Нүктелердің координаталары. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жазықтықтағы координаталар | Орал қаласындағы физика - математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Кариева Г.Ж | |||||||
Сынып: 6 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||
Сабақ тақырыбы: | Нүктелердің координаталары | |||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.3.1.4 координаталар жүйесінде координаталары бойынша нүктені салу және координаталық жазықтықтағы нүктелердің координаталарын табу | |||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар:
| |||||||
Бағалау критерийлері | Білу: нүктелердің координаталарын жазуды біледі; Түсіну: координаталық жазықтықта берілген нүктелерді координаталары бойынша сала алады;координаталық жазықтықта берілген нүктелердің координаталын таба алады; Қолдану: есеп шығаруда алған білімдерін қолдана алады; | |||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: -кординаталық жазықтықта нүктелердің координаталарын анықтап, есеп шығару барысында талқылау жүргізеді; -Ағылшын тілдегі тапсырмаларды орындауда қажетті терминдерді қолданады; Пәнге тән лексика мен терминология: - координаталар осі, координаталар басы, нүктелердің координаталары, координаталық жазықтық, ширектер Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: - Нүктенің координаталарын табу үшін ... ; -Кординаталық жазықтықтағы нүктенің орнын анықтау үшін ... | |||||||
Құндылықтарды дарыту | Топтық жұмыста - өзара сыйластық, бір-бірін құрметтеу, адамгершілік, бағалауда -шыншылдық, жарқындылық.тарихи материалдар беру арқылы –өзге елдің тарихына деген құрмет | |||||||
Пәнаралық байланыстар | Математика тарихы, география, өмірмен байланыс | |||||||
АКТ қолдану дағдылары | Activ Board –та орындау арқылы интерактив тақтамен жұмыстану дағдыларын дамыту. Сабақтың әр кезеңінде презентациямен тиімді жұмыс жасау дағдылырын қалыптастыру. | |||||||
Бастапқы білім | Координаталар осінде нүктелерді салады. | |||||||
Сабақ барысы | ||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||
Сабақтың басы 2 минут 7 минут 1 минут Сабақтың ортасы 5 минут 5 минут 5 минут 10 минут 1 минут Сабақтың соңы 1 минут 3 минут |
Оқушылармен сәлемдесу, олардың сабаққа даярлықтарын қадағалау.
Мақсаты: пәнаралық байланыс, тақырыпты өмірмен байланыстыру, оқушылардың зейінін аудару, жаңа білімді меңгеруге ынталандыру Мазмұны:координаталық жазықтықтың өмірде билеттерде орындарды белгілеуде және география пәнінде ендік пен бойлық ұғымын беруде, шахмат ойынында қолданылуын көрсету арқылы координаталық жазықтық ұғымын енгізу Мұғалімнің әрекеті: презентацияны пайдаланып, бағыттаушы сұрақтар қою Оқушының әрекеті: оқушылар сұрақтарға жауап береді, пікір алмасады. Бағалау: оқушылардың пікірталастағы белсенділігі марапатталады.
Мақсаты: Р. Декарт жөнінде мәліметпен таныстыру, оқушылардың сауатты сұрақ қоя білу дағдысын қалыптастыру, математика пәніне қызығушылығын арттыру, өзге елдің тарихына деген құрмет білдіруге бағыттау; Мазмұны: оқушылар 2 минутта мәтін бойынша 3 сұрақ құрастырады, орындарынан тұрып 3 оқушыға өз сұрақтарын қойып,жауаптарын алады Мұғалімнің әрекеті: Р. Декарт жөнінде мәлімет жазылған мәтін таратады, оқушыларға тапсырманы орындау бойынша нұсқау береді Оқушының әрекеті: мәліметпен танысу, мәтін бойынша сұрақ қою, жауап алу, бір-бірін бағалау Бағалау:әр оқушы өздерінің сұрақтарына жауап берген оқушыларды критерий бойынша бағалайды. Критерий: -сауатты сұрақ қоя біледі; -сұрақтарға дұрыс жауап береді.
Экранда көрсетіледі, талданады.
Мақсаты: Координаттар жүйесін, коорлинаталық жазықтық ұғымын енгізу. Мазмұны: Презентация бойынша бағыттаушы сұрақтар қою арқылы жаңа білімді меңгеру жүзеге асырылады:
Мұғалімнің әрекеті:. Көмекші сұрақтар қою арқылы тақырыпты терең түсінуге ықпал етеді. Оқушының әрекеті: Сұрақтарға жауап береді, жаңа білімді игеруге әрекеттенеді, қорытынды жасайды Бағалау: сабаққа белсенді қатысып отырған оқушылар ауызша мадақталады.
Мақсаты: Нүктелердің координаталарын анықтау ережесін тұжырымдау, ереже бойынша нүктелердің координаталарын табу Мазмұны:Оқушылар нүктелердің координаталарын анықтау ережесін суретке қарап тұжырымдайды Мұғалімнің әрекеті: оқушылардың топта тұжырымды өз беттерімен жасауына ықпалдасады, қажет жағдайда қажетті фразаларды беру арқылы қолдау жасайды, кері байланыс жасайды Оқушының әрекеті:қажетті фразаларды қолданып, нүктенің координатасын табу ережесін тұжырымдайды, ережені пайдаланып нүктелердің координаталарын табады. Бағалау:топтық жұмыста топтар өз тұжырымдарын тақтадағы ереже арқылы тексереді, өздерін-өздері бағалайды
Мақсаты: Берілген координаталары арқылы нүктені координаталық жазықтықта анықтау ережесін тұжырымдау, ереже бойынша нүктелердің координаталарын табу Мазмұны:Оқушылар нүктелердің орнын координаталары бойынша жазықтықта анықтау ережесін көрсетілім арқылы тұжырымдайды және қолданады. Мұғалімнің әрекеті: оқушылардың топта тұжырымды өз беттерімен жасауына ықпалдасады, қажет жағдайда қажетті фразаларды беру арқылы қолдау жасайды, кері байланыс жасайды Оқушының әрекеті:қажетті фразаларды қолданып, нүктенің координатасын табу ережесін тұжырымдайды, ережені пайдаланып нүктелердің координаталары бойынша нүктені координаталық жазықтықта белгілейді. Бағалау:топтық жұмыста топтар өз тұжырымдарын және нүктелердің координаталарын тақтадағы ереже арқылы тексереді, өздерін-өздері бағалайды Критерий: координаталық жазықтықта берілген нүктелерді координаталары бойынша сала алады
Мақсаты: Өзбеттерімен алған білімдерін бекіту, есеп шығаруда қажетті ережелерді орынды қолдана білу дағдыларын қалыптасытыру. Мазмұны: Оқушыларға жұпта дәптерлеріне координаталық жазықтықты салуды және координаталары көрсетілген нүктелерді салу ұсынылады, соңынан тақтадағы дұрыс жауаппен тексеріледі.Білу және түсіну дағдысына арналған тапсырмалар жұпта, қолдану дағдысына арналған тапсырма жұпта орындалады. Мұғалімнің әрекеті: нұсқау беру, бақылау, қолдау беру Оқушының әрекеті: Тапсырманы дәптерлеріне орындау, жұпта, топта бір-бірін критерий бойынша тексеру Бағалау: жұптық және топтық жұмыс бір-бірін критерий бойынша бағалайды Білу және түсіну дағдысын бағалау критерийі:
Қолдану дағдысын бағалау критерийі:
Практикалық жұмыс: Бірлік кесіндісі 1 см етіп координаталар жүйесін салып, координаталарын көрсетпей 10 нүкте салыңыз.
Менің сабақтағы жетістігім.....________________Бүгінгі сабақтан өзіңе не ала алдың?____________Бүгінгі сабақта нені істей алмадыңдар? Неге? Болашақта нені ескеру керек?_______10. Мұғалім тарапынан сабақта белсенділігі төмен және тақырыпты жеткілікті меңгермеген оқушыларға білімдеріндегі олқылықтарды түзеу бағытында кері байланыс беріледі. | Презентация Қосымша №1 | ||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||
– Сұраққа жауап беруде қабілетті оқушылардын жауаптарын негіздеу талап етіледі; -Қабілетті оқушыларға қолдану деңгейіндегі тапсырмалар дайындалды; | - Топтық жұмыс кезінде ынталандыру, қолдау көрсету -Ауызша сұрақтар-жауап арқылы бағалау. - Рефлексия арқылы өзін, сыныптасын бағалау. | Сабақ үстіндегі оқушылардың көңіл-күйін қадағалап отыру | ||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1:. 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | ||||||||
Қосымша №1
Рене Декарт(1596-1650)француз философы, математик, физик Рене Декарт 1597 жылы 31 наурызда Францияның оң жағындағы Турень провинциясының Лаэ қалашығында дүниеге келген. Рене Декарт дәрежесі төменірек ақсүйек отбасында дүниеге келіпті. Әкесі Joachim сол Лаэдегі Бретань парламентінің мүшесі болып сайлаған екен. 1 жасында Декарттың шешесі өкпе туберкулезі ауыруынан қайтыс болады.
Бала Декартқа шешесінің ауруы жұғып кеткендіктен, денесі әлжуаз, көп ауыратын бала болып өсіпті. Шешесі қайтыс болған соң әкесі басқа қыстаққа кетіп, сонда қайта үйленіпті. Декартты нағашы әжесі бағып өсірген екен. Ол әкесін сирек көріпті, бірақ әкесі оған экономикалық жағынан қамсыздандырып, жақсы тәрбие алуына заттық мүмкіндік жасап беріпті. Бұл оның тұрмыстық істерге назарын аудармай, өз арманына талпынуына мүмкіндік берген көрінеді.
Ол қазіргі заман математикасының дамуына зор үлес қосып, Геометриялық координаттар жүйесін формулаға айналдыруы арқылы "аналитикалық геометрияның атасы" деп аталды
Аңыз:
Бірде ұзақты күн бойы кереуетте жатқан Рене Декартты айнала ызыңдап шыбын ойлантуға мүмкіндік бермей мазасын алыпты.
Сонда ол шыбынды дөп басып соғу үшін оның кез-келген уақыттағы орнын қалай анықтауға болатындығы жөнінде ойлана бастапты.
Нәтижесінде ол кейін адамзат тарихындағы ұлы жаңалықтардың бірі- декарттық координаталар жүйесін ойлап тауыпты-мыс.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру