Алгебралық өрнекті түрлендіру. Математика, 6 сынып, қосымша материал.


Сабақты өткізуге әдістемелік ұсыныстар

Алгебралық өрнекті түрлендіру

 Оқу мақсаттары: 6.2.1.9 алгебралық өрнектерді тепе-тең түрлендіруді орындау.

 Сабаққа қажетті құралдар: тақырып бойынша таныстырылым; таратпа материалдар (дидактикалық материал).

 Бағалау критерийі:

 Бұл сабақта оқушы:

  •  жақшаларды ашу ережесін қолданады;
  •  алгебралық өрнекті анықтайды;
  •  алгебралық өрнектерді ықшамдайды.

 Негізгі ұғымдар, анықтамалар.

  • Өрнекті оған тепе-тең екінші өрнекпен алмастыру тепе-тең түрлендіру немесе түрлендіру деп аталады.
  • Тепе-теңдікті дәлелдеу дегеніміз – айнымалысы бар өрнектің тепе-теңдік болатынын көрсету.

 

 Сабақтың қысқаша түсіндірмесі.

 Жұпқа бөлу үшін «Жұбыңды ізде» ойыны ұйымдастырылады.

Оқушыларға алгебралық өрнектер таратылады. Оқушылар өзіндегі алгебралық өрнектің жауабы бар оқушымен жұптасады. Мысалы:

22+4 сәйкес 134; 27+14 сәйкес 5+26;

-(7+3) сәйкес –13+ 3; 5+(5-10) сәйкес 70 т.б.

 Мұғалім жұптық жұмыс пен әр оқушының жұпта атқаратын рөлі туралы ережені жасап, тиімді жұптық қарым-қатынасты ұйымдастырады.

 Үй тапсырмасын тексеру. Үй жұмысында оқушылар жіберген қателер олардың есінде сақталып қалмау үшін оны түзету. Үйге берілген тапсырма:

 Егер сандардың біреуі 3-ке, ал екіншісі 5-ке еселі болса, онда олардың көбейтіндісі 15-ке еселі болатынын дәлелдеңдер.

 Шешуі: 3-ке еселі сан - 3х

  5-ке еселі сан - 5х, 3х·5х=15х.

 Жауабы: Кез келген санның 15-ке көбейтіндісі 15-ке еселі болады.

Қиындық туғызған оқушыларға нұсқау жасау, уақытылы кері байланыс беру.

  «Жақын арада даму аймағын» анықтау.

 «Жақын арада даму аймағын» анықтау.

 Оқушылардың меңгерген білімдерін саралап, ширату жаттығуын жүргізу үшін «Серпілген сұрақ» әдісі қолданылады. Оқушылар бір-біріне сұрақ қою арқылы ойларын тұжырымдап, меңгерген білімдерін қорытындылайды.Осыдан соң сабақ мақсаты мен бағалау критерийі айтылады. Бағалау критерийі оқушылармен таңдалады.

Осыдан соң сабақ мақсаты мен бағалау критерийі айтылады. Бағалау критерийі оқушылармен таңдалады.

Мұғалім оқу мақсатын айтып, оқушыларға сабақ мақсатын қоюды ұсынады

Олай болса бүгінгі сабақтың мақсатына жету үшін нені білуіміз керек?-деген сұрақ қойылады. (оқушылар өз ойларын айтады). Демек біз бағалау критерийлерін құрдық . Бағалау критерийлері айтылып, тақтаға жазылады.

 Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерін оқушылардың түсінуі үшін, сынып ауқымында талқылау пайдаланылады.Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізіледі.

 Жаңа сабақты түсіну.

 Жұптық жұмыс.

Оқушыларға жұпта келесі тапсырманы орындау ұсынылады. Кейбір жұптар тапсырманы өздері орындайды, ал кейбір жұптарға тапсырманы орындау барысында жан-жақты әрі нақты көмек көрсетіледі.

 Тапсырма 1.

  •  Өрнектің мәнін табыңыз:

 

Шешімі:

 Жауабы: .

 Дескриптор: Білім алушы

 -амалдарды орындаудың ретін анықтайды;

 -рационал сандарды көбейтуді орындайды;

 -рационал сандардың айырмасын табады;

 -өрнектің мәнін табады.

 2. Тиімді тәсілдерді пайдаланып, өрнектің мәнін табыңыз:

 a)

 1-шығарылу жолы:

 

2-шығарылу жолы:

a) 1) ; 2) =-; 3)

4) ; 5)

Жауабы: 1

Есептің қай шығарылу жолы тиімді?

b)

Шығарылуы:

 

 

 

Жауабы: 5

 Дескриптор: Білім алушы

 -тиімді тәсілдерді пайдаланады;

 -көбейтудің үлестірімділік заңын қолданады;

 -аралас сандарды бұрыс бөлшекке айналдырады;

 - көбейтуді орындайды;

 - өрнектің мәнін табады.

 Бірнеше оқушылардан тақтаға шығып өз жауаптарымен бөлісулері сұралады. Жауаптардың дұрыс па жоқ па екенін және шығарылу жолы тиімді ме, қалған оқушылардан сұрап талқыланады.

 Жаңа сабақты меңгеру.

Сыныппен жұмыс.

Бұл тапсырманы оқушылар өз бетімен орындайды. Берілген есептің шешімдерін талдап, оқушылардың шығару барысында жіберген қателерін көрсетіңіз.

 Тапсырма 2.

  •  2+х=2; 2+х=х+2; х=2; 2=2; х=х теңдіктері берілген.

 Берілген теңдіктердің қайсысы теңбе-теңдік болады? Сіздер неге олай ойлайсыздар?

Жауабы: 2+х=х+2; 2=2; х=х.

  •  Кестедегі А өрнегі В өрнегімен алмастырылды.

А

-(а+2)

-m(k-5)

0,2(x+y)

В

- а+2

5m-mk

0,2x+y

Кестеде көрсетілген А мен В өрнектері тепе-тең өрнектер бола ма?Жауабыңызды негіздеңіз.

Жауабы:

А

-(а+2)

-m(k - 5)

0,2(x+y)

В

- а+2

5m - mk

0,2x+y

болмайды

болады

болмайды

 Оқушылардың жауаптарын тыңдалады.

 Дер кезінде кері байланыс беріледі. Өткен сабақта ұқсас қосылғыштарды біріктіргенде, жақшаларды ашу сияқты түрлендірулерді орындағанда теңбе-теңтүрлендіру жасағандары айтылады.

 Өрнектерді теңбе-тең түрлендірулер өрнектердің мәндерін есептеп шығарғанда және басқа да есептер шығарғанда қолданылатыны айтылады.

  Бірнеше оқушылардан тақтаға шығып өз жауаптарымен бөлісулері сұралады. Жауаптардың дұрыс па жоқ па екенін қалған оқушылардан сұрап талқыланады.

 Жаңа сабақты бекіту.

Бұл тапсырманы оқушыларға өз беттерімен орындату ұсынылады. Бұл тапсырманы орындау барысында оқушылардан «алгебралық өрнектің мәндерін қалай табуға болады?»- деп сұраңыз. Сонымен бірге жақшаны ашу немесе жақшаға алу ережесін сұраңыз. Бұл оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергенін анықтауға мүмкіндік береді.

 Барлық оқушыларға өздерінің білімдерін тереңдетуге мүмкіндік беріледі.

 Тапсырма 3.

  •  Өрнекті ықшамдаңыз және айнымалының берілген мәнінде өрнектің мәнін табыңыз.

 а) 6,3х – 4 – 3(7,2х + 0,3) егер ;

 б) 3,2а – 7 – 7(2,1а – 0,3) егер ;

 в) 3,1у – 3 – 4(6,2у + 0,2) егер ;

 г) 5,3b – 6 – 5(3,7b – 0,7) егер .

Шешімі:

а)6,3x-4-21,6x+0,9=-15,3x-3,1=-10,2-3,1=-13,3

б) 3,2a-7-14,7a+2,1=-11,5a-4,9=-6,9-4,9=-11,8

в) 3,1y-3-24,8y-0,8=-21,7y-3,8=-6,2-3,8=-10

 2. Амалдарды орындаңыздар

 a)

 b) :

 c) егер болса, онда өрнегі нешеге тең болады?

 d) теңдеуін шешіңіз.

 e) өрнегін қысқартқанда шыққан өрнек өрнегіне тең. Айнымалылардың қандай мәндерінде бастапқы өрнекпен соңғы өрнек тепе-тең болады?

 f) өрнегін ықшамдаңыздар.

Шешуі:

  a) ;

 b) : ;

c) =-10ab; -10·(-8)=80

d) 5+;

5+=4; 7x=6; x=.

f)

Оқушылар өз жұмысын тақтадағы жауаппен салыстырып, тексеру арқылы өзінің тақырыпты қаншалықты игергенін анықтайды. Оқушылар өз жұмысын дайын жауаппен салыстырып, тексеру арқылы өзінің тақырыпты қаншалықты игергенін анықтайды.Мұғалім оқушыларды сұрақтар қою арқылы бағалайды. Сабақ барысында ерекше қабілет көрсеткендерге мадақтауды, мотивациялау мақсатында жеке дара жетістіктерімен ынталарын ескеріп ауызша бағалау қолданылады.

 Сабақты қорытындылау.

  •  Қандай тапсырмалар қиындық туғызды?
  •  Неліктен?
  •  Жұмыста нені ескермедіңіздер?
  •  Неліктен?
  •  Нәтижені қалай жақсартуға болады?

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім;

- нені толық түсінбедім;

- немен жұмысты жалғастыру қажет.

 

 Пайдалы әдебиеттер мен сілтемелер:

  • Дорофеев Г.В., Петерсон Л.Г. Математика. 6 класс. Часть3.
  • Дорофеев Г.В., Петерсон Л.Г. Математика. 7 класс. Часть3.
  • Т.А. Алдамұратова, Т.С. Байшоланов, «Атамұра» 2011, Математика -6, 3-басылым.
  • https://infourok.ru/sinip-matematika-algebrali-rnekterdi-mni-tairibina-isa-merzimdi-zhospar-835566.html

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу