Бүтін сандар. Рационал сандар. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.1В Рационал сандар және оларға амалдар қолдану | Мектеп: НЗМ ХББ Атырау қаласы | |||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Шамеденова Л.Х. | |||||||||||||||||||||||||
Сынып: 6 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Бүтін сандар. Рационал сандар | |||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.1.2.9 координаталық түзуде рационал сандарды кескіндеу; 6.1.2.11 рационал сандардың ішкі жиындарын Эйлер-Венн дөңгелектері арқылы кескіндеу; | |||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар:
| |||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Оқушылар:
| |||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар:
Пәнге қатысты лексика мен терминология:
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:
| |||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Өзіндік шешім қабылдауды үйрену, жаңаны тез игеруге дайын болу, өзгенің пікірін құрметтеу және тыңдай білу. Жұптық жұмыс барысында бір – бірінің пікірлерін құрметтеу, академиялық адалдық ұстанымдарын сақтау. | |||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Оқушыларға алған математикалық білім мен дағдыларды практикада қолдану арқылы ғылыми дүниетанымның қалыптасуына ықпал ету. | |||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интерактивті тақтаның мүмкіндіктерін (математикалық құралдар: сызғыш т. б.) пайдаланып координаталық түзуде сандарды кескіндеуді үйрету. | |||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Координаталық сәуле туралы ұғым. Ондық және жай бөлшектерге арифметикалық амалдарды орындай алу. Жай және ондық бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндей алу. | |||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 0 – 3 мин | Ұйымдастыру кезені Үй тапсырмасын тексеру. Сабақ мақсаттарын анықтау | |||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 3 – 8 мин 8 – 14 мин 14 – 16 мин 16 – 23 мин 23 – 34 мин 34 – 37 мин | Жаңа тақырыпты түсіндіру Координаталық түзуде рационал сандарды кескіндеу де бірлік кесінділерді белгілеуден басталады. Ең жеңіл нұсқасы бөлшектің бөліміне қарай бірлік кесінділерді кескіндейміз. Практикалық жұмыс 1. , , , нүктелерін кескіндейік: Координаталық түзуде аралас сандарды кескіндейік. Бірлік кесінді ретінде төрт тор көз аламыз, себебі аралас санның бөлшек бөлігінің бөлімі 4 – ке тең. Демек бір тор көз бөлшекке тең, екі тор көз , үш тор көз бөлшекке тең, ал төрт тор көз 1- ге тең.
, демек бөлімі 2 болатын бөлшектерді де кескіндеуге болады. Координата түзуінде рационал сандарды кескіндеу: 1) бірлік кесіндіні бөлшектің бөліміне қарап таңдап аламыз; 2) алымына қарап сонша бөлік аламыз. Жеке жұмыс №1. Суреттегі нүктелердің координаталарын жазыңыз: №2. Координаталық түзуде келесі нүтелерді белгілеңіз: А(-3); В(-5,2); С(0,2); D(3,2); E; К. Дескриптор: Білім алушы:
Оқушылар дәптерлерін өзінен кейінгі оқушыға жалғап, «карусель» әдісімен бағалайды. Пракикалық жұмыс 2. Оқушылар:
Егер В жиынының әрбір элементі А жиынына тиісті болса, онда В жиыны А жиынының ішкі жиыны деп аталады. Осыған дейін өзіміз білетініміздей, натурал сандар жиыны (N) бүтін сандар жиынының (Z) ішкі жиыны, ал бүтін сандар жиыны рационал сандар жиынының (Q) ішкі жиыны.Осыларды Эйлер-Венн дөңгелектері арқылы көрсетейік, N⊂Z⊂Q Мысалы: 2; -2,6; -9; ; 0; -1; -10; 56 сандарынан: 1) N-натурал сандар жиынын; 2) Z- бүтін сандар жиынын; 3) Q-рационал сандар жиынындарының Эйлер-Венн дөңгелектерін құрыңыз. Жеке жұмыс №1. Эйлер-Венн дөңгелектерін пайдаланыңыз. Қалада көп балалы жанұя тұрады. 7 бала капустаны, 6 – сәбізді, 5 – бұршақты, 4 – капуста және сәбізді, 3 - капуста және бұршақты, 2 – сәбіз және бұршақты, 1 – капуста, сәбіз және бұршақты жақсы көреді. Жанұяда неше бала? Шешімі:
№2. Шет елге баратын 100 туристің 30 – ы неміс тілін, 28 – і ағылшын тілін, 42 – і француз тілін, 8 – ағылшын және неміс тілдерін, 10 – ы ағылшын және француз тілдерін, 5 – уі неміс және француз тілдерін, 3 – уі үш тілді де біледі. Неше турист бірде – бір тілді білмейді? Шешімі: 100 – (13+7+3+5+20+2+30) =20. Жауабы: 20 турист. Дескриптор: Білім алушы:
Мұғалімнің көмегімен оқушы өзін – өзі бағалайды. | Қосымша 1 Слайд 5 Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық, 2- басылымы Т.А. Алдамуратова, Т.С, Байшоланов, Е.С, Байшоланов . – Алматы: Атамұра, 2015. ISBN 9965-34-442-6 Қосымша 2 Слайд 6 Қосымша 3 Слайд 7 - 8 Қосымша 4 Слайд 9 | ||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 37 – 40 мин | Сабақты қорытындылау: Мұғалім бағалау критерийлерін қайталайды: Бүгінгі сабақтың мақсаты қандай болды? Рефлексия:
Үйге тапсырма: Топта 29 студент бар. Олардың 14 – і классикалық әуенді, 15 – і джазды, 14 – і халықтық әуенді, 6 – ы классикалық әуенді және джазды, 7 – уі халықтық әуенді және джазды, 9 – ы классикалық және халықтық әуенді, 5 – уі кез келгенін тыңдайды, ал басқалары ешбір әуенді тыңдамайды. Олардың саны қанша? | Қосымша 5 Слайд 10- 11 | ||||||||||||||||||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы. | ||||||||||||||||||||||||
Практикалық, жеке жұмыста өз-өзіне сенімсіз оқушылар анағұрлым өздеріне сенімді оқушылармен жұмыс істеу барысында, тапсырманы орындау жолдарын бақылап, үйренеді. | Жеке жұмыста бірін-бірі бағалау,өзін өзі бағалау, мұғалімнің бағалауы. Әр жұмыстан кейін кері байланыс жасап отыру. | Эйлер – Венн дөңгелектерін сызуда, түсінік берген кезде интербелсенді тақтаны уақытымен пайдалану. | ||||||||||||||||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру