Коэффициент. Ұқсас қосылғыштар. Математика, 6 сынып, қосымша материал.


Сабақты өткізуге әдістемелік ұсыныстар.

Коэффициент. Ұқсас қосылғыштар.

6.2.1.6

коэффициент, ұқсас мүшелер ұғымдарының анықтамаларын білу;

Сабақты ұйымдастыру кезеңінен бастаңыз.

Оқушылардың идеялары мен мәліметтерін біріктіру, ойлаудың салдарын ойға түйіп, сол салдарды өз жауапкершілігіне алу, жеке өзгерісті жігерлендіру мақсатында біріккен оқу ортасын құрыңыз.

Үйге берілген тапсырманы тексеруді ұйымдастырыңыз: интербелсенді тақтада есептердің шығарылу жолдары мен жауаптарын көрсетіңіз, ал оқушылар дәптерлеріндегі үй жұмысының есептерінің шығарылу жолдары мен жауаптарын сәйкестендіріп, өзін-өзі бағалау жүзеге асырылады.

Қиындық туғызған тапсырмалар болса нұсқау беріңіз, сыныппен бірге талқылаңыз.

Өтілген материалдарды еске түсіру мақсатында «Ой қозғау»:

1. Екі теріс санды қосу ережесін  тұжырымдаңыз.

2. Таңбалары әр түрлі сандарды қосу ережесін  тұжырымдаңыз.

3. Қарама-қарсы екі санның қосындысы неге тең?

4. Таңбалары бірдей екі санның көбейтіндісі  қалай табылады?

5. Таңбалары әртүрлі екі санның көбейтіндісі қалай табылады?

6. Жақша алдында«+» таңбасы болса, жақша қалай ашылады?

7. Жақша алдында «-» таңбасы болса, жақша қалай ашылады?

8. Көбейтудің үлестірімділік қасиеті қандай?

9. Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару дегеніміз не?

Жаңа білім.

Жаңа тақырыпты оқушылармен бірге ашу, ол үшін «Семантикалық карта» әдісі қолданыңыз.

Ұқсас қосылғыш

айнымалы

Коэффиц

иент

Бос мүше

b

-3

-2; 4; -8; 1

-2b; 4b; -8b; b

Жауабы:

Ұқсас қосылғыш

айнымалы

Коэффиц

иент

Бос мүше

b

+

-3

+

-2; 4; -8; 1

+

-2b; 4b; -8b; b

+

Ынтымақтастық оқу жағдайында оқушылардың топта қарым - қатынас жасай отырып, өз идеяларын ұсына білуге, әртүрлі ұстанымдармен алмасуы, бірігіп нәтижеге жетуін қалыптастыру мақсатында топтық жұмыс ұсыныңыз.

Топтық жұмыс.

Топта жұмыстандыра отырып жаңа материалды түсіндіру, біріккен оқу.

Оқушылар «Ұқсас қосылғыштар», «Үлестірімділік қасиетті қолдану» және «Коэффициент, бос мүше» деп, үш топқа бөлінеді.

I топ.

Көбейтудің үлестірімділік қасиетін қолданып, әріп бөліктері бірдей қосылғыштардан құралған алгебралық қосындыны ықшамдауға болады.

1 - мысал.

алгебралық қосындысы берілген.

қосылғыштарының әріп бөліктері бірдей.

Анықтама. Әріп бөліктері бірдей қосылғыштарды ұқсас қосылғыштар деп атайды.

Тең қосылғыштар да ұқсас қосылғыштар болып табылады.

II топ.

2 - мысал.

Ұқсас қосылғыштары бар алгебралық қосындысын ықшамдайық.

Көбейтудің үлестірімділік қасиетін қолданып, ұқсас қосылғыштардың ортақ әріп бөлігін жақша сыртына шығарып жазайық: .

Мұндағы: - алғашқы өрнек,

с - ортақ әріп көбейткіш,

2с - өрнектің ықшамдалған түрі.

Ұқсас қосылғыштарды қосу ұқсас қосылғыштарды біріктіру деп аталады.

III топ.

3 - мысал.

алгебралық қосындысын қарастырайық.

Мұнда әріп қосылғыштардан бөлек, -2 саны (қосылғышы) бар. Бұл бос мүше, ал әріп қосылғыштардағы z әрпі айнымалы болып табылады.

Көбейтудің үлестірімділік қасиетін қолданып, ұқсас қосылғыштардың ортақ әріп бөлігін жақша сыртына шығарып жазайық:

Мұндағы: - алғашқы өрнек,

- өрнектің ықшамдалған түрі,

- ортақ әріп көбейткіш, айнымалы,

- бос мүше.

Әр топ өздеріне берілген тапсырмаларды тақтада орындап, түсіндіріп біріккен оқу ұйымдастырылады.

Сергіту сәті: «Логикалық тапсырма».

Ауданы басқаларынан өзгеше фигураны табыңыз.

Жауабы: D

Оқушыларды әр түрлі жағдаяттарда нақты шешімдер қабылдай білуге үйрету, жақсы қарым-қатынаста, түсінушілік жағын есте ұстап жұмыстану дағдыларын жетілдіру мақсатында жұптық жұмыс ұсыныңыз. 

Жұппен жұмыс (біртіндеп күрделенген)

№1. Жақшаларды ашып, a айнымалысына қатысты ұқсас қосылғыштарды бір бағанға,

b айнымалысына қатысты ұқсас қосылғыштарды екінші бағанға теріп жазыңыз.

 а) .

№2. өрнегі берілген.

a) ұқсас қосылғыштарын жазыңыз;

ә) берілген өрнекті ықшамдаңыз;

б) коэффициентін жазыңыз;

в) бос мүшесін жазыңыз;

г) болғандағы ықшамдалған өрнектің мәнін табыңыз.

№3. Өрнекті ықшамдап, коэффициент пен бос мүшені жазыңыз:

1) ; 3) ;

5) .

Жауабы:

коэффициент

8

12

5

бос мүше

-21

-8

6

№4. (Есепті шығарудың алгебралық өрнегін құрастырып, оның мәнін табыңыз).

Кітап сөресіндегі кітаптар үш қатарға орналастырылған. Бірінші қатарда n кітап бар. Бірінші қатардағыдан екінші қатардағы кітаптар 1,2 есе артық, ал үшінші қатардағы кітаптар 1,3 есе артық. Кітап сөресінің үш қатарында неше кітап бар? Мұндағы .

Жауабы: 70 кітап.

№5. Өрнекті ықшамдап, коэффициент пен бос мүшені жазыңыз:

3) ;

6).

Жауабы: 2; -1,2 коэффициент.

№6. Амина дәмханаға кіріп, сүтті коктейль алғысы келді. Ол сатушыдан коктейльдің бағасын сұрағанда, оған: «2 тәтті тоқаш пен 3 коктейль 840 тг, ал 3 тәтті тоқаш пен 2 коктейль 880 тг тұрады», - деп жауап берді. 1 коктейль қанша тұрады?

Жауабы: 152 тг.

Слайд арқылы дайын жауапты тақтада көрсетіңіз, жұптар арасында «Карусель» әдісімен өзара бағалау жүргізіледі.

 Әрбір оқушы үйренгені мен өз білімі туралы түсініктерін пайдаланып, қаралған мәселе бойынша ой толғауына мүмкіндік жасап, білімін тиянақты қолдануына жол беру мақсатында жеке тапсырма ұсыныңыз.

Жеке тапсырма

№1. Бір айнымалысы бар ұқсас қосылғыштардың астын бір сызықпен екі айнымалысы бар ұқсас қосылғыштардың астын екі сызықпен сызып көрсетіңіз: ;

№2. Өрнектердің коэффициентін жазып көрсетіңіз:

; ; ; ; .

№3. Өрнекті ықшамдаңыз: а) бос мүшені табыңыз;

ә) болғандағы өрнектің мәнін табыңыз.

Дескриптор: Білім алушы:

  • ұқсас қосылғыштарды анықтайды;
  • коэффициент ұғымын біледі;
  • бос мүшені ажыратады;

көбейтудің үлестірімділік қасиетін қолданады.

Сабақты қорытындылау:

Оқушылар сабақ соңында өз ой толғаныстарын білдіру арқылы бүгінгі тақырып бойынша «Жетістік баспалдағы» стратегиясы көмегімен рефлексия жасап, өздерінің қай сатыда екенін анықтауды ұсыныңыз.

Үйге тапсырма:

№1. Жақшаларды ашып, a айнымалысына қатысты ұқсас қосылғыштарды бір бағанға, b айнымалысына қатысты ұқсас қосылғыштарды екінші бағанға теріп жазыңыз.

  .

№2. Өрнекті ықшамдап, мәнін табыңыз:

 1) , мұндағы ;

2) , мұндағы .

Ресурстар:

  • Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық, 2- басылымы, Т.А. Алдамуратова, Т.С., Байшоланов, Е.С., Байшоланов . – Алматы: Атамұра, 2015 ж. ISBN 9965-34-442-6
  • Берікұлы А., Математика, Логика


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу