Біз оркестрде ойнаймыз. Музыка, 3 сынып, қосымша материал. 4 - сабақ.
«Уақыт» бөлімінің 4 сабағына әдістемелік нұсқаулық
Оқушылармен сәлемдесу
Сабақ тақырыбы мен мақсаттарын анықтау үшщін мұғалім оқушылардың оркестр сөзіне байланысты қандай ақпарат білетінін алдыңғы білімдерін тексереді.
1 тапсымада оқушылар ассоциация сөздерді айту арқылы оркестрдің не екеніне өз ойларынша түсініктеме береді.
Бұл тапсырма негізінде мұғалім сабақ тақырыбы мен мақсаттарын айтады
Бүгінгі сабақта біз
- оркестр түрлерімен танысамыз;
- өзіміз дирижер рөлін атқарамыз;
- музыкалық өлшемге сай оркестрде ойнайтын боламыз.
2 тапсырмада халық асапаптар оркестрі мен симфониялық оркестр көрсетіледі.
Симфониялық оркестрді көру барысында мұғалім сұрақтар қояды.
- И.Штраус «Полька пиццикато»
- Бұл оркестрде қандай аспаптарды көріп тұрсыздар?
- Дирижердің қимылы немен ерекшеленеді?
- Бұл музыкалық шығарма сіздерге таныс па?
Оқушылар осы бөлімнің екінші тақырыбында бұл музыкаға сүйемелдеу жасаған, сондықтан таныс әуенді оркестрдің орындауында көру музыкалық матреиалдың есте қалуына көмектеседі.
- Қазақ халық аспаптар окестрінің құрылуы туралы бейнематериал
Мұғалім халық асапаптар оркестрі жайлы бейнематериалды көру барысында алғаш оркестрді құрған музыкатанушы ғалым Ахмет Жұбанов туралы қосымша айтып кетуіне болады.
Енді оркестрдің орындауындағы күйді көрген соң талдау үшін сұрақтар қойылады:
- Тыңдалған күй сіздерге таныс па?
- Оркестрде қандай аспаптар таныс? Ал қай аспаптар таныс емес?
- Оркестрді кім басқарып тұр?
Дирижер болу үшін қандай білім алу қажет?
Өткен сабақта үйренген музыкалық өлшемдерді дирижерлеп көрейік.
Мұғалім оқушыларға 2/4 3/4 музыкалық өлшемдерін дирижерлеу сеткасын көрсетеді және түсіндіреді.
Мұғалім дирижерліктің қол қимылдарын көрсете отырып оқушылармен бірге санап музыкалық шығарманы дирижерлеп көреді.
3 тапсырмада оқушылар алдыңғы білімдеріне негізделе отырып балалар аспаптар оркестрін құрады. Оркестрде ойнау ырғағын нақты көрсете алатын 2/4 қлшеміндегі музыкалық шығарманы таңдап алу қажет. Оркестр құру үшін «Летка енка» ырғақты музыкасы ұсынылған. Мұғалім өзінің қалауынша басқа да музыка үлгісін немесе әнді таңдап алуына болады.
Оркестрді құру кезінде мұғалім оркестрде әр аспаптың өз партиясы болатыны жайлы айтып, оқушылардың музыкалық сауаттылықтарын дамыту мақсатында топтарға нақыт ырғақтар береді.
Мұғалім әр топтың партиясын қайталаған соң ғана толық сыныппен орындауға көшеді. Бірақ топтар бірігіп ойнаған уақытта әр топ өз ырғағын сақтау керектігі жөнінде орындау барысында оқушыларға ескертіп отырған жөн.
Рефлексия:
Мен білдім!
Мен түсіндім!
Мен ойландым!
Мен үйрендім!
Мен таңқалдым!
Мен орындадым!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру