Дыбыстау және музыкамен көркемдеу. Музыка, 6 сынып, қосымша материал.
Мұғалімге арналған нұсқаулық
Сабақты ұйымдастыру кезеңі, яғни, сабақтың мақсаты мен критерийлерін таныстырудан бастыңыз. Сонымен қатар, «Музыка және өнер түрлері» тарауында өткен «Музыка және кино» тақырыбы материалдарын қайталаудан бастауға кеңес беріледі.
Сыныпта музыканың кинодағы ролі туралы, фильмді дыбыстандыру қалай жүзеге асырылатыны туралы талқылау жүргізіңіз. Тілдік дағдыларды дамыта отырып, оқушыларға өз пікірлерін айтуды ұсынып, сыныпта талқылау жүргізіңіз:
- Фильмде дауыс пен дыбыс болмаса қалай болар еді?
- Музыкалық сүйемелдеу режиссерға кейіпкерлердің көңіл-күйін беруге қалай көмектеседі?
- Музыка киноның тарихи мазмұнын қалай толықтырады?
- Қандай музыкалық бағдарламаларды білесіз?
Тыңдау және талқылау тапсырмасында Чарли Чаплин «Танец булочек» атты мылқау фильмін көруді ұсыныңыз. Мұғалім алдын ала фильмнің сюжет желісі бар, актердің әрекеті айқын бір үзіндісін дайындап қоюы қажет.
- Фильмде музыканың рөлі қандай?
- Мылқау кинода музыка қалай қолданылған?
- Фильмге музыканы кім құрастырған?- сұрақтары көмегімен талқылау жүргізіңіз.
Зерттеу тапсырмасында атақты фильмдердің музыкалық сүйемелдеуін тыңдатыңыз. Оқушылар музыка атауын табуы тиіс. Мұғалім алдын ала аудиожазбаларды дайындауы қажет.
-Қай фильмнен екеніні табыңыз?
-Фильмнің атауын музыка сүйемелдеуі арқылы табу қиын болды ма?
-Фильм не туралы?
-Фильм қарағанды ұнатасыз ба?
-Фильмді қалай құрастырады? – сұрақтары көмегімен оқушылармен талдау жұмыстарын жүргізе алады.
Орындау тапсырмасында кинофильмдегі әртүрлі кейіпкерлерді жас ерекшеліктеріне сай сомдау тапсырмасы беріледі. Ол үшін сыныпты топқа бөлу ұсынылады:
І топ. Алдар көсе
ІІ топ. Менің атым қожа
ІІІ топ. Гари Поттер
Оқушыларға дауысын, музыкалық аспаптарды, сыныпта бар күнделікті қарапайым құралдарды қолдана алатындығын айтып қойыңыз. Бұл тапсырмаға жеткілікті уақыт бөліңіз. Мұғалімге бұл тапсырманың бағалау дескрипторларын айтып қоюға кеңес беріледі:
Дескрипторлар:
- Фильмнің тақырыбына сәйкестігін көрсетеді;
- Музыкалықкөркемдейді;
- Командалық жұмысты орындайды;
- Шығармашылықшешімді қабылдайды;
- Орындаудың ерекшелігі;
- Рольдерде орындаушылардың артистік қабілеті.
- Рөлді сомдаудағы әртістік қабілетті қолданады.
- Сіз фильм кейіпкерлерін қалай сомдадыңыз?
-Не қиын болды?
-Сіз күрделі тапсырмалар қалай басқардыңыз?
Таныстырылым және бағалау тапсырмасында оқушыларға өз жұмыстарын көрсетуді ұсыныңыз. Әр топ фильм үзіндісін дыбыстандырады да, қалған оқушылар жұмысты бағалайды. Бағалау барысында мұғалім бағалау өлшемдерін тағы бір еске салады. Мұғалім бағалау өлшемдері жазылған кесте түрінде дайындай алады. Осылайша оқушылар бір біріне бағалау жүргізе алады.
Дескрипторлар | ||
+ | V | |
Фильмнің тақырыбына сәйкестігін көрсетеді; | ||
Музыкалық жабдықтайды; | ||
Командалық жұмысты орындайды | ||
Шығармашылықшешімді қабылдайды; | ||
Дыбыстаудың өзіндік ерекшелігін көрсетеді; | ||
Рөлді сомдаудағы әртістік қабілетті қолданады. |
Өзіңіздің қызметіңізге кері баланыс жасаңыз.
-Сіздің дыбыстауыңыз арқылы фильмнің мазмұны мен мінезі қалай өзгерді?
-Не жақсы болды?
-Өз жұмысыңызды қалай жақсартар едіңіз?
Рефлексия. Сабақтың соңында оқушыларға өз әрекеттеріне шолу жасап, сыни көзқараспен талдау жүргізуді ұсыныңыз.
Оқушылар өз әрекеттеріне және жұмыстың нәтижесіне қарап, сабақ туралы өз пікірлерін айта алады:
- Жаңаша нені білдіңіз?
- Көбірек не ұнады?
- Сізде не сәтті болды?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?