Айнымалы. Айнымалысы бар өрнек. Математика, 6 сынып, қосымша материал.


Сабақты өткізуге әдістемелік ұсыныстар.

Айнымалы. Айнымалысы бар өрнек.

6.2.1.3

алгебралық өрнектегі айнымалының мүмкін мәндерін табу;

6.2.1.4

айнымалылардың қандай мәндерінде алгебралық өрнектің практикалық есептер мәнмәтінінде мағынасы бар болатынын түсіну;

Сабақты ұйымдастыру кезеңінен бастаңыз.

Жалпы сынып оқушыларын татулыққа, ізденімпаздыққа, сыйластыққа, бірін – бірі құрметтеуге бағыттап бірлескен оқу ортасын құрыңыз.

Өткен сабақты қайталау сұрақтары арқылы нақтылаңыз:

  • алгебралық өрнек туралы түсінік, мысал;
  • айнымалылардың өрнектердің мәндерін қалай табады?

Үй тапсырмасын тексеру:

Параллелограмм, сызбасын тексеру, анықтамасын тұжырымдау, болса қасиеттерін нақтылаңыз, өзіңіз де қосымша түсінік беріңіз.

Жаңа материалды оқушылармен бірігіп үйренуді ұсыныңыз.

Топқа бөлу.

«Сиқырлы сандықша» арқылы топтарға бөлу. Оқушылар «Сиқырлы сандықшадан» әртүрлі түспен боялған бірдей дөңгелек фигураларды қалауы бойынша алады. Алынған түстерге байланысты оқушылар 4 топқа бөлінеді.

Топтық жұмыс оқушылардың бірігіп нәтижеге жетуге ұмтылысын арттырады, бұл жерде «өзім» деген ұғым жоқ, бәріміз де түсінуіміз керек деген ниетте бірін – бірі оқытып, қорытындыға келуге жұмыстанады.

Топтық жұмыс

Тапсырма 1.

a = 2 болғандағы берілген өрнектердің мәндерін табыңыз:

  • ; 2) ; 3) .

Тапсырма 2.

х = 4 болғандағы берілген өрнектердің мәндерін табыңыз:

  • ; 2) ; 3) .

Осы орындалған тапсырмалар бойынша топтардың пікірі тыңдалады. х = 4 болған кезде берілген өрнектердің мағынасы болмайды, себебі «0-ге бөлуге болмайды». Бұл жағдайда х – тің қабылдайтын мәндерінің жиыны 4 – тен басқа барлық сандар. Жазылуы:

Айнымалының берілген өрнектің мағынасы болатын мәндерін айнымалының қабылдайтын мәндері деп атайды.

Тапсырма 3.

  • ; 2) ; 3) . 4)

өрнектердің ішінен: y-тің кез келген мәнінде мағынасы болатын өрнектерді таңдап жазыңыз.

Тапсырма 4.

1) өрнегінің мағынасы болмайтын барлық с-ның мәндерін таңдаңыз

1) с= 3;

2) с= 0, с=3;

3) с= 1;

4) с= 0, с= 1.

2) Әрбір өрнекті: ; 2) ; 3) анықталу облысымен сәйкестендіріңіз.

1) ; 2) кез келген сан; 3) ; ; 4)

Тапсырма 5.

  • Бір пункттен бір мезгілде жолаушы x км/сағ жылдамдықпен және велосипедші 12 км/сағ жылдамдықпен шығады. 3 сағаттан кейін олардың арасындағы арақашықтық 45 км-ге тең болады. Егер мұндай жағдай мүмкін болса, жолаушының жылдамдығын табыңыз.
  • Екі жолаушы бірмезгілде бір пункттен қарама-қарсы бағытта шықты. Бірінші жолаушының жылдамдығы 5 км/сағ, ал екінші жолаушының жылдамдығы 4 км/сағ. Егер олардың жылдамдықтары тұрақты болса, онда x (бүтін) сағаттан кейін олардың арасындағы арақашықтық 40 км болуы мүмкін бе?

Тапсырманы орындағаннан кейін оқушыларға қорытынды жасауын ұсыныңыз: практикалық есептердің шартында айнымалының қандай мәндерінде алгебралық өрнектің мағынасы болады?

Тапсырма орындалған соң мұғалім ұсынған дайын жауап арқылы топтар арасында өзара бағалау жүргізіледі.

Оқушыларға жұпта жұмыстануды ұсыныңыз, бір-біріне жолдастық, достық қарым қатынастары дамиды. Бір-біріне бар ынта-жігерлерімен көмектесуге, үйретуге бейім болады, берілген тапсырмаларды бірігіп орындап, нәтижесін дайын жауаппен тексеріп, жұптар арасында өзара бағалау жүргізеді.

Жұптық жұмыс

№1. Айнымалылары бар өрнектің мәнін табыңдар,

m – n = 0,6.

  • ; 2) ; 3) . 4) .

Жауабы: 0,4; 1,5; 2,5; -1.

№2. Өрнектегі n айнымалысының қандай мәнінде өрнектің мағынасы болады:

  • ; 2) ; 3) . 4) ?

Жауабы: ; ; ;

№3.

Мектепаралық жарысқа х оқушы қатысты. Оның 10%-і жеңімпаз болды. Жеңімпаздардың 40 %-і қыздар. Неше қыз жеңімпаз болды? x = 200.

Жауабы: 8 қыз

№4.

Өзеннің ағыс жылдамдығы а км/сағ. Ағыс жылдамдығы катердің жылдамдығының 10%-індей. Катердің өзінің жылдамдығын және катердің ағысқа жылдамдығын жазыңдар.

Жауабы: 10а; 9а.

Дескриптор: Білім алушы:

  • айнымалылары бар өрнектің мәнін табады;
  • айнымалысының қандай мәнінде өрнектің мағынасы болатынын анықтайды;
  • айнымалылардың қандай мәндерінде алгебралық өрнектің практикалық есептер мәнмәтінінде мағынасы бар болатынын түсінеді.

Өзін – өзі оқыту үрдісінің нәтижесін жеке тапсырма орындау арқылы қадағалауға болады. Осындай үрдіс арқылы оқушы жетістікке жету, өзі оқып түсіну дағдысын дамытады

Жеке жұмыс, деңгейлік тапсырмалар

№1. Берілген өрнектердің қайсысының b = - 6 болғанда мағынасы болмайды?

  • ; 2) ; 3) .

Жауабы: 2 және 3

№2. Сәйкестендіріңіз:

Штрихталған фигураның ауданын табыңыз:

  • ; 2) ; 3) ; 4)

Жауабы: 2; 1; 4.

№3. Маратта х марка, Саматта у марка, Талғатта z марка бар. Марат пен Талғат маркаларын қосқанда Саматтың маркасынан 2 есе көп болды. Төменде берілген өрнектің ішінен дұрысын табыңыз.

1) x – y =2z; 2) x + z = 2y; 3) 2x – y = z; 4) 2z – x = y.

Жауабы: x + z = 2y.

Қатар отырған оқушылар дайын жауап арқылы бірін – бірі бағалайды.

Сабақ барысында оқушылар оқулықпен жұмыстанады, бір – біріне түсіндіреді, бірін - бірі бағалайды, өзара пікір алмасады.

Сабақты қорытындылау:

  • алгебралық өрнектегі айнымалының мүмкін мәндерін қалай табамыз?
  • айнымалылардың қандай мәндерінде алгебралық өрнектің практикалық есептер мәнмәтінінде мағынасы бар болады?

Үйге тапсырма

№717. - ті пайдаланып, мына өрнектің мәнін табыңдар:

  • ; 3) ; 5) ;
  • ; 4) ; 6) ;

Сабақ соңында оқудағы іс – әрекеті туралы рефлексия жүргізіңіз.

Рефлексия

Мен бүгінгі сабақта не білдім:

Мен не білдім

Мен не үйрендім

Мен нені түсінбедім

Мен не білуім керек

Ресурстар:

  • Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық, 2- басылымы, Т.А. Алдамуратова, Т.С., Байшоланов, Е.С., Байшоланов . – Алматы: Атамұра, 2015 ж. ISBN 9965-34-442-6
  • А.П.Ершова, В.В.Голобородько. Математика. 5 класс. Самостоятельные и контрольные работы. Москва. Илекса. 2015 г.
  • Математика 6 класс, Н.Я. Виленкин, В.И. Жохов 32-е издание, Москва 2014 г. ISBN 978-5-346-03018-8


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу