Осьтік және центрлік симметрия. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.3С Координаталық жазықтық | Мектеп: Орал қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі, Тараз қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Есекенова Г.Т., Каражигитова К.Е. | |||||
Сынып: 6 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақ тақырыбы | Осьтік және центрлік симметрия . | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.3.1.5 осьтік және центрлік симметрия ұғымын меңгеру. | |||||
Сабақ мақсаты | Оқушылар: •осьтік және центрлік симметрия ұғымын меңгереді. | |||||
Бағалау критерийлері | Оқушы:
| |||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар:
Пәнге тән лексика мен терминология:
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
| |||||
Құндылықтарды дарыту | Логикалық ойлау қабілетін, математикалық тілде сөйлеу мәдениетін дамыту. Есте сақтау, салыстыру және елестету қабілеттерін дамыту. Өз бетінше жұмыстануға баулу. Оқушылардың бойына жауапкершілік, мақсаттылықты дамыту. Өзінің біліміне сыни көзбен қарап, ашықтыққа тәрбиелеу. Ынтымақтаса жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру. | |||||
Пәнаралық байланыстар | Симметрия ұғымы адам шығармашылығының көпғасырлық тарихымен тығыз байланысты. Симметрия физика мен математикада, химия мен биологияда, техника және архитектурада, поэзия мен музыкада маңызды роль атқарады. Симметрияның ең қарапайым түрі – түзуге қатысты симметрия. | |||||
Бастапқы білім | Координаталық жазықтық, координаталары бойынша нүктені координаталық жазықтықта салады және координаталық жазықтықта нүктенің координаталарын таба алады. | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 1-2 мин 2-4 мин 4-6 мин 6-9 мин 9-12 мин | 1.Ұйымдастыру бөлімі:
2.Үй тапсырмасын тексеру, сұрау.
3.Білімді өзектендіру: Тапсырма 1. Қолдарыңыздағы суреттер тобын қалайда бір қасиетпен біріктіріңіздер. Әрбір топтастырған суреттеріңіз қандай қасиетпен біріктіргеніңізді ойластырып, түсіндіріңіздер. Мақсаты: Проблемалық ситуацияны құру, алдын-ала жұмыс істеудегі қиындықтарды реттеуді қамтамасыз ету. Мұғалім қызметі: оқушыларды топқа бөлу үшін оқушыларға центрлік симметриялы, осьтік симметриялы және симметриясы жоқ суреттер тобын таратады; тапсырма шартын түсіндіреді; таныстырылым арқылы симметрия ұғымы туралы баяндайды; оқушыларға бағыттаушы сұрақтар қою арқылы бағдар береді. Оқушы қызметі: мұғалім баяндауын тыңдайды, ойланады және сұраққа жауап береді; симметрия түрлерінің болу мүмкіндігін қарастырады, болжамдар жасайды; гипотезаларын ұсынады, өз пікірін білдіріп, негіздейді, басқалардың пікірін тыңдап, ортақ шешімге келеді. Олар қорытынды жасайды: 1 топқа центрлік симметриялы, 2-ші симметриясыз, 3-ші сол және оң жақ бөліктері тең, түзуге қарағанда симметриялы фигуралар топтастырады. Бүгінгі сабақ тақырыбы, мақсаты мен бағалау критерийлерін қалай тұжырымдай аласыздар? Мақсаты: Сабақ тақырыбы, мақсаты мен бағалау критерийлерін тұжырымдап айта алу. Мұғалім қызметі: сабақ тақырыбы, мақсаты мен бағалау критерийлерін оқушылардың өздері тұжырымдауға сұрақтар қою арқылы итермелеу. Сабақтың тақырыбы: Осьтік және центрлік симметрия ұғымы. Сабақтың оқу мақсаты: осьтік және центрлік симметрия ұғымын меңгереді. Бағалау критерийлері:
Оқушы қызметі: Сабақ тақырыбын, мақсаты мен бағалау критерийлерін талқылап, тұжырымдайды, дәптерлеріне сабақ тақырыбын жазады. | Қосымша 1. | ||||
Сабақтың ортасы 12-17 мин 17-22 мин 22-25 мин 25-30 мин 30-35 мин | Топтық жұмыс. Тапсырма 2. Парақ бетіне а түзуін сызып, оның бойымен парақты бүктеңдер. Бүктелген парақтың сыртқы бетіне қандай да бір өрнектің жартысының суретін салыңдар. Қағаздағы салынған суретті қайшымен қиып алыңдар. Қағаздың бүктеуін жазыңдар. Сонда қандай сурет алынды? Алынған суретті салыстырыңдар? Әр топ өз қорытындыларымен бөліседі. Қорытынды: Егер түзу бойымен бүктегенде жазықтықтағы екі фигура бір-бірімен беттесетін болса, ондай фигуралар түзуге қатысты симметриялы фигуралар деп аталады. Симметриялы фигуралар өзара тең болады. Тапсырма 3. Нұсқау бойынша О нүктесіне қатысты симметриялы болатындай етіп, кесіндісін кесіндісіне бейнелеңіз, егер О нүктесі кесіндіден тыс орналасса. Салу алгоритмі (нұсқау).
Мақсаты: кесіндісін кесіндісіне центрлік симметрияда бейнелей алу. Фигураның центрлік симметрияда бейнелеуді білу және түсіну. Мұғалім қызметі: оқушылардың нүктеге қатысты симметриялы фигураларды салуын бақылау және қажеттілігіне қарай сұрақтар арқылы жетелейді; таныстырылым арқылы берілген фигураларды оське және центрге қарағанда симметрияны салу жолдарын көрсетеді. Оқушы қызметі: салу алгоритмі (нұсқау) бойынша кесіндісіне центрлік симметриялы кесіндісін салады; өзара талқылап, фигуралардың центрлік симметриялы фигураларын салуды тұжырымдайды. Бағалау критерийі:
Тапсырма 4. l түзуіне қатысты симметриялы болатындай етіп, кесіндісін кесіндісіне бейнелеңіз, егер l түзуі кесіндіден тыс орналасса. Кесінді қалай өзгерді? және АВ кесіндісі туралы сәйкес қорытынды жасаңыз. Мақсаты: кесіндісін кесіндісіне осьтік симметрияда бейнелей алу. Фигураның осьтік симметрияда бейнелеуді білу және түсіну. Мұғалім қызметі: оқушылардың түзуге қатысты симметриялы фигураларды салуын бақылау және қажеттілігіне қарай сұрақтар арқылы жетелеу. Оқушы қызметі: кесіндісіне осьтік симметриялы кесіндісін салады; өзара талқылап, фигуралардың осьтік симметриялы фигураларын салуды тұжырымдайды Тапсырма 5. АВС үшбұрышына осьтік және центрлік симметриялы үшбұрышын салыңыздар және салу алгоритмін құрыңыздар. Бағалау критерийі:
| Қосымша 2.
tube.com/watch ?v=fbJEG_klEvg Қосымша 3. Bilimland.kz Математика -6 Т.А.Алдамұратова, Т.С.Байшоланов, «Атамұра» 2011 Қосымша 4. . | ||||
Сабақтың соңы 35-38 мин 38-40мин | Сабақ барысындағы оқушылардың берген жауаптарына қарай бағалау жасап, сабақ қорытындыланады. Бағалау: Рефлексия.
Үйге тапсырма: Шығармашылық тапсырма: «Осьтік және центрлік симметрия» тақырыбына суреттер аппликациясын жасау | Қосымша 5. | ||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы. АКТ-мен байланыстар | ||||
Оқушыларға ашық сипаттағы тапсырма ұсынылады оқушылар әр түрлі шешімдер ұсынуы мүмкін. Кейбір оқушылар тапсырманы өздері орындайды, ал кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты әрі нақты көмек көрсетіледі. Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізіледі. | Мұғалім оқушылардың тапсырманы орындауға және диалогтарға қаншалықты қатысқандығын бағалау критерийлері бойынша бақылау жолымен бағалайды. | Оқушылардың көңіл-күйлерін бақылау. Оқушылардың дұрыс отыруы қадағаланады | ||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру