Алгебралық өрнекті түрлендіру. Математика, 6 сынып, қосымша материал.
Сабақты өткізуге әдістемелік ұсыныстар
Алгебралық өрнекті түрлендіру
Оқу мақсаттары: 6.2.1.9 алгебралық өрнектерді тепе-тең түрлендіруді орындау.
Сабаққа қажетті құралдар: тақырып бойынша таныстырылым; таратпа материалдар (дидактикалық материал).
Бағалау критерийі:
Бұл сабақта оқушы:
- жақшаларды ашу ережесін қолданады;
- алгебралық өрнекті анықтайды;
- алгебралық өрнектерді ықшамдайды.
Негізгі ұғымдар, анықтамалар.
|
Сабақтың қысқаша түсіндірмесі.
Жұпқа бөлу үшін «Жұбыңды ізде» ойыны ұйымдастырылады.
Оқушыларға алгебралық өрнектер таратылады. Оқушылар өзіндегі алгебралық өрнектің жауабы бар оқушымен жұптасады. Мысалы:
22+4 сәйкес 134; 27+14 сәйкес 5+26;
-(7+3) сәйкес –13+ 3; 5+(5-10) сәйкес 70 т.б.
Мұғалім жұптық жұмыс пен әр оқушының жұпта атқаратын рөлі туралы ережені жасап, тиімді жұптық қарым-қатынасты ұйымдастырады.
«Жақын арада даму аймағын» анықтау.
Оқушылардың меңгерген білімдерін саралап, ширату жаттығуын жүргізу үшін «Серпілген сұрақ» әдісі қолданылады. Оқушылар бір-біріне сұрақ қою арқылы ойларын тұжырымдап, меңгерген білімдерін қорытындылайды.
Осыдан соң сабақ мақсаты мен бағалау критерийі айтылады. Бағалау критерийі оқушылармен таңдалады.
Мұғалім оқу мақсатын айтып, оқушыларға сабақ мақсатын қоюды ұсынады
Олай болса бүгінгі сабақтың мақсатына жету үшін нені білуіміз керек?-деген сұрақ қойылады. (оқушылар өз ойларын айтады). Демек біз бағалау критерийлерін құрдық . Бағалау критерийлері айтылып, тақтаға жазылады.
Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерін оқушылардың түсінуі үшін, сынып ауқымында талқылау пайдаланылады.Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізіледі.
Жаңа сабақты түсіну.
Жұптық жұмыс.
Оқушыларға жұпта келесі тапсырманы орындау ұсынылады. Бұл ашық сипаттағы тапсырма және оқушылар әр түрлі шешімдер ұсынуы мүмкін. Бұл оқушылардың тақырыпты қаншалықты түсінгенін анықтауға мүмкіндік береді.
Тапсырма 1.
Сабақта мұғалім Бижанға xy – xz өрнегінің х, у және z-тің берілген мәндеріндегі мәнін табуды ұсынды. Мұндағы x=2,3, y=0,8, z=0,2.
Бижан өрнектің мәнін табу үшін төмендегідей үш амал орындады.
xy – xz=2,30,8 – 2,30,2=1,84 – 0,46=1,38.
- Шешімдер дұрыс па? Сіздер неге олай ойлайсыздар?
- Ал сіздер өрнектің мәнін қалай табар едіңіздер?
- Берілген өрнектің мәнін екі амал ғана орындап, қалай табуға болады?
Оқушылардың жауаптарын тыңдалады.
Дер кезінде кері байланыс беріледі. Өткен сабақта ұқсас қосылғыштарды біріктіргенде, жақшаларды ашу сияқты түрлендірулерді орындағанда теңбе-теңтүрлендіру жасағандары айтылады. Өрнектерді теңбе-тең түрлендірулер өрнектердің мәндерін есептеп шығарғанда және басқа да есептер шығарғанда қолданылады.
Оқушылардың тепе-теңдіктің анықтамасы мен тепе-тең түрлендірулер түсінігіне назар аударылады.
Жаңа сабақты меңгеру.
Сыныппен жұмыс.
Бұл тапсырманы оқушылар өз бетімен орындайды. Егер санды өрнектің мәнін табу мүмкін болмаса, онда санды өрнектің мағынасы болмайтынын айтып шығаруына назар аудару.
Тапсырма 2.
- Өрнектің мәнін табыңыз. Қандай санды өрнектердің мағынасы болмайтындығын анықтаңыз. Неге мағынасы болмайды деп ойлайсыз.
; ә) ; б) ;
в) ; г) ; ғ) .
Шешуі: а) 7+0=7; ә) 7*0=0; б) 7-0=7; в) 7:0=анықталмаған; г) =анықталмаған;
ғ) .
- * тұрған орындарды арифметикалық амалдармен толықтырыңыз (қажет болған жағдайда жақшаны пайдаланыңыз).
а) 16 * 0,6 * = 0; ә) 16 * 0,6 * - мағынасы жоқ;
б) 16 * 0,6 * 5 * 3 – мағынасы жоқ;
в) =0; г) - мағынасы жоқ.
Жауабы: а)16 ·(0,6 - )=0; ә)16 :(0,6 - ) - мағынасы жоқ;
б) 16:(0,6 · 5 – 3) – мағынасы жоқ;
в) =0; г) - мағынасы жоқ.
Бірнеше оқушылардан тақтаға шығып өз жауаптарымен бөлісулері сұралады. Жауаптардың дұрыс па жоқ па екенін қалған оқушылардан сұрап талқыланады.
Тапсырманы орындағаннан кейін дайын шешімдер арқылы жұптар өзара бірін-бірі тексереді.
Жаңа сабақты бекіту.
Бұл тапсырманы оқушыларға өз беттерімен орындату ұсынылады. Бұл тапсырманы орындау барысында оқушылардан «жақшамен және жақшасыз берілген өрнектер теңбе-тең өрнекбола ма?»- деп сұраңыз. Бұл оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергенін анықтауға мүмкіндік береді.
Тапсырма 3.
- 2(b – a), - 2(a - b), - 2a – 2b, - 2a + 2b өрнектерінің арасынан 2b – 2а өрнегіне теңбе-тең болатындарын табыңдар.
Жауабы: 2(b – a), - 2(a - b), - 2a + 2b.
- Өрнекті ықшамдаңыз және айнымалының берілген мәнінде өрнектің мәнін табыңыз.
а) 4 z – z + 1 z, егер z= ;
б) k – k + k , егер k = 2 ;
в) 2 х – х + 1 х , егер х = ;
г) b – b + b, егер b = 4 .
Шешуі: а) *=2
б)
в)
г)
Оқушылар өз жұмысын тақтадағы жауаппен салыстырып, тексеру арқылы өзінің тақырыпты қаншалықты игергенін анықтайды.
Тапсырма 4.
Бұл тапсырмаларды барлық оқушы орындау міндетті емес. Тапсырманы саралап беруге болады.Бұл тапсырма оқушылардың білімін тереңдетуге мүмкіндік береді.
- Кез келген а мен b сандары үшін берілген теңдік тура бола ма? Жауабыңызды негіздеңіз.
а) =+; ә) =.
Жауабы: а) болмайды.
ә) болады.
2. = екендігі белгілі, х=y десек, тура бола ма?
Жауабы: болмайды.
Оқушылар өз жұмысын дайын жауаппен салыстырып, тексеру арқылы өзінің тақырыпты қаншалықты игергенін анықтайды.Мұғалім оқушыларды сұрақтар қою арқылы бағалайды. Сабақ барысында ерекше қабілет көрсеткендерге мадақтауды, мотивациялау мақсатында жеке дара жетістіктерімен ынталарын ескеріп ауызша бағалау қолданылады.
Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:
- нені білдім, нені үйрендім;
- нені толық түсінбедім;
- немен жұмысты жалғастыру қажет.
Үйге тапсырма:
Қандай да бір теңбе-теңдік құрастырыңыз:
1) Бір айнымалысы бар;
2) Екі айнымалысы бар;
Құрастырылған теңбе-теңдікке сәйкес келетін тапсырма құрастырыңыз.
Пайдалы әдебиеттер мен сілтемелер:
- Дорофеев Г.В., Петерсон Л.Г. Математика. 6 класс. Часть3.
- Дорофеев Г.В., Петерсон Л.Г. Математика. 7 класс. Часть3.
- Т.А. Алдамұратова, Т.С. Байшоланов, «Атамұра» 2011, Математика -6, 3-басылым.
- https://infourok.ru/sinip-matematika-algebrali-rnekterdi-mni-tairibina-isa-merzimdi-zhospar-835566.html
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру