Рационал сандарды салыстыру. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6.1В Рационал сандар және оларға амалдар қолдану

Мектеп:

Тараз қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Каражигитова К.Е.

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Рационал сандарды салыстыру

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме)

6.1.2.8 бүтін сандарды салыстыру;

6.1.2.12 рационал сандарды салыстыру.

Сабақ

мақсаты

Оқушылар:

  • берілген координаталық түзуде рационал сандарды салыстырып үйренеді.

Бағалау критерийлері

Оқушы:

  • бүтін сандарды салыстырады;
  • рационал сандарды салыстырады.

Тілдік

мақсаттар

Оқушылар:

  • сан модулінің мәнін қалай есептеу керектігін түсіндіреді.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

  • рационал сандар; координаталық түзу; бірлік кесінді; санақ басы;

оң бағыт; теріс бағыт.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

  • рационал сан ... түрінде жазылуы/ұсынылуы мүмкін;
  • координаталық түзуде.... санын белгілеу үшін, бірлік кесінді...
  • координаталық түзудің санақ басының оң (сол) жағына...

Құндылықтарды

дарыту

Оқушылар жұптық жұмыстан қандай нәтиже күтілетінін түсінеді (басқалардың пікірлеріне құрметпен қарау, өз ойларын және пікірлерін талқылау үшін ортаға салу, сұрақ қоя білу және сұраққа жауап беру). Жұптар бірін-бірі тексеру кезінде академиялық адалдықты сақтау дағдылары қалыптасады.

Пәнаралық

байланыстар

Координаталық түзуде берілген нүктелердің координаталарын салыстыру кезінде негізі қаланған білімдерді оқушылар 7-сыныпта физика пәнінен өтетін «график осьтерінің координаталарын және кестелерде өлшем бірліктерін дұрыс белгілеуді білу» оқу мақсатын өткенде қолдана алады.

Бастапқы білім

Координаталық түзу, рационал сандар түсінігі, қарама қарсы сандар, санның модулі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1-3 мин

  • Оқушылармен сәлемдесу;
  • Жұпқа бөлу: қағаз қиындыларында жазылған сандар құпиясын дұрыс табу арқылы оқушылар топтарға бөлініп отырады.
  • Жұптағы оқушылар дәптерлерін алмастыру арқылы ұсынылған дайын жауаптарды қолданып бір-бірінің үй жұмысын тексеріп, комментарий жазу арқылы бағалайды.

Сабақтың ортасы

3-5 мин

5-7 мин

7-8 мин

8-10 мин

10-18 мин

18-19 мин

19-29 мин

29-32 мин

32-37 мин

Жаңа сабақты түсіну.

Сыныппен жұмыс:

«Жақын арада даму аймағын» анықтау.

Өтілген сабақпен жаңа сабақты байланыстыру.

Білімді өзектендіру. Фронтальдық сұрақтар.

Тапсырма 1.

  • Өткен сабақта қандай тақырыптарды оқыдық?
  • Оң және теріс сандар, координата сызығы, қарама-қарсы сандар, санның модулі

Оң және теріс сандарды еске түсірейік.

  • Оң сандарға мысал келтіріңіздер.
  • Теріс сандарға мысал келтіріңіздер.
  • Оң және теріс санның арасындағы айырмашылық қандай?
  • 0 саны жайлы не білесіз?

13; -7.2; 0; 46; -46 сандарынан мына сандарды теріп айтыңыз:

а) оң сандар;

б) теріс сандар;

в) оң санға да, теріс санға да тиісті емес сан.

Жауабы:

а) 13; 46;

б) -7,2; -46;

в) 0.

Координата түзуін еске түсірелік.

-Координата түзуіне анықтама беріңіз.

Жазбаша жұмыс:

Тапсырма 2.

а) қарама-қарсы координаталары бар нүктелерді жазып алыңыз

Жауабы: Қарама-қарсы координаталары бар нүктелер жоқ.

б) Нүктелерді координаталық түзуде бейнелеңіз: М(4); N(-3,5); Р(2,5); К(-2).

Жауабы:

Қарама-қарсы сандар және санның модулі тақырыптарын қайталайық.

-Қарама-қарсы сандардың анықтамасын айтыңыз және оған мысалдар келтіріңіз

-а санының модулі дегеніміз не?

-Оң санның модулі неге тең? Мысалдар келтіріңіз

-Теріс санның модулі неге тең? Мысалдар келтіріңіз

- 0 санының модулі неге тең?

Тарсырмаларды жазбаша орындаңыз.

а) Координаталары қарама- қарсы болатын нүктелерді жазыңыз.

б) берілген сандардың ішінде ең үлкен модульге ие санды жазыңыз -2,6; 2,05; 2,2; -2,22; 2,53

в) Есепте: |-4|1,5; 34 - |- 16|; |+23|+|-8|.

Жауабы:

  • а) Қарама-қарсы координаталары бар нүктелер А және С

б) 2,53

в) 6; 18; 31.

Оқушылар тақтадағы дайын жауап арқылы тексеріп, қорытындылайды

Мұғалім бүгінгі күннің тақырыбын айтады: «Сандарды салыстыру».

-Бүгінгі тақырып сіздерге таныс па?

-Біз қандай сандарды салыстыра аламыз?

Натурал сандар, ондық және жай бөлшектер

Тапсырма 3.

Ауызша сандарды салыстырыңыз:

  • 15 және 28;
  • 13,7 және 8,6;
  • және ;
  • 12,3 және 12,29;
  • - 8 және 6.

-Не себепті біз соңғы санды салыстыра алмаймыз?

-Бұл сандар қалай аталады?

-Біз барлық сандарды салыстыра аламыз ба?

-Ендеше сабақтың мақсаты мен бағалау критерийін анықтайық.

Мұғалім оқушылармен бірге бағалау критериін құрады.

Соңғы мысалды шешу үшін бізге координата түзуі қажет.

Координата түзуіндегі О нүктесінің оң жақ бөлігіндегі сандар өспелі болса керісінше сол жағындағы сандар кемімелі болып табылады. Екі оң саннын қайсысы оң жақа көбірек жақын болса сол сан үлкен болады және екі теріс санның қайсысы сол жаққа жақын болса сол сан кіші болады.

Екі рационал сандардың арасында координат түзуінде оң жағында сан солға жағындағы саннан үлкен болады.

Енді біз соңғы сандар жұбын салыстыра аламыз.

Жаңа сабақты меңгеру.

Сергіту сәті.

«Дем алу» жаттығуынан бастаймыз. Ендеше көзімізді жұмып жаттығуды бастаймыз

  • Дем алу - дем шығару - үзіліс
  • 2 рет дем алу - 2 рет дем шығару - үзіліс
  • 3 рет дем алу - 3 рет дем шығару - үзіліс

Тапсырма 4.

Жұптық жұмыс:

Есептер шығару:

№1. Сандарды 0 санымен салыстырып, теңсіздік түрінде жазыңыздар.

а) 4; -7; 8; -1;

б) - ; 2; - ;

с) 8,1; - 3,7; - 9,8.

№2. Координаталық түзудегі А және В, С және D, К және L нүктелеріне cәйкес сандарды салыстырыңыздар.

№3. Температураны салыстырып, кестені толтырыңыздар:

Темпе-ратура

3 пен

- 4

-7,5 пен -1

0 мен 2

5 пен -3

0 мен 8

Теңсіз-дік

№4. Координаталық түзуде мына сандар қандай бүтін сандардың аралығында орналасқан? Қос теңсіздік түрінде жазыңыздар.

а )- ; б) 3,4; в) - 2 ; г) 1,7; д) – 8,3; е) 9,5; ж) - 4.

Бағалау: Оқушылар бір – бірінің жауаптарын салыстырады

Мұғалім дер кезінде кері байланыс береді.

Жаңа сабақты бекіту.

Жеке жұмыс:

Тапсырма 5.

Тестті орындаңыздар:

1) Екі рационал санның үлкені қай жақ бөлігінде орналасады?

а) оң;

б) сол.

2) Екі рационал санның кішісі қай жақ бөлігінде орналасады?

а) оң;

б) сол.

3) 0, -10, 12, -6 Бұл сандарды қайсысы сол жақ бөлігіне

анағұрлым жақын орналасқан?

а) 0;

б) -10;

в)12;

г) -6.

4) 0, -8, -14, 5 Бұл сандардың қайсысы ең кіші модульге ие?

а) 0;

б) -8;

в )-14;

г) 5.

5) -5, 0, 11, - 2 сандарын өсу ретімен орналастырыңыз

а) 0, 12, -5, 11;

б) 11, 0, -2, -5;

в ) -5, -2, 0, 11.

Жауабы: 1) а

2) б

3) б

4) в

5) в

Бағалау: Оқушылар бір-бірінің жұмысын дұрыс жауап бойынша тексереді

Мұғалім әр оқушыға дер кезінде кері байланыс береді.

Мысалы:

  • егер барлық жұмыс дұрыс орындалса, «өте жақсы»,
  • егер жауаптары дұрыс, кейбір түсіндірмелер қиындық тудырса «жақсы»,
  • егер барлық жұмыстың 70-ы дұрыс болса, онда «тәжірибе қажет»
  • егер барлық жұмыстың 70-нан азы дұрыс болса, онда «көмек қажет» деп бағалауға болады.

Бағалау

Оқушылар жеке орындап болған соң дайын жауаптар мен дескрипторлар бойынша бағалайды.

Мұғалім оқушылар жұмысын бақылап, оларға кері байланыс береді.

Қосымша 1

Қосымша 2

Қосымша 3

«Математика» оқулығы

6-сынып, Т.А.Алдамұратова, Т.С.Байшоланов

«Атамұра» 2011

Қосымша 4

https://www.youtube.com/watch?v=SAWr-KZhD0E

Қосымша 5.

Сабақтың соңы

37-40 мин

Сабақты қорытындылау:

Жетістіктер сатысы деп аталатын баспалдақ бойынша өзімізге баға беріп келесі сұрақтарға жауап береміз:

-Бүгінгі сабақты мен үйрендім

-Маған қызықты болған тұсы

-Мен үшін қиындық туғызды

-Мен түсіндім

-Бұл сабақтан мен ой туғыздым

-Сабақтың ұнаған жері

-Сабақтағы жұмысыммен көңілім толады (толмайды)

Үйге тапсырма:

Ұзындығы 510 м пойыз ұзындығы 750 м көпірден 1 мин 10 с уақытта өтті. Бірнеше сағаттан соң пойыз сол жылдамдықпен тоннельден 1,5 минутта өтті. Тоннельдің ұзындығы неше метр?

А. 9000 м; В. 1110 м; С. 1200 м; Д. 850 м.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы. АКТ-мен байланыстар

Оқушылар сабақ бойы жеке және жұппен жұмыс жасайды.

Жұптық жұмыста өз-өзіне сенімсіз оқушылар анағұрлым өздеріне сенімді оқушылармен жұмыс істеу барысында, тапсырманы орындау жолдарын бақылап, үйренеді. Ашық сұрақтар беріледі, себебі білімі жоғары оқушылар оларды кең ауқымды мағынада түсінеді.

Оқушылардың тапсырмаларды орындауға және диалогтарға қаншалықты қатысатындығын бақылау жолымен бағалау.

Прогресс, жұппен жұмыс кезіндегі жауап реакциясы әр оқушының үлесін бағалау .

Жұптар бір-бірін бағалайды , яғни өзара бағалау болады және өзін-өзі бағалайды.

Сабақты бекіту кезеңінің алдында «дем алу жаттығуы» жасатылады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу