Рационал сандарды салыстыру. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.1В Рационал сандар және оларға амалдар қолдану | Мектеп: НЗМ ХББ Атырау қаласы | |||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Шамеденова Л.Х. | |||||||||
Сынып: 6 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||
Сабақ тақырыбы | Рационал сандарды салыстыру. | |||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.1.2.12 рационал сандарды салыстыру. | |||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар:
| |||||||||
Бағалау критерийлері | Оқушылар:
| |||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар:
Пәнге қатысты лексика мен терминология:
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:
| |||||||||
Құндылықтарды дарыту | Топтық, жұптық тапсырмаларды орындағанда ынтымақтастық құндылықтарын дарыту. Академиялық әділдікті сақтау және қолдау, өзара жауапкершілікті қалыптастыру. | |||||||||
Пәнаралық байланыстар | Бұл бөлімде алынған білім оқушыларға күнделікті өмірде есеп-қисап жасауда көмек болады, сонымен қатар рационал сандарға амалдар қолдану дағдылары қажет ететін пәндерді жетік меңгеруге ықпал етеді. | |||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Оқушылардың ActiveBoard белсенді тақтаны қолдану дағдыларын қалыптастыру, жетілдіру. | |||||||||
Бастапқы білім | Координаталық сәуле туралы ұғым. Ондық және жай бөлшектерге арифметикалық амалдарды орындай алу. Жай және ондық бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндей алу. | |||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||
Сабақтың басы 0 – 8 мин | Ұйымдастыру кезені. Бірлескен оқу ортасын құру. MathDance бейнебаян көмегімен оқушыларды сергіту. Үй тапсырмасын тексеру. №1. Жауаптар: А нүктесінің координатасы В нүктесінің координатасы С нүктесінің координатасы Өткенді қайталау. Сауалнама: «Оң және теріс сандар» Өзара ауызша бағалау жүргізу. | http://matematika88888.blogspot.com/2011/02/blog–post_09.html слайд 4 Қосымша 1 | ||||||||
Сабақтың ортасы 8 – 18 мин 18 – 23 мин 23 – 30 мин 30 – 35 мин 35 – 38 мин | Жаңа тақырып. Жұптық жұмыс. Мұғалім оқушыларды жұптарға біріктіріп, әр жұпқа тапсырмаларды үлестірме түрінде береді. Бұл тапсырмалар координаталық түзуде рационал сандарды салыстыруды қамтитын тапсырмалар болып табылады. Есептің шешімін көршілес жұптармен талқылап, модуль бойынша салыстырудың ережесін тұжырымдауға ұсынылады. Координаталық түзудегі сандарды көрнекі түрде салыстыру. Координаталық түзу көлденең орналасады. Оң таңбалы сандар нөл санынан оңға қарай орналасады, теріс таңбалы сандар нөлден солға қарай орналасады. Есте сақта! Координаталық түзуде орналасқан екі нүктеден үлкені оңға қарай кескінделеді, ал кішісі – сол жақта кескінделеді. Рационал сандарды салыстыру бойынша қорытынды:
Мысал. Модуль ұғымы арқылы рационал сандарды салыстыру тиімді. Координаталық түзуде екі оң таңбалы сандардың арасынан үлкені оңға қарай, нөлден алшақ орналасады. Себебі ол санның модулі артық. Есте сақта! Екі оң таңбалы сандарды салыстырғанда, модулі үлкен сан үлкен болып табылады. Координаталық түзуде екі теріс таңбалы сандардың арасынан үлкені оңға қарай, нөлге жақын орналасады. Себебі ол санның модулі кіші болып табылады. Есте сақта! Екі теріс таңбалы сандарды салыстырғанда, модулі кіші сан үлкен болып табылады. Мысал. «−6» және «−12» сандарын салыстырыңыз. Координатасы «−12» тең нүктемен салыстырғанда координатасы «−6» тең нүкте нөлге жақын орналасқан. «|−6| < |−12|», сондықтан, «−6 > −12». Жұптық тапсырма. Көп нүктенің орнына дұрыс салыстыру таңбасын қойыңыз: 1. … 0 2. 0 … 0,58 3. … 4. –2,1 … -0,6 5. … 0 6. –9,9 … 0,1 7. … 8. –0,48 … -4,8 9. –5,7 … -5,6 10. 0 … Сыныппен талқылау және жалпы қорытынды шығарып, жазу ұсынылады. Есептер шығару. Сыныппен жұмыс. №1. 3; 2,5; − 5,6; 0,25; − 6,89; 0 сандары берілген. - берілген сандарға карама-қарсы сандарды табыңыз. - әр санның модулін табыңыз. - модулі ең үлкен санды; модулі ең кіші санды таңдаңыз. №2. Бөлшектерді салыстырыңыз: және ; және ; және ; №3. а) Өсу ретімен орналастырыңыз: -2,01; -2,1; -2,001; -2,009; -2,011. в) Кему ретімен орналастырыңыз: ; -0,625; ; ; -0,605. Бағалау мұғалімнің бақылаумен жүргізіледі. Өз бетімен жұмыс. №1. Салыстырыңыз:
№2. Берілген сандарды: 2,8; 0,5; 0; -1; -1,1; 0,1; -1,6 а) өсу ретімен; в) кему ретімен орналастырыңыз. Дескриптор: Білім алушы:
Өзін-өзі бағалау жүргізу. Шығармашылық тапсырма жұппен жұмыстану Сөйлемнің мағынасын түсіндіріңіз: а) температураның өзгерісі t 0C, егер t = 28; -30; -8; 4,5; -1,7. в) серіппе ұзындығы өзгеріcі х мм, х = -10; 12; -9; -4. Жұптар арасында пікірлерін тыңдау, талқылау жүргізіледі. | http://math–prosto.ru/?page=pages/rational/compare_rational_numbers.php слайд 5 Қосымша 2 Слайд 6 Слайд 7 Қосымша 3 Слайд 8 http://www.myshared.ru/slide/164769/ 6 слайд Қосымша 4 http://www.myshared.ru/slide/164769/ презентациясы бойынша слайд 9 Қосымша 5 Слайд 10 Қосымша 6 Слайд 11 | ||||||||
Сабақтың соңы 38 – 40 мин | Қорытындылау:
Үй тапсырмасы: Салыстырыңыз: 1) – 3,7 және - 9,3 2) және Рефлексия: «+», барлығын түсіндім; «+», сұрақтарым бар; «–», қайталау қажет. | |||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы. | ||||||||
Сабақ үрдісінде ұсынылған тапсырмалар біртіндеп күрделеген. Оқушының ойлау қабілетін шыңдау барысында өз бетімен орындайтын тапсырмасы ұсынылады. | Сабақ барысында бірін-бірі бағалау,өзін өзі бағалау, мұғалімнің бағалауы жүргізіледі. Әр жұмыстан кейін кері байланыс жасап отыру. | Дұрыс отыруын қадағалау, жұмыстану кезінде емін еркін қозғалыста болу. | ||||||||
Қосымша 1
Сауалнама: «Оң және теріс сандар» | |
Оқушының аты-жөні: | |
1) 37 санына теріс санды жазыңыз | |
2) 0 санына қарама-қарсы санды жазыңыз | |
3) – 11 санына қарама-қарсы санды жазыңыз | |
4) Өзіне қарама-қарсы санды жазыңыз | |
5) Жақшаны ашыңыз: – (+24) | |
6) Жақшасыз жазыңыз: – (– 18) | |
7) Егер х = – 41, онда – х өрнегінің мәнін табыңыз | |
8) Есептңіз: – (– ( + 3) ) | |
9) Егер а = – 15, онда – (–а) өрнегінің мәнін табыңыз | |
10) 7; – 3; 11; – 8; – 7; 5; – 11; 2; 8; – 1 сандар тізбегінен қарама-қарсы жұп сандарды теріп жазыңыз | |
11) Егер бір санның алдынан жұп «–» таңбасын қоятын болсақ, онда қандай сан (оң немесе теріс) шығады? | |
12) Егер бір санның алдынан тақ «–» таңбасын қоятын болсақ, онда қандай сан (оң немесе теріс) шығады? | |
Top of Form
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру