Уақыт және музыкалық аспаптар. Музыка, 3 сынып, сабақ жоспары. 3 - сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3-бөлім:Уақыт

Сабақ: 3

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сыныбы: 3

Қатысқандар

саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Уақыт және музыкалық аспаптар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.1.3.2 - музыкалық форманың құрылымын анықтау: шумақ, шумақ-қайырма, бір бөлімді, екі бөлімді

3.2.1.1- музыкалық шығармашылық жұмыстар жасау үшін өз идеясын ұсыну

 Сабақ мақсаттары

  • «Балапан қаз» халық әнін тыңдайды және талдайды;
  • «Жетіген» аспабы жайлы ақпарат іздейді және зерттейді;
  • Е.Тілепбердиевтің«Жетіген үні» әнін үйренеді және орындайды.

 Бағалау критерийлері

Білім алушылар:

тыңдалған әуеннің сипатын, мазмұнын, жанрын, көркемдеуші құралдарын және музыкалық формасын анықтайды;

ақпарат іздеп,шығармашылық жұмыс жасау үшшін өз идеяларын ұсынады;

ән үйреніп, мәнерлеп орындайды.

 Тілдік мақсаттар:

 

Оқушылар:

  • тыңдалған музыканы сипаттайды, музыка мен уақыт жөнінде және олардың өзара байланыстылығын туралы өз пікірін айтады, көңіл күйін түрлі музыкалық іс-әрекеттер арқылы жеткізеді;
  • аспаптық бағдарламалық музыканы талдайды.

Пәнге тән лексика мен терминология:

Музыкалық форма, жетіген.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Бұл ән сіздерге таныс па?
  • Ән не жайыда?
  • Шығарма неше бөлімнен тұрады?
  • Музыкалық форма дегеніміз не?
  • Әннің авторы орындаушысы жайында не білеміз?
  • Әнді қандай аспап сүйемелдеп тұр?
  • Жетіген туралы не білеміз

Құндылықтарды дарыту

Тайм менеджментті сақтай білу, уақытты өзінің теңіне орналастыру

Пәнаралық байланыстар

Қазақстан тарихы, қазақ әдебиеті.

 АКТ дағдылары

Презентация Power Point

Бастапқы білім

1-2 сыныпта алған білімдері

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Сабақтың тақырыбын ашу үшін оқушыларға музыкалық аспаптар жайлы жұмбақ жасыртамыз Дидактикалық материалдар.1-қосымша.

Сабақ тақырыбы және мақсатымен таныстыру.

Жетіген аспабы -https://www.youtube.com/watch?v=LlzbSoJWxQI

Сабақтың ортасы

30 минут

1 тапсырма. Тыңдау және талдау.

Халық әні «Балапан қаз» тыңдаңыз.

Сұрақтарға жауап беріңіз:

  • Бұл ән сіздерге таныс па?
  • Ән не жайыда?
  • Шығарма неше бөлімнен тұрады?
  • Музыкалық форма дегеніміз не?
  • Әннің авторы орындаушысы жайында не білеміз?
  • Әнді қандай аспап сүйемелдеп тұр?
  • Жетіген туралы не білеміз

Музыкалық форма –шығарманың құрылымы, құрылысы болып табылады. Музыкалық форманың шумақтық, екі бөлімді, үш бөлімді (жай және күрделі) сонаталық, вариациалық рондо, фуга, полифониялық, т.б. түрлері болады.

2-тапсырма. Зерттеу.

Уақыт музыка аспаптарының үніне ерекше үн бере ала ма? Неге? Көне жән қазіргі жетілдірілген жетіген аспаптары жайлы зерттеңіз. Ұқсатығы мен айырмашылығын атаңыз. Постер жасап көрсетіңіз.

1- топ. Көне жетіген аспабы

2-топ. Жетілдірілген жетіген аспабы

Постерді бағалау критерийі:

  • Тақырыпты ашып көрсету
  • Сұрақтардың жауабын көрсету
  • Дәлелдемелерді келтіру
  • Қорғай білуі, таныстыруы

3 тапсырма. Әнді үйрену

Е.Тілепбердиевтің сөзіне жазылған Б.Аманжолдың «Жетіген үні» әнін үйреніңіз және орындаңыз.

Халық әні «Балапан қаз» -http://mp3party.net/music/3454

Жетіген аспабы жайлы-

https://massaget.kz/layfstayl/madeniet/music/142/

http://www.yqlasmusmuseum.kz/kk/post/17

Муз.Б.Аманжол, сөзі: Е.Тілепбердиевтің«Жетіген үні»

Сабақтың соңы

5 мин

Сабақ рефлексиясы:

-бүгін не білдім?

-қандай жұмыс жақсы өтті?

-нәтижелерді қалай жақсартуға болады?

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеттері жоғары оқушылар әнді фонограммамен жеке орындайды,ал қалған оқушылар топпен орындайды.

Әнді талдау кезінде ауызша бағалау жүргізу.

Бағалау критерийлері бойынша

Техникалық қауіпсіздікті сабақта қадағалау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақытты кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы солжақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу