Бүтін сандар. Рационал сандар. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.1В Рационал сандар және оларға амалдар қолдану | Мектеп: Ақтөбе қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі, Тараз қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Шынболатова Ғ.Ж. ,Каражигитова К.Е. | |||||
Сынып: 6 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақ тақырыбы | Бүтін сандар. Рационал сандар. | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.1.1.6 - бүтін сан ұғымын меңгеру; 6.5.2.3 шамаларды сипаттау үшін бүтін сандарды қолдану; 6.1.1.8 рационал сан ұғымын меңгеру: 6.1.2.11 рационал сандардың ішкі жиындарын Эйлер-Венн дөңгелектері арқылы кескіндеу. | |||||
Сабақ мақсаты | Оқушылар:
| |||||
Бағалау критерийлері | Оқушы:
| |||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: • бүтін сан, теріс сан, рационал сан ұғымы туралы түсінік береді; Пәнге қатысты лексика мен терминология: •оң сан; •теріс сан; •бүтін сан; •қарама-қарсы сандар; •рационал сан Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:
| |||||
Құндылықтарды дарыту | Топта жұмыс жасау арқылы бір-біріне құрмет құндылығын, бірін-бірі тексеру арқылы академиялық адалдық құндылығын, координаталық түзу жайлы мәтінді оқу арқылы үздіксіз оқу құндылығын дарыту | |||||
Пәнаралық байланыстар | Қазақ тілі пәнінен өткен антоним, мағынасы бір-біріне қарама-қарсы сөздерін қолдану арқылы оң және теріс сандар, қарама-қарсы сандар, бүтін сандар ұғымы түсіндіріледі. | |||||
Бастапқы білім | Натурал сан, оң және теріс сандар, координаталық түзуде сандарды белгілеу, қарама – қарсы сандар. | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 1-5 мин | Ұйымдастыру бөлімі. Оқушылармен амандасу. Сабаққа дайындықтарын тексеру. Актуалдау. Өткен тақырыптар бойынша жеңіл сұрақтар қою:
Тапсырма 1. Оқушыларға тақтадан бірнеше сандар жазылған тізбекті көрсетіп, оларды қандай да бір заңдылықтар бойынша екі топқа бөлуді ұсынылады: Оқушылар өз жауаптарын ұсынады. Мысалы: берілген сандарды оң және теріс сандар деп екіге бөлуге болады. Басқаша қалай топтастыруға болады? І) - бүтін сандар ІІ) - рационал сандар | Қосымша 1 | ||||
Сабақтың ортасы 5-15 мин 15-25 мин 25-37 мин | Жаңа сабақты түсіну. Сонымен балалар, біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай деп ойлайсыздар? «Бүтін сандар» Сабақты әрі қарай жалғастырмастан бұрын, тақырыпқа қатысты мақсатымызды анықтап алайық: -Бүтін сандар жиынын қандай сандар құрайтынын білу керекпіз; -Рационал сандар жиынын қандай сандар құрайтынын білу керекпіз және ажырата алуымыз керек; Сыныппен жұмыс: Қалай ойлайсыздар жоғарыда келтірген мысал бойынша, қандай сандар бүтін сан бола алады? Қандай сандар бүтін сан болмайды? 0 саны бүтін сан болады ма? Оқушылар сұрақтарға өздерінің жауаптарын ұсынады. Әрі қарай тақтадағы презентацияға назар аударайық: Бүтін сандар жиыны Z әрпімен белгіленеді. Натурал сандар, оған қарама – қарсы сандар және 0 саны бүтін сандар жиынын құрайды. Видео көрсету: https://bilimland.kz/kk/home#lesson=10580 Жаңа тақырыптың маңызды аспектілерін ойлау және жазып алуды ұсыну. Жаңа сабақты меңгеру. Жұптық жұмыс: Тапсырма 2. Суретте көп қабатты үйдің (0) – жертөлесі, жоғарыдағы бөлігі мен төменгі жертөледе орналасқан машина қоятын тұрақ көрсетілген. А)Жертөлені (0 – нүктесі көрсетілген) – координата басы ретінде қарастырып, қалған жоғарғы және төменгі қабаттарды оң , теріс сандармен белгілеңіз; Б)Жазған сандарыңыздан ең үлкен оң бүтін санды табыңыз; Сандардың арасынан ең кіші оң бүтін санды табыңыз; Сандардың ішінен ең үлкен теріс бүтін санды табыңыз; Сандардың ішінен ең кіші теріс бүтін санды табыңыз В)Егер әр қабаттың ұзындығы 3 метр болса, жертөледе орналасқан ең төменгі қабаттан ең жоғарғы қабатқа дейінгі қашықтықты табыңыз; Г)Үйдің жер бетіндегі бөлігінің биіктігін табыңыз, үйдің жердің төменгі бөлігіндегі қабаттарының биіктігін табыңыз. Дескриптор: Білім алушы 1)Үйдің жоғарғы және төмендегі қабаттарын сандармен белгілейді; 2) Ең үлкен оң бүтін санды табады; Ең кіші оң бүтін санды табады; Ең үлкен теріс бүтін санды табады; Ең кіші теріс бүтін санды табады. 3) Барлық қабаттың, жалпы қабаттардың ұзындығын табады; 4) Үйдің жер бетіндегі бөлігінің биіктігін табады; Үйдің жер астындағы бөлігінің биіктігін табады. Сергіту сәті: «Сандар шеңбері». Оқушыларға мұғалімнің үстелінде жатқан сандар жазылған қағаздарды таңдап алу ұсынылады. (Сандар әр түрлі түстегі қағазда жазылып, теріс қаратылып қойылады) Оқушылар қолдарындағы сандары бойынша ортаға шеңбер құрады. Натурал сандар отырады.Бүтін теріс сандар қоршайды. Бөлшек сандар партаны қоршап тұрады. Жаңа сабақты бекіту. Жеке жұмыс: Тапсырма 3. Оқушылар тақырыпты қаншалықты игергенін анықтау мақсатында өз бетінше орындайды: №324,330, 333 №324 рационал сандарынан: 1)бүтін оң сандарды; 2)қарама – қарсы сандарды; 3)бүтін теріс сандарды бөліп жазыңдар. №330 жиындарының Эйлер-Венн диаграммасында жиынының элементтерін белгілеңіз. №333 Қай тұжырымдама тура: 1) Кез келген натурал сан – бүтін сандар жиынының элементі; 2) Кез келген бүтін сан – натурал сандар жиынының элементі; 3) Кез келген рационал сан бүтін сандар жиынына тиісті; 4) Кез келген бүтін сан рационал сандар жиынына тиісті; 5) 0 саны рационал сандар жиынына тиісті? Дескриптор: Білім алушы
Оқушылар өз жұмысын тақтадағы жауаппен салыстырып, тексеру арқылы өзінің тақырыпты қаншалықты игергенін анықтайды. Уақыт қалып жатырса, «Миллион кімге бұйырады?» ойынын ойнатуға болады: https://learningapps.org/display?v=pkxqwpbza17 | |||||
Сабақтың соңы 37-40 мин | Сабақты қорытындылау. Үй тапсырмасы: №335 Рефлексия: Өткен тақырып бойынша өзінің қаншалықты меңгергенін «баспалдақ» (саты) арқылы бейнелеп көрсетеді. | Қосымша 3 | ||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы. АКТ-мен байланыстар | ||||
Кейбір оқушылар тапсырманы өздері орындайды, ал кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты әрі нақты көмек көрсетіледі. Барлық оқушылар бір тапсырманы орындаса да олардың нәтижелері әр түрлі болады. Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізіледі. | Оқушылардың тапсырмаларды орындауға және диалогтарға қаншалықты қатысатындығын бақылау жолымен бағалау. Прогресс, жұппен жұмыс кезіндегі жауап реакциясы әр оқушының үлесін бағалау . Жұптар бір-бірін бағалайды , яғни өзара бағалау болады және өзін-өзі бағалайды.. | Сабақты бекіту кезеңінің алдында «Сандар шеңбері» сергіту сәті жасатылады. | ||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру