Жақшаларды ашу. Коэффициент. Ұқсас қосылғыштар. Ұқсас қосылғыштарды біріктіру. Математика, 6 сынып, қосымша материал.


Сабақты өткізуге әдістемелік ұсыныстар

Жақшаларды ашу. Коэффициент. Ұқсас қосылғыштар. Ұқсас қосылғыштарды біріктіру.

Оқу мақсаттары: 6.2.1.5 жақшаны ашу ережелерін білу.

 Сабаққа қажетті құралдар: тақырып бойынша таныстырылым; таратпа материалдар (дидактикалық материал).

 Бағалау критерийі:

 Бұл сабақта оқушы:

  • жақшаларды ашу ережесін қолданады;
  • есептеулерге көбейтудің заңдарын қолданады;
  • ортақ көбейткішті жақша сыртына шығарады.

 Негізгі ұғымдар, анықтамалар.

ЕРЕЖЕ.

Жақша алдында «+» таңбасы болса, жақшаны ашқанда жақша ішіндегі қосылғыштар өз таңбаларымен жазылады:

.

Жақша алдында «+» таңбасы болғанда, жақшаны ашу АЛГОРИТМІ:

 1. Жақшаларды және жақша алдындағы «+» таңбасын жазбау керек;

 2. Жақша ішіндегі қосылғыштарды өз таңбаларымен жазу керек.

ЕРЕЖЕ.

Жақша алдында «-» таңбасы болса, жақшаны ашқанда жақша ішіндегі қосылғыштардың таңбалары қарама-қарсы таңбамен алмастырылады:

.

Жақша алдында «-» таңбасы болғанда, жақшаны ашу АЛГОРИТМІ:

 1. Жақшаларды және жақша алдындағы «-» таңбасын жазбау керек;

 2. Жақша ішіндегі қосылғыштардың әрқайсысының таңбасын қарама-қарсы таңбаға алмастырып жазу керек.

 

 Сабақтың қысқаша түсіндірмесі.

«Жоғары-төмен» схемасы бойынша топқа бөлу. Өз-өзіне сенімсіз оқушылар бір топқа, анағұрлым өздеріне сенімді оқушылар бір топқа топтасады. Өз-өзіне сенімсіз топтағы оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты әрі нақты көмек көрсетіледі.

 Мұғалім топтық жұмыс пен әр оқушының топта атқаратын рөлі туралы ережені жасап, тиімді топтық қарым-қатынасты ұйымдастырады.

 Үй тапсырмасын тексеру, қиындық туғызған есептерге нұсқау жасау, уақытылы кері байланыс беру.Үй жұмысында оқушылар жіберген қателер олардың есінде сақталып қалмау үшін оны түзету.

 Сабақ тақырыбы мен мақсатын анықтау.

  «Жақын арада даму аймағын» анықтау.

 Өтілген сабақпен жаңа сабақты байланыстыру.

Тапсырма 1. Есептеңіз.

Оқушылардан әр кезде өз шешімдерін негіздеп отыруы сұралады. Бұл тапсырма ауызша орындалады.

а) -1-(-3) ә) 9-(-5) б) 5-(-3) в) 9,9-9,9

г) -1-(+8) ғ) -6-(-11) д) 3,5-(+7) е) 6-(-4)

Жауабы: а)2; ә)14; б) 8; в)0; г)-9; ғ)5; д)-3,5; е)10. Ендеше біздің бүгінгі өтетін тақырыбымыз – Жақшаларды ашу.

Мұғалім оқу мақсатын айтып, оқушыларға сабақ мақсатын қоюды ұсынады

Олай болса бүгінгі сабақтың мақсатына жету үшін нені білуіміз керек?-деген сұрақ қойылады. (оқушылар өз ойларын айтады). Демек біз бағалау критерийлерін құрдық . Бағалау критерийлері айтылып, тақтаға жазылады.

 Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерін оқушылардың түсінуі үшін, сынып ауқымында талқылау пайдаланылады.Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізіледі..

Жаңа сабақты түсіну.

Топтық жұмыс.

Тапсырма 1. Топта талқылауға ұсынылады.

1-топқа тапсырма 1.

Сабақта мұғалім Айжан мен Бижанға өрнегіндегі жақшаны ашуды ұсынды. Олардың шешімдері төмендегідей болды.

.

2) .

Шешімдер дұрыс па? Сіздер неге олай ойлайсыздар?

2-топқа тапсырма 1.

Сабақта мұғалім Айжан мен Бижанға өрнегіндегі жақшаны ашуды ұсынды. Олардың шешімдері төмендегідей болды.

.

2) .

Шешімдер дұрыс па? Сіздер неге олай ойлайсыздар?

3-топқа тапсырма 1.

Сабақта мұғалім Айжан мен Бижанға өрнегіндегі жақшаны ашуды ұсынды. Олардың шешімдері төмендегідей болды.

.

2) .

Шешімдер дұрыс па? Сіздер неге олай ойлайсыздар?

4-топқа тапсырма.

Сабақта мұғалім Айжан мен Бижанға өрнегіндегі ортақ көбейткішті жақша сыртына шығаруды ұсынды. Олардың шешімдері төмендегідей болды.

.

2) .

Шешімдер дұрыс па? Сіздер неге олай ойлайсыздар?

Әр топтан бір оқушыдан шығып, топтың шешімімен бөліседі. Сосын оқушыларға оқулықтағы жақшаларды ашу ережелері ұсынылады.

 Жаңа сабақты меңгеру.

Жұппен талқылау үшін оқушыларға келесі есептерді ұсынылады.

Тапсырма 2.

 Оқушылардан жақша ашу, ұқсас мүшелерді біріктіру және ықшамдаулар жұмыс істеу қажеттігін талап етеді. Осы жұмыспен танысар алдында топта және жеке тексеріп олардың түсінгенін тексеріңіз.

 Кейбір оқушылар тапсырманы өздері орындайды, ал кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты әрі нақты көмек көрсетіледі. Барлық оқушылар бір тапсырманы орындаса да олардың нәтижелері әр түрлі болады. Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізіледі.

 Қосымша үшін:

 Жақшаларды қалай жеңіл ашуға болатынын, сосын ұқсас мүшелерді біріктіруге болатынын көрсетіңіз. Бұны көлденеңінен және тік жасауға болады. Егер тік әдісті жою үшін пайдаланса, оларды қосуда берген дұрыс.

1. Өрнектерді ықшамдаңыз:

1)-(1 - x)- (5,1 + x)= ;

2) - (a - x - 3)- (x - a + 2)= ;

3) (a + 3,3 - a)- (3,3 + x)= ;

4) - (2,43 + x - b)- (2,43 + b - x)= ;

5) - (1,53 - x + 1)- (x - a - 2,53)= ;

6) -(a - x)- (5,1 + x)+ a - 5,1 = ;

7) (b - x)- (a - x)+ (a - b)= ;

8) -(a + 3,3) - (x - a) - 3,3 + x =

9) (2,43 + 1,1)- (b + 2,43)+ (b - 1,1)= ;

10) - (1,53 - x + a)- (x - 1,53 - a)- a = .

Тапсырманы орындағаннан кейін дайын шешімдер арқылы жұптар өзара бірін-бірі тексереді. Мұғалім оқушылардың тапсырмаларды орындауға және диалогтарға қаншалықты қатысатындығын бақылау жолымен бағалайды.

 Жаңа сабақты бекіту.

Жеке жұмыс.

Тапсырма 3.

№1. Жақшаларды ашып, өрнектің мәнін табыңыз:

a) b)

Дескриптор: Білім алушы

  • жақшаларды ашу ережесін қолданады;
  • өрнектің мәнін табады.

№760. Жақшаны ашып жазыңыз:

2) 4)

№761. Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығарып жазыңыз:

3)

№764. (Есептің шығару өрнегін құрастырып, ортақ көбейткішті жақша сыртына шығарыңыз).

Ұзындығы a см, ені b см, биіктігі с см тік бұрышты параллелепипедтің қаңқасын жасау үшін ұзындығы неше сантиметр сым керек?

Бірнеше оқушылардан тақтаға шығып өз жауаптарымен бөлісулері сұралады. Жауаптардың дұрыс па жоқ па екенін қалған оқушылардан сұрап талқыланады.

Жауаптары:

№760. 2) 4)

№761. 3) . №764. .

№769. 2)

Дайын жауаптар бойынша өзін-өзі тексеріп, дескриптор боынша өзін бағалайды.

Мұғалім сабақты қорытындылау үшін келесі сұрақтарды ұсынады.

  • Қандай тапсырмалар қиындық туғызды? Неліктен?
  • Жұмыста нені ескермедіңіздер? Неліктен?
  • Нәтижені қалай жақсартуға болады?

Мұғалім оқушыларды сұрақтар қою арқылы бағалайды. Сабақ барысында ерекше қабілет көрсеткендерге мадақтауды, мотивациялау мақсатында жеке дара жетістіктерімен ынталарын ескеріп ауызша бағалау қолданылады.

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім;

- нені толық түсінбедім;

- немен жұмысты жалғастыру қажет.

Үйге тапсырма:

(Есептің шығару өрнегін құрастырып, ортақ көбейткішті жақша сыртына шығарыңыз).

Үшбұрышты тік төртбұрышқа толықтыру тәсілін пайдаланып, сурет бойынша EFK үшбұрышының ауданын табыңыз.

Жауабы: 36π см² . №5. .

 Пайдалы әдебиеттер мен сілтемелер:

  • Дорофеев Г.В., Петерсон Л.Г. Математика. 6 класс. Часть3.
  • Дорофеев Г.В., Петерсон Л.Г. Математика. 7 класс. Часть3.
  • Т.А. Алдамұратова, Т.С. Байшоланов, «Атамұра» 2011, Математика -6, 3-басылым.
  • https://infourok.ru/sinip-matematika-algebrali-rnekterdi-mni-tairibina-isa-merzimdi-zhospar-835566.html

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу