Осьтік және центрлік симметрия. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.3С Координаталық жазықтық | Мектеп: Орал қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі, Тараз қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Балгалиева Ж.Х., Каражигитова К.Е. | |||||||||||||||
Сынып: 6 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Осьтік және центрлік симметрия . | |||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.3.1.6 центрлік және осьтік симметриясы бар фигуралар туралы ұғымды түсінеді; центрлік және осьтік симметриялы фигураларды анықтай алады. | |||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар: •осьтік немесе центрлік симметриясы болатын фигуралар туралы түсінеді; •осьтік және центрлік симметриялы фигураларды ажыратады. | |||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Оқушы:
| |||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар:
Пәнге тән лексика мен терминология:
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
| |||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Логикалық ойлау қабілетін, математикалық тілде сөйлеу мәдениетін дамыту. Есте сақтау, салыстыру және елестету қабілеттерін дамыту. Өз бетінше жұмыстануға баулу. Оқушылардың бойына жауапкершілік, мақсаттылықты дамыту. Өзінің біліміне сыни көзбен қарап, ашықтыққа тәрбиелеу. Ынтымақтаса жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру. | |||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Симметрия ұғымы адам шығармашылығының көпғасырлық тарихымен тығыз байланысты. Симметрия физика мен математикада, химия мен биологияда, техника және архитектурада, поэзия мен музыкада маңызды роль атқарады. Симметрияның ең қарапайым түрі – түзуге қатысты симметрия. | |||||||||||||||
Бастапқы білім | Симметрия, нүктеге қарағанда симметриялы, түзуге қарағанда симметриялы, симметрия центрі, симметрия ось, биссектрисса, кесінді, бұрыш, үшбұрыш,төртбұрыш, квадрат, шеңбер ұғымдарын біледі. | |||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||
Сабақтың басы 1-2 мин 2-4 мин 4-7 мин 7-9 мин | І .Ұйымдастыру: 1.1. Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау. 1.2. Берілген терминдерді (сөз тіркестерін) жүйелеу арқылы оқушылар жұпқа бөлінеді. ІІ. 2.1.Қайталау: «БІТ» бойынша Блок-сызбаны толтыру Мақсаты: «Нүктеге қарағанда симметрия», «Түзуге қарағанда симметрия» тақырыптарына сәйкес БІТ (бірліктерді ірілендіру технологиясы) бойынша өтілген ұғымдарды саралай отырып, оқушылардың ақпараттарды шоғырландыруға үйрету. Жұмыс түрі: Топтық жұмыс Мұғалімнің қызметі: тапсырманың орындалуын қадағалау, қажет уақытта жетелеуші сұрақтар бере отырып, жұмысты ұйымдастыру. Оқушының қызметі: оқушылар шағын топта қажетті симметриялы фигураларды салу алгоритмдерін саралай отырып, блок-сызбаны толтырады. Бағалау: дайын жауап арқылы топтар бірін-бірі тексереді. 2.2. Қайталау: «Жұптас.Ойлан.Орында» Мақсаты: Оқушылардың түзуге және нүктеге қарағанда симметриялы фигураларды салу туралы білімдерін пысықтау Жұмыс түрі:жұптық жұмыс Мұғалімнің қызметі: Тапсырманы орындау нұсқаулығын дұрыс беру. Қалтада берілген тапсырмалар бір мезгілде жұпқа беріледі. Оқушының қызметі: Әр жұп өз қалаулары бойынша бес тапсырмадан жинақталған қалташаны таңдайды. Оқушылар партадағы постерлерге маркерлер арқылы жауапты жазады. Басқа оқушылар ұсынылған дескриптор арқылы тапсырманың дұрыс орындалғандығын қадағалайды. Әр жұптың мүшесі өз тапсырмасының бағалау нәтижесін бағалау парағына тіркеп отырады. Құралдары: постер, маркерлер,қалташа Бағалау: жұптар бірін-бірі бағалайды. 2.3. Үй тапсырмасын тексеру. Орындалуы: Әр жұп бір-бірімен дәптерлерін алмастыра отырып, дайын жауаптар арқылы тапсырмалардың орындалуын тексереді. Мұғалімнің қызметі: Мұғалім оқушыларға дайын жауап үлгісін таратады. Оқушы қызметі: өз жұптарының үй тапсырмасын дұрыс орындауын тексеріп, қысқаша коментерий жазу арқылы бағалайды. Бағалау: өзара бағалау | Қосымша 1. Қосымша 2. | ||||||||||||||
Сабақтың ортасы 9-11 мин 11-13 мин 13-15 мин 15-19 мин 19-23 мин 23-26 мин 26-27 мин 27-33 мин 33-35 мин | ІІІ. Мәселе қою: 3.1.Практикалық тапсырма Жұмыс түрі: жеке жұмысОрындалуы: - Оқушы партасының шетіне қойылған парақты алыңыз. - Парақты қақ ортасынан бүктеңіз. - Парақтың бүктеуін ашыңыз және пайда болған бүктеу сызығына сызғышты қойыңыз. - Осы сызықты түсті қарандашпен немесе фломастермен бастырыңыз.Зерттеу сұрақтары: 1.Ұсынылған парақ қандай геометриялық фигура? 2.Бүктеу сызығы қандай геометриялық фигура болып табылады? 3.Бұл сызық қандай функция атқарады? Қорытынды: Тапсырмаға байланысты оқушылардың ой-пікірлері тыңдалады. Бүктеу сызығы фигураны бірі - бірінің бейнесі болатындай екі бөлікке бөледі. Бұл сызықты «Симметрия осі» деп атаймыз. Мұғалімнің қызметі: Оқушыларға зерттеу жұмысының орындалу ретін және нұсқаулығын дұрыс беру. Орындалған жұмыс бойынша оқушылардың қажетті тұжырым жасай алу қабілеттерін шыңдау. Оқушының қызметі: ұсынылған тапсырманы мүлтіксіз орындау. Сонымен бүгінгі сабағымызда біздер әртүрлі фигуралардың симметрия осьтерін салуды, симметрия центрін анықтауды қарастырамыз. Сабақтың тақырыбы: Центрлік және осьтік симметриясы бар фигуралар Сабақ мақсаттары: Оқушылар: •осьтік немесе центрлік симметриясы болатын фигуралар туралы түсінеді; •осьтік және центрлік симметриялы фигураларды ажыратады. Бағалау критерийлері: Оқушы:
IV.Мағынаны тану: Практикалық тапсырма 1. - Бірінші тапсырмадағы тік төртбұрышқа оралайық. Жұмыс түрі: жұптық жұмыс Зерттеу сұрақтары:- Тік төртбұрышты тең екі бөлікке бөлетін басқа да бүктеу сызығы (симметрия осі) бар ма?- Қанша симметрия осьтері бар екен? - Тағы да симметрия осі анықтала ма? -Тіктөртбұрыштың симметрия центрі бар ма? Болса қайда орналасады? Нұсқаулар: -Тік төртбұрышты тең бөлікке бөлетіндей бүктеу сызығын табу үшін зерттеу жұмысын жүргізіңіз. -Пайда болған бүктеу сызықтарын түсті қарандашпен немесе фломастермен сызып шығыңыз. Мұғалімнің қызметі: Оқушыларға зерттеу жұмысының орындалу ретін және нұсқаулығын дұрыс беру. Орындалған жұмыс бойынша оқушылардың қажетті тұжырым жасай алу қабілеттерін шыңдау. Оқушының қызметі: ұсынылған тапсырманы мүлтіксіз орындау. Қорытынды: Басқа да екі симметрия осі табылады. Симметрия центрі бар. Қосымша білім: Тік төртбұрыштың қарама-қарсы төбелерін қосатын кесіндіні диагональ деп аталады. Тік төртбұрыштың диагональдарының қиылысу нүктесі оның симметрия центрі болады. Анықтама: Егер О нүктесіне қатысты симметриялы нүктелер фигураның өзінде жатса, ол фигура центрлік симметриялы фигуралар деп аталады. Нүктені симметрия центрі деп атайды. Анықтама: Егер түзу фигураны симметриялы екі бөлікке бөлсе, онда ондай фигура осьтік симмметриялы фигура деп аталады. Ал түзу сол фигураның симметрия осі деп аталады. Зерттеу сұрақтары: -Кез келген фигурада симметрия центрі бар ма? -Фигураның симметрия центрі қайда орналасады, қалай анықталады? -Фигураның симметрия осі қалай табылады? -Бір мезгілде симметрия центрі де, симметрия осьтері де бар болатын фигуралар бола ма? 4.1.Практикалық тапсырма-2 Дағдылар: түсіну, сыни ойлау, талдау Бағалау: өзара бағалау (жұптар) 4.2. Практикалық тапсырма-3 Жұмыс түрі: жұптық жұмыс Орындалуы:- Қалташадан дөңгелекті алыңыз. -Оны қақ ортасынан бүктеңіз. Зерттеу сұрақтары: - Дөңгелектің симметрия центрі бар ма? - Ол қай нүкте?- Дөңгелекте қанша симметрия ось болады? - Дөңгелектің симметрия осі ретінде қандай кесінді алынады? - Дөңгелекте қанша симметрия осі болады?Зерттеу жұмысы жүргізіледі. Мұғалімнің қызметі: Оқушыларға зерттеу жұмысының орындалу ретін және нұсқаулығын дұрыс беру. Қажет уақытта жетелеу. Орындалған жұмыс бойынша оқушылардың қажетті тұжырым жасай алу қабілеттерін шыңдау. Оқушының қызметі: ұсынылған тапсырманы мүлтіксіз орындау. Қорытынды: Шексіз көп симметрия осьтері табылады. Симметрия центрі бар. Бағалау: жұптар өзара бір-бірін бағалайды. 4.3. Зерттеу жұмысының қорытындысы: Диктант Мақсаты: Оқушылардың жаңа алынған білімдері бойынша білік икемділіктерін саралау. Өз ойларын тұжырымдауға үйрету. Зерттеу қабілеттерін шыңдау Жұмыс түрі: жұптық жұмыс Нұсқау: көп нүктенің орнына қажетті сөздерді жазу. Мұғалімнің қызметі: Оқушылардың тапсырманы дұрыс орындай алуын қадағалау. Тұжырымдарды нақты жазуға, айтуға үйрету. Оқушының қызметі: ұсынылған тапсырмадағы көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қоя отырып, зертттеу жұмысының қорытындысын тұжырымдайды .Тапсырманы дәптерге орындайды.Бағалау: өзара бағалау (оқушылар ұсынылған дайын жауап арқылы көршісімен дәптерлерін алмастыра отырып жұмыстың орындалуын тексереді, бірін-бірі бағалайды) V.Білімдерін бекіту 5.1. Көз жаттығуы:
Мақсаты: Зерттеу жұмыстары бойынша алған білім икемділіктерін саралау. Бағалау: Оқушыларға тапсырманың дұрыс жауаптары ұсынылады. Жұптар басқа жұптармен тапсырмаларын ауыстырып, тексеру арқылы бірін-бірі бағалайды.
Мақсаты: Зерттеу жұмыстары бойынша алған білім икемділіктерін саралау. Бағалау: Мұғалім тапсырманың дұрыс жауабын тақтада көрсетеді. Оқушылар жұмыстарын тексеріп, өзін-өзі бағалайды. | Қосымша 3.
tube.com/watch ?v=fbJEG_klEvg Bilimland.kz Математика -6 Т.А.Алдамұратова, Т.С.Байшоланов, «Атамұра» 2011 Қосымша 4. Алдамұратова Т.А., ЖББ,6-сыныбына арналған оқулық,Алматы: Атамұра, 2011ж Қосымша 5. Қосымша 6. Қосымша 7. . Қосымша 8. Қосымша 9. | ||||||||||||||
Сабақтың соңы 35-38 мин 38-40мин | VI.Сабақты нәтижелеу: 6.1.Мұғалім бағалау критерийіне сәйкес оқушыларға кері байланыс береді. 6.2. Рефлекция. Үйге тапсырма: Шағын жобалар: 1 жұп:Адам денесіндегі симметрия 2 жұп: жануарлар әлеміндегі симметрия 3 жұп: Өсімдіктер әлеміндегі симметрия 4 жұп: Архитектурадағы симметрия 5 жұп: Қазақ тілдегі симметрия | |||||||||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы. АКТ-мен байланыстар | ||||||||||||||
Оқушыларға ашық сипаттағы тапсырма ұсынылады оқушылар әр түрлі шешімдер ұсынуы мүмкін. Кейбір оқушылар тапсырманы өздері орындайды, ал кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты әрі нақты көмек көрсетіледі. Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізіледі. | Мұғалім оқушылардың тапсырманы орындауға және диалогтарға қаншалықты қатысқандығын бағалау критерийлері бойынша бақылау жолымен бағалайды. | Оқушылардың көңіл-күйлерін бақылау. Көз жаттығуын жасату. Оқушылардың дұрыс отыруы қадағаланады | ||||||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру