Алгебралық өрнекті түрлендіру. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.2В Алгебралық өрнектер.

Мектеп:

Тараз қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Каражигитова К.Е.

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Алгебралық өрнекті түрлендіру

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме)

6.2.1.9

алгебралық өрнектерді тепе-тең түрлендіруді орындау.

Сабақ мақсаты

Оқушылар:

• алгебралық өрнектерді тепе-тең түрлендіруді орындай алады.

Бағалау критерийлері

Оқушы:

  • жақшаларды ашу ережесін қолданады;
  • алгебралық өрнекті анықтайды;
  • алгебралық өрнектерді ықшамдайды.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • алгебралық өрнектерің тепе-тең түрлендірулерінің орындауын түсіндіреді.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

  • айнымалы;
  • коэффициент;
  • ұқсас мүшелер;
  • әріпті өрнектің мәні;
  • өрнектерді ықшамдау.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

  • әріпті бөлігі бірдей қосылғыштарды … деп атайды;
  • ұқсас мүшелерді қосу үшін …;
  • егер жақшаның алдында «минус» таңбасы тұрса, онда ...;
  • егер жақшаның алдында «плюс» таңбасы тұрса, онда ….
  • тепе-теңдік – бұл … теңдікті айтады.

Құндылықтарды дарыту

Топта жұмыс жасау арқылы бір-біріне құрмет құндылығын, бірін-бірі тексеру арқылы академиялық адалдық құндылығын,

координаталық түзу жайлы мәтінді оқу арқылы үздіксіз оқу құндылығын дарыту

Пәнаралық байланыстар

Осы сабақта алған білімдері шынайы және физикалық процесстердің математикалық модельдерін құрастыру үшін қажет.

Бастапқы білім

Әріпті өрнек туралы түсінігі бар. Есептің шарты бойынша әріпті өрнекті құрастыра алады. Әріпті өрнектердің мәндерін таба алады. Бүтін өрнектерді түрлендірулерді орындай алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1-3 мин

3-5 мин

5-8 мин

Ұйымдастыру.

Амандасу. Сыныпты түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Жұпқа бөлу.

«Жұбыңды ізде» ойыны ұйымдастырылады.

Оқушыларға сандарға амалдар қолданған үлестірме таратылады. Оқушылар өзіндегі сандық өрнектің жауабы бар оқушымен жұптасады. Мысалы:

22+4 сәйкес 134; 27+14 сәйкес 5+26;

-(7+3) сәйкес –13+ 3; 5+(5-10) сәйкес 70 т.б.

Сабақ тақырыбы мен мақсатын анықтау.

«Жақын арада даму аймағын» анықтау.

Сөйлемді жалғастырыңыз:

  • Егер алдында «+» таңбасы қойылған алгебралық қосынды жақшаға алынса, онда жақшаны ашқанда ...
  • Егер алдында «-» таңбасы қойылған алгебралық қосынды жақшаға алынса, онда жақшаларды ашқанда қосылғыштардың алдындағы таңбаларды ... ауыстырамыз.
  • Ұқсас мүшелерді қосу үшін ... керек.

Осыдан соң сабақ мақсаты мен бағалау критерийі айтылады. Бағалау критерийі оқушылармен таңдалады.

Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізіледі.

Сабақтың ортасы

8-13 мин

13-15 мин

15-25 мин

25-37 мин

Жаңа сабақты түсіну.

Жұптық жұмыс.

Тапсырма 1.

1. Амалдарды орындаңыз (түсіну және қолдану):

a-(b-c+d);

a+(-b+c-d);

a∙(-b+c-d);

-a∙(b-c+d);

0,5a∙3b∙(-4с);

2,6-(-k+1);

1,3a-2+4,6a;

6x-3(x-7);

(3x+y)-(-x-4y).

2.

1

-1

0,5

4

-3

0,9

4(х – 2)

4(2 – х)

  • 4(х – 2) және 4(2 – х) өрнегінің мәндерін тауып, кестені толтырыңыздар;
  • 4(х – 2) өрнегінің мәні мен 4(2 – х) өрнегінің мәндерін салыстырыңыздар.

Жаңа сабақты меңгеру.

Сыныппен жұмыс.

Тапсырма 2.

Өрнектің мәнін табыңыз (талдау):

Сабақта мұғалім Бижанға

а) 1/5 (15x-20y)-0,5(8x+2y), мұндағы x= 1; y= 2;

б) 1/5 (15x-20y)-0,5(8x+2y), мұндағы x= 10; y= 20

өрнектерінің берілген мәндеріндегі мәнін табуды ұсынды.

Бижан өрнектің мәнін табуды төмендегідей орындады.

а) (151 - 202) - 0,5(81 +22) = (15 - 40) - 0,5(8+4)=

= (- 25) – 0,512 = - 5 – 6 = - 12.

  • Шешімдер дұрыс па? Сіздер неге олай ойлайсыздар?
  • Ал сіздер өрнектің мәнін қалай табар едіңіздер?
  • Бижанның есепті шығару жолы мен өзіңіздің есепті шығару жолыңызды салыстырыңыз. Қайсысы тиімді?

3. Өрнектің мәнін тиімді жолмен табыңыз.

б) 1/5 (15x-20y)-0,5(8x+2y), мұндағы x= 10; y= 20.

Оқушылардың жауаптарын тыңдалады. Дер кезінде кері байланыс беріледі. Өткен сабақта ұқсас қосылғыштарды біріктіргенде, жақшаларды ашу сияқты түрлендірулерді орындағанда теңбе-теңтүрлендіру жасағандары айтылады. Өрнектерді теңбе-тең түрлендірулер өрнектердің мәндерін есептеп шығарғанда және басқа да есептер шығарғанда қолданылады.

Бірнеше оқушылардан тақтаға шығып өз жауаптарымен бөлісулері сұралады. Жауаптардың дұрыс па жоқ па екенін қалған оқушылардан сұрап талқыланады.

Жаңа сабақты бекіту.

Жеке жұмыс.

Барлық оқушыларға өздерінің білімдерін тереңдетуге мүмкіндік беріледі.

Тапсырма 3.

  • а мен b айнымалыларының кейбір мәндерінде 2(а+b) өрнегінің мәні – 8,1-ге тең. а мен b айнымалыларының сол мәндеріндегі мына өрнектің мәнін табыңдар.

а) 2(a + b); ә) -0,5(a + b); б) 4a + 4b; в) -5а - 5 b.

  • Өрнекті ықшамдаңыз және айнымалының берілген мәнінде өрнектің мәнін табыңыз.:

а) 6,3х – 4 – 3(7,2х + 0,3) егер ;

б) 3,2а – 7 – 7(2,1а – 0,3) егер ;

в) 3,1у – 3 – 4(6,2у + 0,2) егер ;

г) 5,3b – 6 – 5(3,7b – 0,7) егер .

Оқушылар өз жұмысын тақтадағы жауаппен салыстырып, тексеру арқылы өзінің тақырыпты қаншалықты игергенін анықтайды.

Тапсырма 4.

Бұл тапсырмаларды барлық оқушы орындау міндетті емес. Тапсырманы саралап беруге болады.

  • Теңдік теңбе-теңдік бола ма?

а) = а+5; ә) |+4|=+4;

б) = 0;

в) .

Алгебра -7

Ю.Н.Макарычев,

К.И.Нешков,

Н.Г.Миндюк,

С.Б.Суворова

- Алматы: «Рауан»

Қосымша 1.

Математика -6 Т.А. Алдамұратова, Т.С. Байшоланов, «Атамұра» 2011

Қосымша 3.

Қосымша 4.

Алгебра -7

Ю.Н.Макарычев,

К.И.Нешков,

Н.Г.Миндюк,

С.Б.Суворова

- Алматы: «Рауан»

Сабақтың соңы

37-40 мин

Сабақты қорытындылау.

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім;

- нені толық түсінбедім;

- немен жұмысты жалғастыру қажет.

Үйге тапсырма.

Егер сандардың біреуі 3-ке, ал екіншісі 5-ке еселі болса, онда олардың көбейтіндісі 15-ке еселі болатынын дәлелдеңдер.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.

АКТ-мен байланыстар

Кейбір оқушылар тапсырманы өздері орындайды, ал кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты әрі нақты көмек көрсетіледі. Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізіледі. Барлық оқушыларға өздерінің білімдерін тереңдетуге мүмкіндік беріледі.

Мұғалім оқушыларды сұрақтар қою арқылы бағалайды. Оқушылар сабақ барысында өз-өзін бағалайды және бағалау критерийі бойынша жұптарда бір-бірін бағалайды, сабақ барысында ерекше қабілет көрсеткендерге мадақтауды, мотивациялау мақсатында жеке дара жетістіктерімен ынталарын ескеріп ауызша бағалау қолданылады.

Оқушылардың көңіл-күйлерін бақылау. Оқушылардың дұрыс отыруы қадағаланады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу