақ

Мазмұны

  • Сабақ жоспары
  • Дидактикалық материалдар
  • Презентация

Кіріспе

Нұсқаулықта Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері, Бағдарламаны іске асырудан

күтілетін нәтижелер туралы ақпарат берілген. Ұсынылған материалдар «Музыка» пәні

мұғалімдеріне өз сабақтарын жоспарлап, өткізуге көмектесетін болады. Сонымен қатар, мұғалімдерге ықшам сабақ арқылы Бағдарлама материалдарын өз тәжірибесінде сынап көруге және оны ой елегінен өткізіп, рефлексия жасауға, сондай-ақ оқушыларға барынша қолдау көрсетуге бағытталған жаттығу мен тапсырма әзірлеуге мүмкіндік беріледі.

Сабақ тақырыбы:

Дыбыстау және музыкамен көркемдеу

Оқу мақсаты:

6.2.2.1 – музыкалық аспаптар мен дауысын қолдана отырып, музыкалық композициялар шығару және импровизация жасау;

Сабақ барысы:

Өткен сабақты қайталай отырып оқушылармен «Ыстық орындық» әдісін өткізе аласыз. Өткен тақырып жайлы, сабақта орындалған іс-әрекеттерді еске түсіріңіз. Оқушылардын қандай дағдыларды дамытқандары жайлы әңгіме құрыңыз. Оқушылар өткен сабақта орындаған шығармашылық жұмыстары жайлы өздерінен кері байланыс беруін ұсыныңыз.

Кейін сабақтың мақсаты мен сабақта орындалатын іс-әрекетті анықтаңыз, оқушыларға түсіндіріңіз. Оқушылардың назарын бейне баянға аудартыңыз. Пентатоникс тобының орындауындағы жанды дауысты тыңдаңыз. Қаншалықты бұл әуен естуге жағымды. Оқушылармен талдау әңгіме жүргізіңіз. Бұл әуен арқылы қандай көңіл-күйге ұшырадыңыз. Бұл әнді кез келген оқушы, адам орындай ала ма? Бұл әуенді орындау үшін қанша уақыт дайындық қажет етіледі. Оқушылардың өздерінің пікірлерін музыкалық терминологияны қолдана отырып, ортаға ойбөлісуін ұсыныңыз. Оқушылар бұл жерде сөйлеу дағдыларын арттыра отырып, тыңдалым дағдысы арқылы өзінің ойымен толықтай бөлісе алады. Пентатоникс тобының орындаушылары қаншалықты әнді көрерменге жеткізе алғаны жайлы сұрастырыңыз. Шығармашылық жұмысты орындау үшін оқушыларға жанды дауыста әнді орындауды ұсыныңыз. Оқушыларға өзінің дауысын компьютерлік бағдарламалар арқылы жазуды ұсыныңыз, немесе музыкалық аспапты қолдана отырып жанды дауыста әндер жинағын орындауға болады. Оқушылар осындай іс шара арқылы өзінің аспапта ойнау немесе АҚТ қолдануды дамытады және орындау дағдысын қолданады.Шығармашылық жұмысты орындап болған соң оқушыларға берілген дескрипторлар арқылы бағалауды өткізіңіз. Оқушылар өзінің шығармаларын сынп алдында ұсына отырып, музыкалық шығармаға байланысты кері байланысты «Пікір» әдісі арқылы қабылдай алады.

Рефлексия.Оқушылардың сабақ соңында қандай жетіске жеткені туралы мәлімет алу, сабақта алған жаңа материалдарды қаншалықта қамти алғанын анықтау. Келесі сабаққа қандай құрал- материалдарды әзірлеуге болатыны жайлы өзіңізге сілтеме жасап алу.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу