Оң сандар. Теріс сандар. Координаталық түзу. Қарама-қарсы сандар. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.1В Рационал сандар және оларға амалдар қолдану.

Мектеп:

Тараз қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Каражигитова К.Е.

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Оң сандар. Теріс сандар. Координаталық түзу. Қарама-қарсы сандар.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме)

6.1.1.4 - координаталық түзудің анықтамасын білу және координаталық түзуді салу.

Сабақ мақсаты

Оқушылар:

координаталық түзуді салуды үйренеді.

Бағалау критерийлері

Оқушы:

  • координаталық түзуді сызады;
  • координаталық түзудегі оң бағыт пен теріс бағытты ажырата алады;
  • санақ басын біледі;
  • бірлік шкаласын қолданады;
  • нүктелердің координатасын жазады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

берілген лексика мен терминалогияны сабақта қолданады;

координаталық түзуді салуды сипаттайды.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

оң сан;

теріс сан;

бүтін сан;

қарама-қарсы сандар;

координаталық түзу;

санақ басы;

бірлік кесінді;

оң бағыт;

нүкте координатасы.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

  • координаталық түзуде үлкен (кіші) сан ... кескінделеді;
  • екі теріс санның ішінен ... үлкен;
  • A(-3) жазуын «координатасы минус 3 болатын А нүктесі» деп оқимыз;
  • C(2,6) жазуын «С нүктесінің координатасы екі бүтін оннан алтыға тең» деп оқимыз;
  • 12 саны -21 санынан үлкен, себебі ... орналасады;
  • 3 саны 7,52 санынан кіші, себебі ол координаталық түзуде ... орналасды;
  • берілген санға координаталық түзуде бір ғана нүкте сәйкес келеді.

Құндылықтарды дарыту

Топта жұмыс жасау арқылы бір-біріне құрмет құндылығын, бірін-бірі тексеру арқылы академиялық адалдық құндылығын,

координаталық түзу жайлы мәтінді оқу арқылы үздіксіз оқу құндылығын дарыту

Пәнаралық байланыстар

Координаталық түзу түсінігін қалыптастыру оқушылар 7-сыныпта физика пәнінен өтетін «график осьтерінің координаталарын және кестелерде өлшем бірліктерін дұрыс белгілеуді білу» оқу мақсатын жетік меңгеруе ықпал етеді.

Бастапқы білім

Координаталық сәуле туралы ұғым. Ондық және жай бөлшектерге арифметикалық амалдарды орындай алу. Жай және ондық бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндей алу.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1-5 мин

Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу және сабаққа қатыстып отырған оқушыларды түгелдеу.

Кубизм әдісі бойынша өткен сабақты қайталау.

Сыныппен жұмыс:

Кубтың әрбір жағында бір сұрақтан жазулы тұрады. Кубты оқушылар лақтырғанда қай сұрақ жоғарғы жағында болса, сол сұраққа оқушылар жауап береді. Куб жағындағы сұрақтар:

  • Қандай сандар оң сандар деп аталады?
  • Қандай сандар теріс сандар деп аталады?
  • Қандай сан оң санға да, теріс санға да жатпайды?
  • Оң сандарды, теріс сандарды пайдаланып мысал келтіріңдер?
  • Қазақстандағы ең биік тау шыңы қалай аталады және қанша метр?
  • Әлемдегі ең терең шұңғыма қалай аталады және қанша метр?

Осыдан соң сабақ мақсаты мен бағалау критерийі айтылады. Бағалау критерийі оқушылармен таңдалады.

Сабақтың ортасы

5-15 мин

15-18 мин

18-36 мин

Жаңа сабақты түсіну

  • Оқушыларға 1-тапсырма беріледі.

1) Түзу сызыңыз, оның бойынан О нүктесін белгілеңіз. 2) Бірлік кесіндіні (ОА) таңдап алыңыз. 3) Түзудің бағытын көрсетіңіз.

Тапсырманы орындап болғаннан кейін, мұғалім тақтада 1-суретті көрсетеді.

1 – сурет

Мұндай түзуді координаталық түзу деп атаймыз.

1 минут ойланып, координаталық түзуге өзіміз анықтама беріп көрейік.

Бірнеше оқушылардан координаталық түзудің анықтамасы сұралады. Оларға қолдау көрсетіледі. Сосын төмендегі мәтінді оқу ұсынылады.

2-тапсырма. Мәтінді оқу.

Оң сандар мен теріс сандарды және 0 санын түзу бойындағы нүктелермен кескіндеуге болады.

  • Түзу сызып 1 –сурет, оның бойынан О нүктесін белгілеп, осы нүктені санақ басы ретінде қабылдау керек;
  • Бірлік кесіндіні (ОА) таңдап алу керек;
  • Оң бағытты көрсету керек.

Мұндай түзуді координаталық түзу деп атаймыз.

Координаталық түзу дегеніміз санақ басы болатын О нүктесі және бірлік кесіндісі таңдап алынған, оң бағыты көрсетілген түзу.

О нүктесі координаталық түзуді қарама – қарсы бағытталған екі сәулеге бөледі.

I. Координаталық түзу бойында 0 саны О (санақ басы) нүктесімен кескінделеді: (0).

Координаталық түзудегі оң бағытты стрелкамен белгілеу қабылданған. Координаталық түзудің О нүктесінен (санақ басынан) оң бағытта оң сандар кескінделеді.

II. Координаталық түзу бойында оң сандарды кескіндеу.

Таңдап алынған бірлік кесінді О нүктесінің оң жағына, бір-бірімен жалғастырыла, қажетінше бірнеше рет салынады (2-сурет). Бірлік кесіндіні бірінші рет салғанда оның соңғы А нүктесі 1 санына сәйкес, екінші рет салғанда, оның соңғы В нүктесі 2 санына сәйкес болады. оған жалғастыра бірлік кесіндіні үшінші рет салғанда, оның соңғы С нүктесі 3 санына сәйкес және т.с.с. болады.

2 –сурет

Координаталық түзудегі оң бағытқа қарама-қарсы (солға қарай) бағыт теріс бағыт деп аталып, ол бағытта теріс сандар кескінделеді.

III. Координаталық түзу бойында теріс сандарды кескіндеу. Бірлік кескінді О нүктесінен солға қарай жалғастырыла қажетінше бірнеше рет салынады. Бірлік кескіндіні бірінші рет, оның соңғы D нүктесі – 1 санын, екінші рет салғанда, оның соңғы Е нүктесі – 2 санын кескіндейді. Бірлік кесіндіні үшінші рет салғанда, оның соңғы Ғ нүктесі – 3 санын кескіндейді және т.с.с. Егер осы нүктелерді координаталарымен жазсақ, онда:

D(-1), Е(-2), Ғ(-3), ... .

Координаталық түзудегі бірлік кесіндіні тең бөлектерге бөліп, оң бөлшектерді немесе теріс бөлшектерді кескіндеуге болады.

3 –сурет

Мысалы, координаталық түзу бойында 2,5 санына L нүктесі сәйкес, ал санына N нүктесі сәйкес келеді (3 – сурет).

Берілген санға координаталық түзу бойында бір ғана нүкте сәйкес келеді.

Егер координаталық түзу вертикаль орналасса, онда О нүтесінен (санақ басынан) жоғары қарай оң сандар, ал төмен қарай теріс сандар кескінделеді (4 – сурет).

Ауа температурасын, адам денесінің температурасын өлшейтін термометрдің шкалалары вертикаль координаталық түзу тәріздес орналасқан.

4-сурет

Жаңа сабақты меңгеру.

Жұптық жұмыс:

3- тапсырма.

  • Мәтін бойынша оқушылар бір-біріне сұрақ қояды.

1)Координаталық түзу дегеніміз не?

2)Санақ басы болатын О нүкесінің координатасы неге тең? (0 саны)

3)Координаталық түзу бойындағы О нүктесінің оң жағындағы нүктелердің координаталары қандай сандар? ( оң сандар)

4)Координаталық түзу бойындағы О нүктесінің сол жағындағы нүктелердің координаталары қандай сандар? т.б.

Оқушыларға дер кезінде кері байланыс беріледі. Оқушылар тек сұраққа жауап беріп қана қоймай, сонымен қатар координаталық түзу жайында ой-түйіндерін айтулары тиіс.

Жаңа сабақты бекіту.

Топтық жұмыс:

  • Топқа бөлу.

Оқушылар туған күндерін айтып өсу реті бойынша бір қатарға тұрып, 1 – ші, 2 – ші және 3 – ші деп саналып, үш топқа бөлінеді.

Топтық жұмыста келесі есептер орындалады.

4-тапсырма

  • Домбраны координаталық сәуле бойына орналастырғанда домбыраның тиегіне (А нүктесіне), мойнына (В нүктесіне) және құлағына (С нүктесіне) қандай бөлшектер сәйкес келеді? А, В, С нүктелерін координаталарымен жазыңыз.

Дескриптор: Білім алушы

  • нүктелерді координаталарымен жазады.

1-ші тапсырманы барлық үш топта орындайды.

1 – ші топ: №41, №48.

2 – ші топ: №42, №47(1).

3 – ші топ: №47(2), №52.

Топтық жұмысты Ротация әдісімен бағалайды.

Бағалау критерийлері:

  • координаталық түзу дұрыс сызылған
  • координаталық түзудегі оң бағыт дұрыс көрсетілген
  • санақ басын әріппен және санмен білгіленген
  • бірлік шкаласын қолданады
  • нүктелердің координатасын жазады
  • нүктелердің арақашықтығын табады

Топтар бірін-бірі бағалайды.

Математика -6 Т.А. Алдамұратова, Т.С. Байшоланов, «Атамұра» 2011

Қосымша 1.

Қосымша 2

Математика:

Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық.

Алматы: «Атамұра» 2002

Қосымша 3.

Қосымша 4.

Сабақтың соңы

36-40 мин

Сабақты қорытындылау.

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім;

- нені толық түсінбедім;

- немен жұмысты жалғастыру қажет.

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.

АКТ-мен байланыстар

Кейбір оқушылар тапсырманы өздері орындайды, ал кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты әрі нақты көмек көрсетіледі.. Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізіледі.

Топтық жұмыс Ротация әдісі бойынша бағаланады.

Мұғалім диалогқа оқушылардың қаншалықты қатысқандығын бақылау жолымен бағалайды.

Оқушылардың көңіл-күйлерін бақылау. Оқушылардың дұрыс отыруы қадағаланады, топ ішінде емін еркін қозғалыста болуына мүмкіндік туғызылады.

Топқа бөлу кезінде сегіту жүргізіледі.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу