Коэффициент. Ұқсас қосылғыштар. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6.2В Алгебрлық өрнектер

Мектеп: Алматы қаласы ФМБ НЗМ

Атырау қаласы ХББ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Cыздыкова Г.К.

Шамеденова Л.Х.

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

 Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Коэффициент. Ұқсас қосылғыштар.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.2.1.6

коэффициент, ұқсас мүшелер ұғымдарының анықтамаларын білу;

 Сабақ

 мақсаттары

Оқушылар:

  • алгебралық қосындыдағы ұқсас қосылғыштарды анықтайды;
  • алгебралық қосындыдағы қосылғыштардың коэффициенті мен бос мүшесін анықтайды;
  • өрнекті ықшамдауда көбейтудің үлестірімділік қасиетін қолданады.

 Бағалау

 критерийлері

Оқушылар:

  • ұқсас қосылғыштарды анықтай алады;
  • коэффициент ұғымын біледі;
  • бос мүшені ажыратады;
  • көбейтудің үлестірімділік қасиетін қолданады.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • бұл бөлімдегі математикалық терминологияны қолданады;
  • алгебралық өрнектің коэффициентін қалай анықтайтынын түсіндіреді.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

- айнымалы;

- алгебралық өрнек;

- тепе-теңдік

- айнымалының мәні;

- айнымалының мүмкін мәндері;

- коэффициент;

- әріпті бөлігі;

- ұқсас мүшелер;

- әріпті өрнектің мәні;

- өрнектерді тепе-тең түрлендірулері;

- өрнектерді ықшамдау.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

- әріпті бөлігі бірдей қосылғыштарды … деп атайды;

- ұқсас мүшелерді қосу үшін …;

 Құндылықтарды

  дарыту

Өзара пікіралмаса отырып, бір-бірлерінің ойларын бағалап, жауапкершілікті сезіну, өзара сыйластықпен бір командада жұмыс жасау. Құндылықтарды дарыту жұптық және топтық жұмыстар арқылы жүзеге асырылады.

 Пәнаралық

  байланыстар

Оқушыларға алған математикалық білім мен дағдыларды жаратылыстану математика бағытындағы пәндерде, практикада қолдану арқылы ғылыми дүниетанымның қалыптасуына ықпал етеді.

 АКТ қолдану

 дағдылары

Интербелсенді тақтаны қолдану дағдыларын жетілдіру.

Бастапқы білім

Әріпті өрнек туралы түсінігі бар. Есептің шарты бойынша әріпті өрнекті құрастыра алады. Әріпті өрнектердің мәндерін таба алады. Бүтін өрнектерді түрлендірулерді орындай алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0 – 2 мин

2 – 5 мин

Ұйымдастыру кезеңі

Бірлескен оқу ортасын құру.

Үйге берілген тапсырма тексеріледі: мұғалім интербелсенді тақтада есептердің шығарылу жолдары мен жауаптарын көрсетеді, ал оқушылар дәптерлеріндегі үй жұмысының есептерінің шығарылу жолдары мен жауаптарын сәйкестендіріп, өзін-өзі бағалау жүзеге асырылады.

Қиындық туғызған тапсырмалар мұғалімнің нұсқаулығы бойынша, сыныппен бірге талқыланады.

Өтілген материалдарды еске түсіру мақсатында «Ой қозғау»:

1. Екі теріс санды қосу ережесін  тұжырымдаңыз.

2. Таңбалары әр түрлі сандарды қосу ережесін  тұжырымдаңыз.

3. Қарама-қарсы екі санның қосындысы неге тең?

4. Таңбалары бірдей екі санның көбейтіндісі  қалай табылады?

5. Таңбалары әртүрлі екі санның көбейтіндісі қалай табылады?

6. Жақша алдында«+» таңбасы болса, жақша қалай ашылады?

7. Жақша алдында «-» таңбасы болса, жақша қалай ашылады?

8. Көбейтудің үлестірімділік қасиеті қандай?

9. Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару дегеніміз не?

Слайд 4

Сабақтың ортасы

5 – 9 мин

9 – 18 мин

18 19 мин

19 – 26 мин

26 – 27 мин

27 – 35 мин

35 – 37 мин

Жаңа білім.

Жаңа тақырыпты оқушылармен бірге ашу, ол үшін «Семантикалық карта» әдісі қолданылады.

Ұқсас қосылғыш

айнымалы

Коэффиц

иент

Бос мүше

b

-3

-2; 4; -8; 1

-2b; 4b; -8b; b

Жауабы:

Ұқсас қосылғыш

айнымалы

Коэффиц

иент

Бос мүше

b

+

-3

+

-2; 4; -8; 1

+

-2b; 4b; -8b; b

+

Топтық жұмыс.

Топта жұмыстандыра отырып жаңа материалды түсіндіру, біріккен оқу.

Оқушылар «Ұқсас қосылғыштар», «Үлестірімділік қасиетті қолдану» және «Коэффициент, бос мүше» деп, үш топқа бөлінеді.

I топ.

Көбейтудің үлестірімділік қасиетін қолданып, әріп бөліктері бірдей қосылғыштардан құралған алгебралық қосындыны ықшамдауға болады.

1 - мысал.

алгебралық қосындысы берілген.

қосылғыштарының әріп бөліктері бірдей.

Анықтама. Әріп бөліктері бірдей қосылғыштарды ұқсас қосылғыштар деп атайды.

Тең қосылғыштар да ұқсас қосылғыштар болып табылады.

II топ.

2 - мысал.

Ұқсас қосылғыштары бар алгебралық қосындысын ықшамдайық.

Көбейтудің үлестірімділік қасиетін қолданып, ұқсас қосылғыштардың ортақ әріп бөлігін жақша сыртына шығарып жазайық: .

Мұндағы: - алғашқы өрнек,

с - ортақ әріп көбейткіш,

2с - өрнектің ықшамдалған түрі.

Ұқсас қосылғыштарды қосу ұқсас қосылғыштарды біріктіру деп аталады.

III топ.

3 - мысал.

алгебралық қосындысын қарастырайық.

Мұнда әріп қосылғыштардан бөлек, -2 саны (қосылғышы) бар. Бұл бос мүше, ал әріп қосылғыштардағы z әрпі айнымалы болып табылады.

Көбейтудің үлестірімділік қасиетін қолданып, ұқсас қосылғыштардың ортақ әріп бөлігін жақша сыртына шығарып жазайық:

Мұндағы: - алғашқы өрнек,

- өрнектің ықшамдалған түрі,

- ортақ әріп көбейткіш, айнымалы,

- бос мүше.

Әр топ өздеріне берілген тапсырмаларды тақтада орындап, түсіндіріп біріккен оқу ұйымдастырылады.

Сергіту сәті: «Логикалық тапсырма».

Ауданы басқаларынан өзгеше фигураны табыңыз.

Жауабы: D

Жұппен жұмыс (біртіндеп күрделенген)

№1. Жақшаларды ашып, a айнымалысына қатысты ұқсас қосылғыштарды бір бағанға,

b айнымалысына қатысты ұқсас қосылғыштарды екінші бағанға теріп жазыңыз.

 а) .

№2. өрнегі берілген.

a) ұқсас қосылғыштарын жазыңыз;

ә) берілген өрнекті ықшамдаңыз;

б) коэффициентін жазыңыз;

в) бос мүшесін жазыңыз;

г) болғандағы ықшамдалған өрнектің мәнін табыңыз.

3. Өрнекті ықшамдап, коэффициент пен бос мүшені жазыңыз:

1) ; 3) ;

5) .

Жауабы:

коэффициент

8

12

5

бос мүше

-21

-8

6

№4. (Есепті шығарудың алгебралық өрнегін құрастырып, оның мәнін табыңыз).

Кітап сөресіндегі кітаптар үш қатарға орналастырылған. Бірінші қатарда n кітап бар. Бірінші қатардағыдан екінші қатардағы кітаптар 1,2 есе артық, ал үшінші қатардағы кітаптар 1,3 есе артық. Кітап сөресінің үш қатарында неше кітап бар? Мұндағы .

Жауабы: 70 кітап.

№5. Өрнекті ықшамдап, коэффициент пен бос мүшені жазыңыз:

3) ;

6).

Жауабы: 2; -1,2 коэффициент.

№6. Амина дәмханаға кіріп, сүтті коктейль алғысы келді. Ол сатушыдан коктейльдің бағасын сұрағанда, оған: «2 тәтті тоқаш пен 3 коктейль 840 тг, ал 3 тәтті тоқаш пен 2 коктейль 880 тг тұрады», - деп жауап берді. 1 коктейль қанша тұрады?

Жауабы: 152 тг.

Слайд арқылы дайын жауапты тақтада көрсетіңіз, жұптар арасында «Карусель» әдісімен өзара бағалау жүргізіледі.

Жеке тапсырма

№1. Бір айнымалысы бар ұқсас қосылғыштардың астын бір сызықпен екі айнымалысы бар ұқсас қосылғыштардың астын екі сызықпен сызып көрсетіңіз: ;

№2. Өрнектердің коэффициентін жазып көрсетіңіз:

; ; ; ; .

№3. Өрнекті ықшамдаңыз: а) бос мүшені табыңыз;

ә) болғандағы өрнектің мәнін табыңыз.

Дескриптор: Білім алушы:

  • ұқсас қосылғыштарды анықтайды;
  • коэффициент ұғымын біледі;
  • бос мүшені ажыратады;
  • көбейтудің үлестірімділік қасиетін қолданады.

Қосымша 1

Слайд 5 - 6

Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық, 2- басылымы

Т.А. Алдамуратова,

Т.С, Байшоланов,

Е.С, Байшоланов . – Алматы: Атамұра, 2015.

ISBN 9965-34-442-6

Қосымша 2

Слайд 7 - 9

Берікұлы А., Математика, Логика

Слайд 10

Қосымша 3

Слайд 11-12

Қосымша 4

Қосымша 5

Слайд 13

Сабақтың соңы

37 – 40 мин

Сабақты қорытындылау:

Оқушылар сабақ соңында өз ойтолғаныстарын білдіру арқылы бүгінгі тақырып бойынша «Жетістік баспалдағы» стратегиясы көмегімен рефлексия жасап, өздерінің қай сатыда екенін анықтайды.

Үйге тапсырма:

№1. Жақшаларды ашып, a айнымалысына қатысты ұқсас қосылғыштарды бір бағанға, b айнымалысына қатысты ұқсас қосылғыштарды екінші бағанға теріп жазыңыз.

  .

№2. Өрнекті ықшамдап, мәнін табыңыз:

 1) , мұндағы ;

 2) , мұндағы .

Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық, 2- басылымы

Т.А. Алдамуратова,

Т.С, Байшоланов,

Е.С, Байшоланов . – Алматы: Атамұра, 2015.

ISBN 9965-34-442-6

Қосымша 6

Слайд 14

Слайд 15

Саралауоқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.

Сабақ үрдісінде ұсынылған тапсырмалар біртіндеп күрделеген. Топпен жұмыс кезінде мұғалім өзі дайындаған үлестірме материалдарды үлестіреді, әр топ постерлерін рәсімдейді. Әрбір тапсырма оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес, әрі оқу бағдарламасына сай дайындалды.

Жұптық жұмыста бірін-бірі бағалау,өзін өзі бағалау, мұғалімнің бағалауы. Әр жұмыстан кейін кері байланыс жасап отыру.

Дұрыс отыруын қадағалау, жұмыстану кезінде емін еркін қозғалыста болу, оқушылардың сергуіне назар аудару.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу