Жақшаларды ашу. Коэффициент. Ұқсас қосылғыштар. Ұқсас қосылғыштарды біріктіру. Математика, 6 сынып, қосымша материал.
Сабақты өткізуге әдістемелік ұсыныстар
Жақшаларды ашу. Коэффициент. Ұқсас қосылғыштар. Ұқсас қосылғыштарды біріктіру.
Оқу мақсаттары:
6.2.1.6 коэффициент, ұқсас мүшелер ұғымдарының анықтамаларын білу.
6.2.1.7 алгебралық өрнектерде ұқсас мүшелерді біріктіруді орындау
Сабаққа қажетті құралдар: тақырып бойынша таныстырылым; таратпа материалдар (дидактикалық материал).
Бағалау критерийі:
Бұл сабақта оқушы:
- жақшаларды ашу ережесін қолданады
- ұқсас мүшелерді анықтайды
- алгебралық өрнектерді ықшамдайды
Негізгі ұғымдар, анықтамалар.
ЕРЕЖЕ. Жақша алдында «+» таңбасы болса, жақшаны ашқанда жақша ішіндегі қосылғыштар өз таңбаларымен жазылады: . Жақша алдында «+» таңбасы болғанда, жақшаны ашу АЛГОРИТМІ: 1. Жақшаларды және жақша алдындағы «+» таңбасын жазбау керек; 2. Жақша ішіндегі қосылғыштарды өз таңбаларымен жазу керек. ЕРЕЖЕ. Жақша алдында «-» таңбасы болса, жақшаны ашқанда жақша ішіндегі қосылғыштардың таңбалары қарама-қарсы таңбамен алмастырылады: . Жақша алдында «-» таңбасы болғанда, жақшаны ашу АЛГОРИТМІ: 1. Жақшаларды және жақша алдындағы «-» таңбасын жазбау керек; 2. Жақша ішіндегі қосылғыштардың әрқайсысының таңбасын қарама-қарсы таңбаға алмастырып жазу керек. |
Сабақтың қысқаша түсіндірмесі.
«Жоғары-төмен» схемасы бойынша топқа бөлу. Өз-өзіне сенімсіз оқушылар бір топқа, анағұрлым өздеріне сенімді оқушылар бір топқа топтасады. Өз-өзіне сенімсіз топтағы оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты әрі нақты көмек көрсетіледі.
Мұғалім топтық жұмыс пен әр оқушының топта атқаратын рөлі туралы ережені жасап, тиімді топтық қарым-қатынасты ұйымдастырады.
Үй тапсырмасын тексеру. Үй жұмысында оқушылар жіберген қателер олардың есінде сақталып қалмау үшін оны түзету.
(Есептің шығару өрнегін құрастырып, ортақ көбейткішті жақша сыртына шығарыңыз).
Үшбұрышты тік төртбұрышқа толықтыру тәсілін пайдаланып, сурет бойынша EFK үшбұрышының ауданын табыңыз.
Жауабы: .
Оқушылар дайын жауап бойынша өзін-өзі тексеруге болады немесе бірін-бірі тексеруге болады.
Қиындық туғызған оқушыларға нұсқау жасау, уақытылы кері байланыс беру.
Сабақ тақырыбы мен мақсатын анықтау.
«Жақын арада даму аймағын» анықтау.
Өтілген сабақпен жаңа сабақты байланыстыру.
Тапсырма 1.
Тұжырымдар дұрыс па? Жауабыңды түсіндір.
- Кез келген сандық өрнекке сандық мән табуға болады. Неліктен нақты нақтылаңыз.
Жауабы: Ақиқат.
- Кез келген алгебралық өрнекке сандық мән табуға болады.
Жауабы: Әрқашан емес.
- Бөлшектің бөлімін нөлге теңестіретін айнымалылардың мәндері мүмкін емес болып саналады.
Жауабы: Ақиқат.
Мұғалім оқу мақсатын айтып, оқушыларға сабақ мақсатын қоюды ұсынады
Олай болса бүгінгі сабақтың мақсатына жету үшін нені білуіміз керек?-деген сұрақ қойылады. (оқушылар өз ойларын айтады). Демек біз бағалау критерийлерін құрдық . Бағалау критерийлері айтылып, тақтаға жазылады.
Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерін оқушылардың түсінуі үшін, сынып ауқымында талқылау пайдаланылады.Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізіледі.
Жаңа сабақты түсіну.
Жұптық жұмыс.
Тапсырма 2.
Есеп: Дүкенде 12 қуыршақ k тенгеден және 13 мәшине ойыншығы m тенгеден тұрады. Ойыншықтардың құнын табу үшін өрнекті құрастырыңыз. Дүкенге тағы 7 қуыршақ k тенгеден және 5 мәшине ойыншығы m тенгеден әкелінді.
- Дүкендегі барлық қуыршақтар мен мәшине ойыншықтарының құнын табыңыз.
- Шешіміңізді түсіндіріңіз.
- Осы есепке ұқсас өз мысалыңызды келтіріңіз.
Оқушылар бұл есептің толық шешімін көрсетулері және өз мысалдарын оқулары керек. Барлық жағдайда оқушылар алдағы қадамдарды нақты сипаттау мен неге екенін білуі керек. Және кейіннен әр кезеңде сұрақтар қою және түсінгеніне сенімді болулары керек.Ол үшін мұғалім оқушыларға дер кезінде кері байланыс береді.
Есептің шешімі:
12k+13m
12k+7k+13m+5m=19k+18m.
Тапсырма 2.
Жұптық жұмыс.
3∆+1∎- 6∎+7∆ - 5𝛻;
-5c+2,6a-3,8+8a–7,5c+9ac-10
- Қалай ойлайсыздар, берілген өрнектердегі қандай қосылғыштарды бір-бірімен қосуға болады?
Оқушылар сұрақтарға жауап бергеннен кейін bilimland.kz/kk сайдынан видео көрсетіледі. Ойлан және сұрақтарға жауап беріңіз:
- Ұқсас қосылғыштар дегеніміз не?
- Ұқсас қосылғыштардың коэффициенттері дегеніміз не?
Сосын оқушыларды коэффициент және ұқсас мүшелер анықтамаларын тұжырымдауға жетелеу.
Алгебралық өрнекті жазу барысында коэффициент пен әріпті бөлігіне, ұқсас мүшелерді біріктіруге оқушылардың назарын аудару керек.
Жаңа сабақты меңгеру.
Сыныппен талқылау үшін оқушыларға келесі есептерді ұсынылады.
Тапсырма 2.
Тапсырманы орындамас бұрын оқушылардан жақша ашу, ұқсас мүшелерді біріктіру ережелерін еске түсіру керектігін ескертіңіз.
Тапсырма 1.(Ауызша)
а) 16с + (3с – 2) – (5с + 7) өрнегі берілген.
1) жақшаларды ашыңыз;
2) ұқсас қосылғыштарды атаңыз;
3) коэффициенттерін атаңыз;
4) бос мүшесін атаңыз.
Жауабы: 1) 16с+3с-2-5с-7;
2) 16с; 3с; -5с және -2; -7;
3) 16; 3; -5с;
4) -9.
б) 7 – 3(6у – 4) өрнегі берілген.
1) жақшаларды ашыңыз;
2) ұқсас қосылғыштарды атаңыз;
3) коэффициенттерін атаңыз;
4) бос мүшесін атаңыз;
Жауабы: 1) 7-18у+12;
2) 7; 12;
3) -18;
4) 19.
в) 8c – 2d – 11c + 7d өрнегі берілген.
1) ұқсас қосылғыштарды атаңыз;
2) коэффициенттерін атаңыз;
3) бос мүшесін атаңыз.
Жауабы:
1) 8с; -11с; және -2d; 7d;
3) 8; -11; және -2; 7;
4) жоқ.
Оқушылар өз жұмысын тақтадағы жауаппен салыстырып, тексеру арқылы өзінің тақырыпты қаншалықты игергенін анықтайды. Оқушылардың назарын коэффициент және ұқсас мүшелер анықтамалары мен ұқсас мүшелерді біріктіруге аудару.
Сабақты бекіту кезеңінің алдында 1 минут «Сергіту сәтін» жасатқан абзал.
«Дем алу» жаттығуынан бастаймыз. Ендеше көзімізді жұмып жаттығуды бастаймыз
- Дем алу - дем шығару - үзіліс
- 2 рет дем алу - 2 рет дем шығару - үзіліс
- 3 рет дем алу - 3 рет дем шығару - үзіліс
Жаңа сабақты бекіту.
Жеке жұмыс.
1. Өрнекті ықшамдаңыз:
a)
b)
c)
d)
Дескриптор: Білім алушы
- жақшаларды ашады;
- ұқсас мүшелерді табады;
- өрнекті ықшамдайды.
Жауабы: a) 4,05+x; b) 1,75+x; c) 6,5-5,5a; d) .
- Теңдеулердің түбірлерін табыңыз:
a)
b)
Дескриптор: Білім алушы
- жақшаларды ашады;
- ұқсас мүшелерді табады;
- модульдің қасиетін қолданады;
- теңдеудің түбірін табады.
Жауабы: a)-8; b)1 және -5.
- 5a – 3b – 8a + 12b – 9 алгебралық өрнегінің төменде берілген элементтері мен атауларын сәйкестендіріңіз.
1 | 5a мен (– 8a) | А | коэффициент |
2 | – 3b мен 12а | Ә | бос мүше |
3 | 5; -3; -8; 12 | Б | ұқсас қосылғыштар |
4 | -9 | В |
Жауабы: 1-Б; 2-Б; 3-А; 4-Ә.
Тапсырманы орындағаннан кейін дайын шешімдер арқылы жұптар өзара бірін-бірі тексереді. Мұғалім оқушылардың тапсырмаларды орындауға және диалогтарға қаншалықты қатысатындығын бақылау жолымен бағалайды.
Мұғалім сабақты қорытындылау үшін келесі сұрақтарды ұсынады.
- Қандай тапсырмалар қиындық туғызды? Неліктен?
- Жұмыста нені ескермедіңіздер? Неліктен?
- Нәтижені қалай жақсартуға болады?
Мұғалім оқушыларды сұрақтар қою арқылы бағалайды. Сабақ барысында ерекше қабілет көрсеткендерге мадақтауды, мотивациялау мақсатында жеке дара жетістіктерімен ынталарын ескеріп ауызша бағалау қолданылады.
Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:
- нені білдім, нені үйрендім;
- нені толық түсінбедім;
- немен жұмысты жалғастыру қажет.
Үйге тапсырма: Өзара теңбе-тең өрнектерге үш мысал келтіріңіздер.
Пайдалы әдебиеттер мен сілтемелер:
- Дорофеев Г.В., Петерсон Л.Г. Математика. 6 класс. Часть3.
- Дорофеев Г.В., Петерсон Л.Г. Математика. 7 класс. Часть3.
- Т.А. Алдамұратова, Т.С. Байшоланов, «Атамұра» 2011, Математика -6, 3-басылым.
- https://infourok.ru/sinip-matematika-algebrali-rnekterdi-mni-tairibina-isa-merzimdi-zhospar-835566.html
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру