Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздік. Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу. Математика, 6 сынып, презентация.
Сабақ тақырыбы:
Айнымалысы модуль
таңбасының ішінде берілген
бір айнымалысы бар
сызықтық теңсіздік.
Оқу мақсаттары:
Бағалау критерийлері:
Психологиялық ахуал
«Неге?» тренингі
Оқушылар шеңбер бойымен тұрады да, бір-біріне белгілі
бір сөйлем айтады да келесі оқушыға «неге?» деген сұрақ
қояды. Ол оқушы ары қарай жауаппен жалғастырады да,
«неге?» деген сұрақ қояды. Мысалы, Бүгінгі сабақ ерекше
өтеді неге? Келесі оқушы: Өйткені біз сабаққа қызығушылықпен
қатысамыз неге? т.с.с. жалғасады.
«Кім жылдам»
Жаңа сабақ.
Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер
|x| > 6; |x| ≥ 2; |x + 2| ≤ 7 – айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер.
Егер a > 0 болса:
|x| ≤ а теңсіздігі –а ≤ x ≤ а теңсіздігімен немесе теңсіздіктер жүйесімен мәндес.
|x| < а теңсіздігі –а < x < а теңсіздігімен немесе теңсіздіктер жүйесімен мәндес.
Мысалдар.
|x| ≤ –5,7 теңсіздігі –5,7 ≤ x ≤ 5,7 теңсіздігімен мәндес.
|x| < 7 теңсіздігі –7 ≤ x ≤ 7 теңсіздігімен мәндес.
а > 0 болса:
|x| ≥ а теңсіздігінің шешімдері – x ≥ a, x ≤ –a теңсіздіктер шешімдерінің бірігуі.
|x| > а теңсіздігінің шешімдері – x > a, x < –a теңсіздіктер шешімдерінің бірігуі.
Егер a < 0 болса, онда:
|x| ≤ а және |x| < а теңсіздіктерінің шешімдері болмайды.
|x| ≥ а және |x| > а теңсіздіктерінің шешімдері – (–∞; ∞) аралығындағы кез келген сан.
Мысалдар.
Жалпы сыныппен жұмыс.
№1. Кестені толтыр. Жауабы дұрыс болса, «+» белгісін, қате болса, «–» белгісін қой.
№2. |2x – 2| < 8 теңсіздігін шеш.
№3. |x – 4| ≤ 6 теңсіздігін шеш.
Сергіту сәті:
Қолдарын кеудесіне қойып - Менің,
Қолдарын жайып - Отаным,
Шапалақтап - Қазақстан!
Жоғары- төмен қарайық,
Оңға, солға түзу тұр.
Бойымызға күш жинап,
Біз дем алып алайық.
Жұптық жұмыс.
Үйге тапсырма: №1074 есеп.
Рефлексия:
«Нысана»
Сары түсті шеңбер «бұл тақырып маған өте қызық болды...»
Қызыл түсті шеңбер «маған бәрі түсінікті!»
Көк түсті шеңбер «маған көмек қажет»
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру