Музыкалық аспаптар мен күйлер. Музыка, 4 сынып, презентация.


3 Бөлім : Мәдени мұра

Сабақ тақырыбы:

Музыкалық аспаптар мен күйлер

Бүгін сабақта:

музыкалық шығарманың дыбыстауын түрлі орындауда тыңдатып анықтаймыз және салыстырамыз;

музыкалық аспаптар аттарын ажыратамыз;

ырғақтық және динамикалық ансамбльдерді сақтай отырып, аспаптарда ойнау дағдыларын көрсетеміз.

1-тапсырма. Тыңдалым және талдау

Музыкалық шығармадан үзіндіні

тыңдаңыз. Сұрақтарға жауап беріңіз:

- Тыңдалған шығарма қандай жанрға жатады?

- Күй ойнаудың екі түрі арасында қандай айырмашылық бар? Неліктен? Өз жауабыңызды түсіндіріңіз.

- Шығарманың сипаты қандай?

- Сіз бұл күйді қалай атаушы едіңіз? Неліктен?

2-тапсырма. Музыкалық викторина

Шығармалардан үзінділерді тыңдап, ырғағы бойынша атауы мен музыкалық аспап жататын топты анықтаңыз.

Дәптерлеріңізге тыңдалған аспаптардың атаулары мен топтарын жазыңыз.

- Тыңдалған музыкалық аспаптар қай оркестрге жатады?

3-тапсырма. Орындау

Өзіңіздің «виртуалды» этно-фольклорлық ансамбліңізді құрыңыз. С.Мухамеджановтың «Шаттық Отаны» күйіне үн қосыңыз.

1-топ: төрттік ноталар арқылы біркелкі соғуды көрсетіңіз.

2-топ: сегіздік ноталар арқылы соғуды көрсетіңіз.

3-топ: күйдің ырғақты бейнесін көрсетіңіз.

Рефлексия

- Бүгін сабақта не үйрендік? (…………….)

- Қандай тапсарма сендерге ұнады? (…………….)

- Қандай тапсырма сендерге қиын болды? (…………….)

- Бүгін сабақта не құнды болды? Неге? (…………….)

- Музыкалық шығармаларда қандай аспаптардың дыбыстарын естідік?

- Менің білуімше, бүгін сәтті болды? (…………..)



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу