Рационал сандар. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
һҰзақ мерзімді жоспар: 6.1В Рационал сандар және оларға амалдар қолдану | Мектеп: | ||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||||||||
Пән: математика | Класс: 6 | Қатысқан оқушы саны: | |||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Рационал сандар | ||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.1.1.8 рационал сан ұғымын меңгеру | ||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты | Оқушы мақсатқа жетеді, егер:
| ||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Оқушы төмендегі критерийлерді орындаса, оқу мақсаттарына жетеді, егер: - рационал сандар туралы анықтаманы білсе; - рационал сандарға берілген есептерді шығарса; - рационал сандарға берілген қолданбалы есептерге талдау жасай алса. | ||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Рационал сан ұғымын түсінеді, түсінікті ауызша түсіндіріп, анықтау үдерісін сипаттай алады, рационал сан немесе рационал сан емес екенін «егер» сөзін пайдаланып түсіндіруді біледі. Пәнге қатысты лексика мен терминология: Оң сандар, теріс сандар, бүтін сандар, натурал сандар, рационал сандар
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер Рационал сандар бүтін санның натурал санға қатынасын береді. Бүтін сан да, натурал сан да рационал сан болып саналады. | ||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | - қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік; bilimland.kz сайтының Қазақстандағы электронды білім беру нарығын дамытудағы басты мақсаты – барлық пәндер бойынша сапалы білімді баршаға қолжетімді ету болғандықтан, білім алуға қажеттті материалдарын тиімді пайдалану. - құрмет: оқушы мен оқушы, оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынастың қатар-құрбыға деген сыйластық пен үлкенге деген ізеттіліктің негізі екендігін ұғыну; - ынтымақтастық: топтық жұмыста өзара ынтымақтастықта жұмыс жасау; - ашықтық: топпен жұмыста өз пікірін ашық айту және топ мүшелерінің пікірін тыңдай білу; - еңбек және шығармашылық: берілген тапсырмаларды орындауда еңбек етудің маңыздылығын ұғынып, шығармашылық қабілетін шыңдау білу; - өмір бойы білім алу: рационал сандар қолданысы арқылы білімінің өмірлік қажеттілігін түсіне білу. | ||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар |
|
| |||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Active inspire тақтасы, презентация | ||||||||||||||||
Бастапқы білім | Оң және теріс сандар | ||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||
Сабақтың басы 3 минут 2 минут | Ұйымдастыру кезеңі.
| ||||||||||
Сабақтың ортасы 3 минут 2 минут 5 минут 5 минут 13 минут 3 минут | М Сұрақтар қою:
Бүгінгі сабақтың тақырыбы: «Рационал сандар». Сабақтың мақсаты: «6.1.1.8 рационал сан ұғымын меңгеру» Ұ Келесі бейнематериалға назар аударыңыз: «Температуралар және деңгейлер» Ж
Т Топтық жұмысты келесі топтар «ротация» әдісімен бағалайды. Ө №326, ,№327, №336, №337 есептерді шығару
Оқушы тапсырманы жеке орындайды. Сосын дәптерін сағат тілі бағытымен тобындағы басқа оқушыға береді. Оқушылар бірін-бірі бағалайды. Сосын әр оқушы өз дәптерін алып, тақтада ілулі тұрған бағалау парағына өз нәтижелерін +\- түрінде енгізеді. | https://bilimland.kz/kk/#lesson=10580 https://bilimland.kz/kk/#lesson=10580https://bilimland.kz/kk/#lesson=10580 https://bilimland.kz/kk/#lesson=10580https://bilimland.kz/kk/#lesson=10580 Математика,1-бөлім, 6 сынып, Т.Алдамұратова, Т.С.Байшоланов, Е.С.Байшоланов , 2015 ж. | |||||||||
Сабақтың соңы 4 минут | Рефлекcия
Үй тапсырмасы: 323-есеп. | Қосымша 2 |
Қосымша ақпарат | |||
Дифференциациялап оқыту – Оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қиын деңгейлі қосымша есептер беруге болады. | Бағалау – Оқушылардың білімін қалай тексересіз? Оқушылар өзін – өзі бағалау парағының көмегімен өзін-өзі бағалайды. | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-ні қолдану Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі) Оқушы жеке түрде жұмыс жасай отырып, өзін-өзі бағалай отырып, өзіне сенімді жұмыс атқаруға үйренеді. Басқалармен жарыса отырып, өзін бақылай отырып бәсекеге қабілетті болу қасиеті дамиды. | |
РефлексияСабақ мақсаты/оқу мақсаты қаншалықты жүзеге асты? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Дифференциациялап оқыту өз мәнінде жүзеге асты ма? Өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| ||
Қорытынды бағалау Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты): 1: 2: Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)? 1: 2: Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім? | |||
Шартты белгілеулер:
Ұ = ұжымдық жұмыс;
Т = топтық жұмыс;
Ө = өздік жұмыс;
Ж = жұптық жұмыс;
М = мұғалімнің көрсетуімен.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру