Қарама – қарсы сандар. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Пән: математика

Ақтөбе қаласындағы физика-математикалық бағыттағы

Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты- жөні: Шынболатова Ғ.Ж.

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Рационал сандар және оларға амалдар қолдану

Сабақтың тақырыбы

Қарама – қарсы сандар

Алдыңғы меңгерілген білім

Натурал сан, жай бөлшек, оң және теріс сандар, координаталық түзуде сандарды белгілеу.

Оқу бағдарламасына сілтеме

6.1.1.7 - қарама-қарсы сандар ұғымын меңгеру, оларды координаталық түзуде белгілеу;

Сабақтың мақсаты

-алдыңғы сабақта меңгерген білімді қолдана білу;

-қарама-қарсы сандар ұғымын меңгерте отырып, есептер шығаруда сандарды дұрыс ажырата білуге үйрету;

-таңбалар ережесін дұрыс қолдана білуге машықтандыру

Жетістік критерийлері

Қарама-қарсы сандарды біледі;

Таңбалар ережесін қолдана алады;

Тілдік мақсат

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Қазақша

Орысша

Ағылшынша

Натурал сандар

натуральные числа

integers

Оң сан

Положительное число

positive number

Теріс сан

отрицательное число

negative number

Координаталық түзу

координатная прямая

coordinate line

Диалогқа қажет сөз –тіркестері:

Натурал сан, оң және теріс сандардың айырмашылығы, таңбалар ережесі, координаталық түзу, сандарды белгілеу, қарама – қарсы сандар

Құндылықтарды дарыту

Ауызбіршілік (топтық ережені сақтау)

Пәнаралық байланыстар

қазақ тілі, геометрия

Қауіпсіздік ережелері

Локдаун немесе эвакуация кезінде оқушыларды тыныштыққа шақыру, қауіпсіздік ережелерін нұсқауға сәйкес орындау; Көзілдірік киетін оқушыларды тақтаға қарай жақын отырғызу

АКТ қолдану дағдылары

Презентация, интерактивті тақтада тапсырманы орындау

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңдері

Сабақта орындалатын іс-әрекеттер

Оқыту ресурстары

Сабақтың басы

2 минут

Ұйымдастыру бөлімі:

Оқушылармен амандасу. Сабаққа дайындықтарын тексеру.

Топқа бөлу: «Сиқырлы сандар» . Сандарға сәйкес әр оқушы өз тобына жайғасады.

3 минут

Сабақтың ортасы

5 минут

5 минут

8 минут

3 минут

3 минут

5 минут

3 минут

Актуальдау: Оқушыларға жалпы сұрақ қою:

Оң және теріс сандарға қандай анықтама беруге болады?

Оң және теріс сандарды координаталық түзуде қалай белгілейміз?

0 саны оң сан ба, әлде теріс сандарға тиісті ме?

Енді балалар тақтаға назар аударайықшы. Тақтадағы берілген суретке қарап, олардың айырмашылығы неде екенін айтыңыздар.

•ұзын – қысқа;

•толық – арық; (қалың – жұқа)

•күшті – әлсіз

Бұл салыстыруға қолданылған сөздерді қазақ тілі пәнінде жалпы қалай атаймыз?

Қандай сөздер антоним деп аталады?

Антонимдер – мағынасы қарама – қарсы сөздер.

Мысалы: бізді қоршаған әлем өте қызықты, бірақ қарама – қайшылыққа толы. Кішкентай кезіңізден сіздер мейірімділік және ... (зұлымдық) жайындағы ертектерді оқыдыңыздар. Немесе жай ғана күнделікті өмірден мысал келтірсек, құбырдан ағатын су салқын және ыстық түрде болады.

Ал математикада қарама – қайшылық кездеседі ме?

Балалар мысал келтіреді: қосу және азайту, бөлу және көбейту, оң және теріс сандар.

Жаңа сабақ:

Ұ

Арақашықтықты табыңыз:

  • О нүктесінен К дейін;
  • О нүктесінен Р дейін;
  • О нүктесінен М дейін.

Қай нүктелер санақ басынан бірдей қашықтықта орналасқан?

Тапсырманы ауызша талқылау. Жаңа сабақтың тақырыбын, мақсатын анықтау:

- қарама-қарсы сандар ұғымын меңгеріп, есептер шығаруда сандарды дұрыс ажырата білу;

-таңбалар ережесін дұрыс қолдана білу.

Т

Топтарға тапсырма беру:

№316 есеп

а

12

-31

15

0,9

-4

-9

6

Кестені толтыру арқылы келесі сұрақтарға жауап береді:

- Оң санға қарама – қарсы сан?

  • Теріс санға қарама – қарсы сан?
  • Нөлге қарама – қарсы сан?

Топтар өз жұмыстарын ауыстыру арқылы бір – бірін тексереді.

Дескрипторлар:

1)Қарама – қарсы сандарды дұрыс тапқан, кесте дұрыс толтырылған;

2)Сұрақтарға жауап жазған;

Ж

Оқушылар жанында отырған оқушымен бірігіп, келесі тапсырмаларды орындайды: №322, №323, №327

№322 есеп

  • n = -3; 2) – n = 1,9; 3) – n = -5

Жауабы:

n = - 3 n = - 1,9 n = 5

Дескрипторлар:

1)Теңдіктегі n мәнін дұрыс табады;

2) n санын координаталық түзу бойында дұрыс кескіндеген.

№325

Координаталық түзуде А(-5); В(-3); С(2); D(4) нүктелері берілген. Координаталары осы нүктелердің координаталарына қарама – қарсы сан болатын Е,F,K және L нүктелерін белгілеңдер.

Жауабы:

E(5); F(3); K(-2); L(-4)

Дескрипторлар:

  • Е,F,K және L нүктелерінің координаталарын дұрыс тапқан;
  • Е,F,K және L нүктелерін координаталық түзу бойында дұрыс белгілеген.

№327

  • – (*5) = - 5
  • *(-3,9) = 3,9
  • –(*5/8) = 5/8
  • *(+0,2) = - 0,2
  • – (*0,3) = 0,3
  • *( - 0,5) = - 0,5

Жауабы:

  • – (+5) = - 5
  • - (-3,9) = 3,9
  • - (-5/8) = 5/8
  • - (+0,2) = - 0,2
  • – (- 0,3) = 0,3
  • + ( - 0,5) = - 0,5

Дескрипторлар:

  • Жақшаны ашып, теңдікті дұрыс орындай білген;
  • Таңбалардың қатар келу ережесін айтады

Жұптар бір – бірімен жұмыстарын ауыстыру арқылы бір – бірін тексереді.

Ұ

Таңбалар ережесін анықтаймыз:

Таңбалар ережесі:

+(+) = +

- (+ ) = -

+ (-)  = -

(-)- = +

Ө

Оқушылар тақырыпты қаншалықты игергенін анықтау мақсатында өз бетінше, жеке тест тапсырмасын орындайды.

Тест жұмысы: (4 нұсқада)

Оқушылар өз жұмысын тақтадағы жауаппен салыстырып, тексеру арқылы өзінің тақырыпты қаншалықты игергенін анықтайды.

Презентация

А4 қағазы

Математика

6 – класс

Алдамұратова

Қосымша №1

Презентация

Сабақтың соңы

3 минут

Үй тапсырмасы: №320, 321 Берілгенін түсіндіру (1 минут)

Рефлексия/ – 2 минут/ стикерлер

Стратегия «Екі жұлдыз, бір тілек» . Жақсы көңіл күйде сабақты аяқтау

Математика

6 – класс

Алдамұратова

Дифференциациялап оқыту – Оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды?

Бағалау – Оқушылардың білімін қалай тексересіз?

Рефлексия

Сабақ мақсаты/оқу мақсаты қаншалықты жүзеге асты? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Дифференциациялап оқыту өз мәнінде жүзеге асты ма? Өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты).

1:

2:

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу