Оркестрде ойнайық. Музыка, 3 сынып, қосымша материал. 4 - сабақ.


 Сабақты ұйымдатыруға арналған әдістемелік нұсқаулық

 

«Уақыт» бөлімінің соңғы сабағы «Оркестрде ойнайық» деп аталады. Оқушыларға музыкалық аспаптардың суретін көрсете отырып, сұрақтар қою арқылы сабақтың тақырыбын ашып аламыз. Оқу мақсаты мен сабақ мақсаттарымен таныстырамыз.

Дидактикалық материалдар. 1-қосымша. Музыкалық аспаптардың суреті.

1-тапсырмада оқушыларға А.Жұбановтың «Би күйін» түрлі орындауда тыңдаңыз.

https://www.youtube.com/watch?v=EsX_W2BbokQ –оркестрдің орындауында.

https://www.youtube.com/watch?v=Eclh-hg7aTM- Бағжан Күдебаевтың орындауында

https://www.youtube.com/watch?v=iwE_eYBIdo0 -Мұрат Өскенбаевтың орындауында

Музыкалыық шығарманың орындаудағы айырмашылығы жайлы сұраңыз. Сұрақтарды талқылаңыздар. «Би күйі» авторы Ахмет Жұбанұлы туралы айтып кетіңіз. Және де оқушыларға орестр және дирижер ұғымдарымен таныстырып, оркестрдің түрлерін көрсетіңіз. Дидактикалық материалдар. 2-қосымша.

2-тапсырмада оқушыларға Е.Тілепбердиевтің сөзіне жазылған Б.Аманжолдың «Жетіген үні» әнін қайталауды ұсыныңыз.Оқушыларға сөздерін қайталауды тапсырыңыз.

Дарынды оқушылармен жұмыс.

Аспапта ойнайтын оқушыларға әнді аспапта орындап сүйемелдеуді тапсырыңыз. Топпен жұмыс жасағанда дұрыс тыныс алуға және таза интонацияға мән беріңіз.бір-бірін тыңдап орындау керектігін айтыңыз.

3-тапсырмада оқушыларға халық күйі «Жастар биін» тыңдатыңыз,

Жастар биі:

https://www.youtube.com/watch?v=CoqorhTNUaY – жеке орындауда

https://www.youtube.com/watch?v=iYS7wUpVdbI –оқушылар ансамблінің орындауында.

Алдымен шағын кіріспесі мен басты әуенін ести отырып орындаңыз. (4-8 такт)

Содан кейін күйді музыкалық, шулы - музыкалық аспаптармен сүйемелдеп, күйге импровизация жасатыңыз. Орындауды бағалай критерий бойынша бағалатыңыз.

Бағалау критерийі

  • ансамбльді тыңдайды;
  • ырғақты сақтайды;
  • ансамбльдегі өз рөлін біледі;
  • күйді ойнап импровизация жасайды.

Сабақ тың соңында оқушыларға кері байланыс өткізіңіз.

Бүгін не білдім?

Қандай жұмыс жақсы өтті?

Нәтижелерді қалай жақсартуға болады?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу