Рационал сандарды салыстыру. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6.1В Рационал сандар және оларға амалдар қолдану

Мектеп: НЗМ ХББ Атырау қаласы

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Шамеденова Л.Х.

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

 Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Рационал сандарды салыстыру.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.1.2.8

бүтін сандарды салыстыру;

6.1.2.12

рационал сандарды салыстыру.

 Сабақ

 мақсаттары

Оқушылар:

  • бүтін сан, теріс сан, рационал сан ұғымдарын білу;
  • сандарды классификация жасау;
  • координаталық түзуде бүтін және рационал сандарды салыстырып білу.

 Бағалау

 критерийлері

Оқушылар:

  • бүтін сан, теріс сан, рационал сан ұғымдарын біледі;
  • сандарды классификация жасай алады;
  • координаталық түзуде бүтін және рационал сандарды салыстырады.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • берілген бөлімнің математикалық терминологиясын қолданады;
  • координатасы рационал сан түрінде берілген нүктелерді координаталық түзуде кескіндеуін сипаттайды.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

  • оң сан;
  • теріс сан;
  • бүтін сан;
  • қарама-қарсы сандар;
  • рационал сан;
  • бүтін сандар жиыны;
  • рационал сандар жиыны;
  • координаталық түзу.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

  • а санының модулі деп ... аталады;
  • координаталық түзуде үлкен (кіші) сан ... кескінделеді;
  • екі теріс санның ішінен ... үлкен;
  • A(-3) жазуын «координатасы минус 3 болатын А нүктесі» деп оқимыз;
  • C(2,6) жазуын «С нүктесінің координатасы екі бүтін оннан алтыға тең» деп оқимыз.

 Құндылықтарды

  дарыту

Топтық, жұптық тапсырмаларды орындағанда ынтымақтастық құндылықтарын дарыту. Академиялық әділдікті сақтау және қолдау, өзара жауапкершілікті қалыптастыру, өмір бойы білім алу.

 Пәнаралық

  байланыстар

Бұл бөлімде алынған білім оқушыларға күнделікті өмірде есеп-қисап жасауда көмек болады, сонымен қатар рационал сандарға амалдар қолдану дағдылары қажет ететін пәндерді жетік меңгеруге ықпал етеді.

 АКТ қолдану

 дағдылары

Оқушылардың ActiveBoard белсенді тақтаны қолдану дағдыларын қалыптастыру, жетілдіру.

Бастапқы білім

Координаталық сәуле туралы ұғым. Ондық және жай бөлшектерге арифметикалық амалдарды орындай алу. Жай және ондық бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндей алу.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0 – 3 мин

3 – 8 мин

Ұйымдастыру кезені.

Бірлескен оқу ортасын құру.

Әр оқушы бір сөзбен бүгінгі сабақтағы өзінің оқу мақсатын сипаттайды.

Үй тапсырмасын тексеру.

Салыстырыңыз:

1) – 3,7 > – 9,3

2)  >

Өткенді қайталау.

Математикалық диктант.

1. Координаттық түзуде төмендегі нүктелерді белгілеңіз: – 4; – 2; 5; 1; .

2. Рационал сандарды салыстыру ережелерін пайдаланып, дұрыс салыстыру таңбасын қойыңыз:

а) – 4 … 0;

б) – 2,5 … 0;

в) … 0.

3. Сөйлемді аяқтап, қорытынды шығарыңыз:

Нөл саны кез келген теріс саннан ..................................

Өзара ауызша бағалау жүргізу.

http://festival.1september.ru/articles/505059/

Қосымша 1

Слайд 4

Сабақтың ортасы

818 мин

1828 мин

28 – 30 мин

30 – 31 мин

31 – 38 мин

Есептер шығару.

Сыныппен жұмыс.

№1. Есептеңіз:

…;

…;

№2. Салыстырыңыз:

а) ;

б) ;

в) .

№3. ∗ орнына қандай сан қойғанда, дұрыс теңсіздік шығады?

−68,46<−∗8,46

№4. аралас саны қандай бүтін сандар арасында орналасуы мүмкін?

№5. a және b оң сандар, ( a > b), m және n теріс сандар ( m > n). Сандарды салыстырыңыз:

, , .

Өзін – өзі бағалау мұғалімнің бақылаумен жүргізіледі.

Жұптық жұмыс.

№ 1. Келтірілген үш жағдайдың дұрыс немесе дұрыс емес екенін тексеріңіз.

Бірінші: Кеше ауа температурасы − 27°С болған, ал бүгін термометр − 20°С көрсетіп тұр. Бүгінге қарағанда кеше салқын болған.

Жауапты теңсіздік, модуль арқылы дәлелде, сәйкес ережені айтып шығыңыз.

 Жауабы:

 − 27 саны − 20 санынан кіші немесе − 27 < − 20. 

Егер сандардың модульдерін салыстыратын болсақ, онда:  

|−27|>|−20|

27>20

Екі теріс таңбалы сандардың арасынан модулі үлкен сан артық болады

  

Екінші. Кеше термометр − 4°С көрсетті, ал бүгін температура 0°С дейін көтерілді. Бүгінге қарағанда кеше салқын болған.

Жауапты теңсіздік арқылы дәлелде, сәйкес ережені айтып шығыңыз.

Жауабы: − 4 саны  0  санынан кіші немесе – 4 < 0.

Нөл саны кез келген теріс санынан артық.

  

Үшінші: Кеше термометр  − 7°С көрсетті, ал бүгін температура 3°С дейін көтерілді. Бүгінге қарағанда кеше салқын болған.

Жауапты теңсіздік арқылы дәлелде, сәйкес ережені айтып шығыңыз.

Жауабы: − 7 саны 3 санынан кіші  немесе – 7 < 3.

 Кез келген теріс саны кез келген оң санынан кіші.

 

№2. Сандарды өсу ретімен орналастырыңыз:

4,4; − 3,5; 3,48; 0; − 0,5; 4,01; 3,49; − 5,9.

№3. Қайсысы ең үлкен сан: −9;   −30;   9?

№4. −11,35 және −11,34 сандары берілген. Қайсысы ең кіші?

Дайын жауап бойынша жұптар бір - бірін бағалайды.

Өз бетімен жұмыс.

Салыстырыңыз:

−24,7 ..... −20,9; <

..... ; <

.... ; >

−24,7 ...... 0; <

...... 0; <

....... 0; <

2 ......0; >

−24,7 .......1; <

....... ; <

.... ; <

Өзін-өзі бағалау жүргізу.

Тақырыптық тест тапсырмасын орындау:

1. Дұрыс теңсіздікті табыңыз:

А) -52 < -32; Б) 9 < -42; В) 0 <-19; Г) -5 > -2.

  • 2. Дұрыс емес теңсіздікті табыңыз.

А) 7 > 0; б) -10 > -4; в) 11 > -12; г) 0 > -35.

3. Координаталық түзуде берілген сандардың қайсысы сол жаққа қарай орналасады?

А) -20; Б) ; В) 30; Г) 0.

4. Координаталық түзуде берілген сандардың қайсысы оң жаққа қарай орналасады?

А) 16; Б) I-34I ; В) -40; Г) 0.

5. Координаталық түзуде берілген сандар арасында неше натурал сан бар? 1,6 және 4,9?

А) 1; Б) 2 ; В) 3: Г) 4.

6. Координаталық түзуде берілген сандардың қайсысы 7 – ге жақынырақ орналасқан?

А) 4,2 Б) 2,4; В) 5,6; Г) 1,8.

7. – 7,7  саны қай сандардың аралығында орналасқан?

А) -8 ж -7 Б) -7 ж -6 В) -8 ж -9 Г) -7 ж 0.

8. Қарама – қарсы сандарды табыңыз:

А) 0 ж 5; Б) 5 ж - ; В) 5 ж ; Г) 7 ж -7.

9. Табыңыз:

А) 0; Б) -2,52; В) -2,52 ж 2,52; г) 2,52.

10. Берілген сандардың қайсысының модулі ең үлкені?

А) -2,6 ; Б) 53,26; В) -53,72; Г) 7,8.

11. -40, 10 және -20 берілген сандарды өсу ретімен жазыңыз:

А) -20, -40, 10; Б) 10, -40, -20; В) -20, 10, -40; Г) -40, -20, 10.

12. Салыстырыңыз: және .

А) < ; Б) > ; В) = Г) салыстыру мүмкін емес.

13. х – ті табыңыз, егер = 12,3.

А) -12,3 ж 12,3; б) 12,3; в) 0; г) -12,3.

14. -9,8 санының модулі неге тең?

А) -9,8; б) 9,8; в) 0; г) 9,8 ж -9,8.

Жауаптары:

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

А

Б

А

Б

В

В

А

Г

Г

В

Г

В

А

Б

«Карусель» әдісімен бағалау жүргізіледі.

Қосымша 2

Слайд 5

http://www.yaklass.ru/p/matematika/6-klass/ratcionalnye-chisla-13871/sravnenie-chisel-13771/re-c0cec30e-b146-4f64-93c7-b5a21fe472bb

Қосымша 3

Слайд 6

Қосымша 4

Слайд 7

А.П.Ершова

В.В.Голобородько

Математика 6 класс

М 2010 г.

ISBN 978-5-89237-316-6

Қосымша 5

Слайд 8

Сабақтың соңы

38 – 40 мин

Қорытындылау

Тақырып бойынша оқушылардың пікірін тыңдау.

Үй тапсырмасы:

1. Координаттық түзуде төмендегі нүктелерді белгілеңіз:

; – 1; 2; – 4,5.

2. Рационал сандарды салыстыру ережелерін пайдаланып, дұрыс салыстыру таңбасын қойыңыз:

а) –1 … ;

б) … – 4,5;

в) –1 …– 4,5.

3. Сөйлемді аяқтап, қорытынды шығарыңыз:

Екі теріс таңбалы сандарды салыстырғанда, модулі .............. сан артық болып саналады.

Рефлексия:

Өзінді бағала!

Теориялық білімім:

Ережелерді білуім:

Көңіл-күйім

+

барлығын түсіндім

+

Ережелерді білемін

+

Өте жақсы

сұрақтарым бар

Барлық ережелерді білмеймін

Орташа

-

қайталау қажет

-

Ережелерді билмеймин

-

Төмен

Қосымша 6

Слайд 9

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.

Сабақ үрдісінде ұсынылған тапсырмалар біртіндеп күрделеген. Оқушының ойлау қабілетін шыңдау барысында өз бетімен орындайтын тапсырмасы ұсынылады.

Сабақ барысында бірін-бірі бағалау,өзін өзі бағалау, мұғалімнің бағалауы жүргізіледі. Әр жұмыстан кейін кері байланыс жасап отыру.

Дұрыс отыруын қадағалау, жұмыстану кезінде емін еркін қозғалыста болу, бір – біріне кедергі жасамауды ескеру.

Top of Form



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу