Жақшаларды ашу. Коэффициент. Ұқсас қосылғыштар. Ұқсас қосылғыштарды біріктіру. Математика, 6 сынып, қосымша материал.


Сабақты өткізуге әдістемелік ұсыныстар

Жақшаларды ашу. Коэффициент. Ұқсас қосылғыштар. Ұқсас қосылғыштарды біріктіру.

Оқу мақсаттары:

6.2.1.6 коэффициент, ұқсас мүшелер ұғымдарының анықтамаларын білу.

6.2.1.7 алгебралық өрнектерде ұқсас мүшелерді біріктіруді орындау

 Сабаққа қажетті құралдар: тақырып бойынша таныстырылым; таратпа материалдар (дидактикалық материал).

 Бағалау критерийі:

 Бұл сабақта оқушы:

  •  жақшаларды ашу ережесін қолданады
  •  ұқсас мүшелерді анықтайды
  •  алгебралық өрнектерді ықшамдайды

 Негізгі ұғымдар, анықтамалар.

  • Әріп бөліктері бірдей қосылғыштарды ұқсас қосылғыштар деп атайды.
  • Тең қосылғыштар да ұқсас қосылғыштар болып табылады.

 

  • Коэффициент(лат. co – бірге, бірлесіп және effіcіens – жасап шығаратын) – әріптік өрнектегі сандық көбейткіш немесе айнымалы шаманың тұрақты көбейткіші.

 

 Сабақтың қысқаша түсіндірмесі.

 Жұпқа бөлу үшін «Жұбыңды ізде» ойыны ұйымдастырылады.

 Оқушыларға алгебралық өрнектер таратылады. Оқушылар өзіндегі алгебралық өрнектің жауабы бар оқушымен жұптасады. Мысалы:

  2(x+4) сәйкес 2x+8; 2+(3+а) сәйкес 5+а;

  -(а+3) сәйкес –а – 3; 5-(5-с) сәйкес с т.б.

 Мұғалім жұптық жұмыс пен әр оқушының жұпта атқаратын рөлі туралы ережені жасап, тиімді жұптық қарым-қатынасты ұйымдастырады.

 Үй тапсырмасын тексеру. Үй жұмысында оқушылар жіберген қателер олардың есінде сақталып қалмау үшін оны түзету. Үйге берілген тапсырма ашық сипаттағы тапсырма болғандықтан оқушылар көптеген шешімдер ұсынуы мұмкін. Бұл оқушылардың қаншалықты тақырыпты меңгергенін анықтауға мүмкіндік береді.

Қиындық туғызған оқушыларға нұсқау жасау, уақытылы кері байланыс беру.

Сабақ тақырыбы мен мақсатын анықтау.

Мұғалім оқу мақсатын айтып, оқушыларға сабақ мақсатын қоюды ұсынады

Олай болса бүгінгі сабақтың мақсатына жету үшін нені білуіміз керек?-деген сұрақ қойылады. (оқушылар өз ойларын айтады). Демек біз бағалау критерийлерін құрдық . Бағалау критерийлері айтылып, тақтаға жазылады.

 Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерін оқушылардың түсінуі үшін, сынып ауқымында талқылау пайдаланылады.Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізіледі.

 Жаңа сабақты түсіну.

 Жұптық жұмыс.

Тапсырма 1.

Оқушыларға жұпта келесі тапсырманы орындау ұсынылады. Бұл ашық сипаттағы тапсырма және оқушылар әр түрлі шешімдер ұсынуы мүмкін. Бұл оқушылардың тақырыпты қаншалықты түсінгенін анықтауға мүмкіндік береді.

 Сабақта мұғалім Айжан мен Бижанға 6 + (7с – 2bс) – (5c + 4bc) өрнегін ықшамдауды ұсынды. Олардың шешімдері төмендегідей болды.

 6 + (7с – 2bс) – (5c + 4bc) = 6 + 7c – 2bc – 5c – 4bc =

 = (7 - 5)c – (2 + 4)bc + 6 = 2c – 2 bc +6.

  •  Шешімдер дұрыс па? Сіздер неге олай ойлайсыздар?
  •  Ал сіздер өрнекті қалай ықшамдар едіңіздер?

 Оқушылардың жауаптарын тыңдап, дер кезінде кері байланыс беріліп, ұқсас қосылғыштарды біріктіру алгоритмін құрастыруды сұралады.

 Бірнеше жұп өз ойларымен бөліседі. Сосын сыныппен бірге ұқсас қосылғыштарды біріктіру алгоритмін жазылады.

 Ұқсас қосылғыштарды біріктіру үшін:

 1. олардың коэффициенттерін қосу керек

 2. алынған нәтижені ортақ әріп бөлікке көбейту керек.

«Көз түйістіру» сергіту сәтін жасау, әрі жұпқа бөлінеді..

Қатысушылар шеңбер бойына тұрып, төмен қарайды. Мұғалімнің бұйрығымен олар көздерін ашып, біреумен көз түйістіруге тырысады. Егер бұл іске асса, онда сол жұп шеңберден шығады.

Ойын барлық жұптар құрылғанша жалғасады.

 Жаңа сабақты меңгеру.

 Жұптық жұмыс.

 Бұл тапсырма бұрын алған білімдері мен дағдыларын жүйелендіруге, оларды практикада қолдануға мүмкіндік береді. Бұл тапсырманы орындаған кезде оқушылардан ұқсас қосылғыштарды біріктіру үшін қандай алгоритм қолданғанын сұраған абзал.

  •  Өрнектерді ықшамдаңыз:

 a)11p+2p +20p–7p-3,8k–k+3,8k+k+a+6,2a–6,5a–a;

 b)-18n – 12n + 10a + b – 10b – a +7,3n + 6,5n;

 c)9a – 9b+ 7a – 9,2m+5a + 15m-1,2a + 5,8m;

 d)-12p + 3k +0,5a - b- 3,2p – 2,3k - 8,8p - 3,7k;

 e)0,5a - b - a – b+ 0,1a - b+ 3,8k + k + a -7,8k.

Жауабы: a)26p-1,3a; b)-16,2n+9a-9b; c) 19,8a-9b+11,6m d) -24p-3k+0,5a-b e) 0,6a-3b-3k

  • кез келген натурал n үшін өрнек 3 ке еселі болатынын дәлелдеңіз.

Шешуі: =18n – 30 – 12n + 6=6n – 24=3(2n-12).

 Тапсырманы орындағаннан кейін дайын шешімдер арқылы жұптар өзара бірін-бірі тексереді. Мұғалім оқушылардың тапсырмаларды орындауға және диалогтарға қаншалықты қатысатындығын бақылау жолымен бағалайды

 Жаңа сабақты бекіту.

 Бұл тапсырманы оқушыларға өз беттерімен орындату ұсынылады.

 1. Өрнекті ықшамдаңыз және айнымалының берілген мәнінде өрнектің мәнін табыңыз.

 а) 12(3с – 1) – 35с + 4(с+6) егер с = - 0,2;

 б) егер ;

 в) егер ;

  г) егер .

 Дескриптор: Білім алушы

  •  жақшаларды ашады;
  •  ұқсас мүшелерді біріктіреді;
  •  өрнекті ықшамдайды;
  •  өрнектің мәнін табады.
  •  Өрнекті ықшамдап, мәнін табыңыз.

Шешімі: a) 12(3с – 1) – 35с + 4(с+6)=36c-12-35c+4c+24=5c+12, 2∙(-0,2)+12=11.

b) =16c-12-10c-8=6c-20, 6∙ - 20=-15.

в) =15-12a-12a+7=22-24a, 22 - 24∙0,5=10.

г) =3,

5∙ + 5∙+6=

  • Өрнекті ықшамдап, мәнін табыңыз.
  • , мұндағы
  • , мұндағы

 Дескриптор: Білім алушы

 - көбейтудің үлестірімділік заңын қолданады;

 - қосудың ауыстырымдылық қасиетін қолданады;

 - ұқсас мүшелерді біріктіреді;

 - өрнектің мәнін табады.

Шешімі:

a)

b) 3a=2+4b; = 5b - 6a + 3b = 5b – 4 - 8b + 3b = -4

Оқушылар өз жұмысын тақтадағы жауаппен салыстырып, тексеру арқылы өзінің тақырыпты қаншалықты игергенін анықтайды. Мұғалім оқушылардың тапсырмаларды орындауға және диалогтарға қаншалықты қатысатындығын бақылау жолымен бағалайды.

Мұғалім сабақты қорытындылау үшін келесі сұрақтарды ұсынады.

  • Қандай тапсырмалар қиындық туғызды? Неліктен?
  • Жұмыста нені ескермедіңіздер? Неліктен?
  • Нәтижені қалай жақсартуға болады?

Мұғалім оқушыларды сұрақтар қою арқылы бағалайды. Сабақ барысында ерекше қабілет көрсеткендерге мадақтауды, мотивациялау мақсатында жеке дара жетістіктерімен ынталарын ескеріп ауызша бағалау қолданылады.

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім;

- нені толық түсінбедім;

- немен жұмысты жалғастыру қажет.

Үйге тапсырма:

(Есепті шығарудың алгебралық өрнегін құрастырып, оның мәнін табыңыз).

Кітап сөресіндегі кітаптар үш қатарға орналастырылған. Бірінші қатарда n кітап бар. Бірінші қатардағыдан екінші қатардағы кітаптар 1,2 есе артық, ал үшінші қатардағы кітаптар 1,3 есе артық. Кітап сөресінің үш қатарында неше кітап бар? Мұндағы .

 Пайдалы әдебиеттер мен сілтемелер:

  • Дорофеев Г.В., Петерсон Л.Г. Математика. 6 класс. Часть3.
  • Дорофеев Г.В., Петерсон Л.Г. Математика. 7 класс. Часть3.
  • Т.А. Алдамұратова, Т.С. Байшоланов, «Атамұра» 2011, Математика -6, 3-басылым.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу