Рационал сандар. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар: 6.1В Рационал сандар және оларға амалдар қолдану

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Пән: математика

Класс: 6

Қатысқан оқушы саны:

Сабақ тақырыбы

Рационал сандар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.5.2.3 - шамаларды сипаттау үшін бүтін сандарды қолдану;

Сабақтың мақсаты

Оқушы мақсатқа жетеді, егер:

  • рационал сандар туралы анықтаманы тұжырымдай алса;
  • шамаларды сипаттау үшін бүтін сандарды қолданса.

Бағалау критерийлері

Оқушы төмендегі критерийлерді орындаса, оқу мақсаттарына жетеді, егер:

- рационал сандар туралы анықтаманы тұжырымдаса;

- қарама-қарсы сандарды анықтаса;

- рационал сандарға берілген есептерді шығарады;

Тілдік мақсаттар

Рационал сан ұғымын түсінеді, түсінікті ауызша түсіндіріп, анықтау үдерісін сипаттай алады, рационал сан немесе рационал сан емес екенін «егер» сөзін пайдаланып түсіндіруді біледі.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Оң сандар, теріс сандар, бүтін сандар, натурал сандар, рационал сандар

Қазақша

Орысша

Ағылшын тілінде

Оң сандар

Положительные числа

Positive numbers

Теріс сандар

Отрицательные числа

Negative numbers

Бүтін сандар

Целочисленные числа

Integer numbers

Рационал сандар

Рациональные числа

Rational numbers

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

Рационал сандар бүтін санның натурал санға қатынасын береді. Бүтін сан да, натурал сан да рационал сан болып саналады.

Құндылықтарды дарыту

- қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік; bilimland.kz сайтының Қазақстандағы электронды білім беру нарығын дамытудағы басты мақсаты – барлық пәндер бойынша сапалы білімді баршаға қолжетімді ету болғандықтан, білім алуға қажеттті материалдарын тиімді пайдалану.

- құрмет: оқушы мен оқушы, оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынастың қатар-құрбыға деген сыйластық пен үлкенге деген ізеттіліктің негізі екендігін ұғыну;

- ынтымақтастық: топтық жұмыста өзара ынтымақтастықта жұмыс жасау;

- ашықтық: топпен жұмыста өз пікірін ашық айту және топ мүшелерінің пікірін тыңдай білу;

- еңбек және шығармашылық: берілген тапсырмаларды орындауда еңбек етудің маңыздылығын ұғынып, шығармашылық қабілетін шыңдау білу;

- өмір бойы білім алу: рационал сандар қолданысы арқылы білімінің өмірлік қажеттілігін түсіне білу.

Пәнаралық байланыстар

Пән

Рационал сандар қоршаған ортада да, бейнелеу өнерінде де көптеп қолданылады.

Кезең

Рационал сандар математиканы оқудың негізі болып табылады

 АКТ қолдану дағдылары

Active inspire тақтасы, презентация

Бастапқы білім

Оң және теріс сандар

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут

3 минут

2 минут

5 минут

Ұйымдастыру кезеңі.

  • Сәлемдесу.
  • Оқушылардың көңіл-күйлерін смайликтер арқылы сұрау, яғни оқушы өзінің қазіргі көңіл-күйін білдіретін смайликті таңдап, көрсету керек. Егер көңіл-күйі төмен оқушы анықталса, онда осы оқушыларды сабақ барысында ескеру керек.
  • Үй тапсырмасын тексеру. Оқушылар дәптерлерін сағат тілі бағытымен бір-бірлерімен алмастырып, тақтада көрсетілген жауаптар бойынша жасыл түсті қаламмен тексереді. Тексеру (+/-) арқылы жүзеге асады.
  • Топқа бөлу. Оқушылар мұғалім көрсеткен қағаздардың бірін таңда алады. Онда «Натурал сандар», «Бүтін сандар», «Рационал сандар» сөздері жазылған. Бірдей сөздер жазылған қағаздарды таңдаған оқушылар бір топқа жинақталады.

Қайталау.

Қайталау сұрақтарына әр топ 2 сұрақтан «Кубизм» стратегиясы бойынша жауап береді.Сұрақты алдымен топта талқылайды. Сосын әр топтан екі оқушы шығып жауап береді. Келесі топтар бағалайды.

  • Натурал сандар дегеніміз не? Мысал келтіріңіз.
  • Қандай сандар оң сандар деп аталады? Мысал келтіріңіз.
  • Қандай сандар теріс сандар деп аталады? Мысал келтіріңіз.
  • Қандай сандар теріс санға да, оң санға да жатпайды?
  • Координаталық түзу дегеніміз не?
  • Санақ басының оң жағындағы және сол жағындағы сандардың координаталары қандай сандар?

Қосымша 1

Қосымша 2

Қосымша 3

Сабақтың ортасы

3 минут

5 минут

5 минут

5 минут

6 минут

«Ой қозғау»

Жеке жұмыс. Рационал сандар жайлы өз бетімен қорытынды жасауды ұсынамын.

1-тапсырма.Тапсырманы келесі алгоритмдер бойынша орындаңыз:

  • Кез-келген бес бүтін сан жазыңыз.
  • Кез-келген бес натурал сан жазыңыз.
  • Осы сандардың сәйкесінше қатынасын жазыңыз.
  • Қандай сандар пайда болды?

Сонда келесі ұғымдарды енгізу керек.

Бүгінгі сабақтың тақырыбы: «Рационал сандар».

Сабақтың мақсаты: рационал сандар туралы анықтаманы тұжырымдау;шамаларды сипаттау үшін бүтін сандарды қолдану (мақсатты оқушылармен бірге анықтау).

Анықтама:

қатынасы түрінде жазуға болатын сандар рационал сандар жиынын құрайды. Мұндағы

Топтық жұмыс

  • Топқа бөлінген қағаздарда қандай сөздер жазылған?
  • Сонда қай топ қайсы топты қамтиды?
  • Өзара талдап, ортаға шығып, сандардың өзара орналасу жағдайларына сәйкес шеңберлер арқылы көрсетіңіздер.

Жұптық жұмыс.

2-тапсырма.Келесі кестені жеке толтыруды ұсынамын:

а

10

-11

55

-

0,7

-8

23

-41

  • Кестені толтыру үшін қандай сандар қолдандық?
  • Жұппен талқылау керек.
  • Нәтижесін тексеру, бағалау.

Жұптық жұмыс

3-тапсырма. Координаталық түзу бойында келесі сандар қандай бүтін сандардың арасында орналасқан:

  • 5,8; 2) -4,7; 3) ; 4) - ; 5)6,007 ?

Қосымша 4

Қосымша 5

Қосымша 6

Сабақтың соңы

4 минут

Рефлекcия

  • ОМ жеттіңіз бе?
  • Саған сабақ қызықты болды ма?
  • Сен өз біліміңді көрсете алдың ба?
  • Саған сабақтың қай бөлімі ұнады?
  • Саған бүгінгі тақырыпқа қатысты тағы дайындық қажет деп ойлайсың ба?
  • Сен уақытыңды тиімді пайдалана алдың ба?

Үй тапсырмасы: 5, 6 есептер.

Қосымша 7

Қосымша ақпарат

Дифференциациялап оқыту – Оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушыларға қиын деңгейлі қосымша есептер беруге болады.

Бағалау – Оқушылардың білімін қалай тексересіз?

Оқушылар өзін – өзі бағалау парағының көмегімен өзін-өзі бағалайды.

Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері

АКТ-ні қолдану

Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі)

Оқушы жеке түрде жұмыс жасай отырып, өзін-өзі бағалай отырып, өзіне сенімді жұмыс атқаруға үйренеді. Басқалармен жарыса отырып, өзін бақылай отырып бәсекеге қабілетті болу қасиеті дамиды.

РефлексияСабақ мақсаты/оқу мақсаты қаншалықты жүзеге асты?

Бүгін оқушылар нені үйренді?

Оқыту ортасы қандай болды?

Дифференциациялап оқыту өз мәнінде жүзеге асты ма?

Өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?

Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

 

 

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты):

1:

2:

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу