Қарама – қарсы сандар. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Пән: математика | Ақтөбе қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты- жөні: Шынболатова Ғ.Ж. | |||||||||||||||||||||||||
Сынып: 6 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||||||||||||
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: | Рационал сандар және оларға амалдар қолдану | |||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Қарама – қарсы сандар | |||||||||||||||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Натурал сан, жай бөлшек, оң және теріс сандар, координаталық түзуде сандарды белгілеу. | |||||||||||||||||||||||||
Оқу бағдарламасына сілтеме | 6.1.1.7 - қарама-қарсы сандар ұғымын меңгеру, оларды координаталық түзуде белгілеу; | |||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты | -алдыңғы сабақта меңгерген білімді қолдана білу; -қарама-қарсы сандар ұғымын меңгерте отырып, есептер шығаруда сандарды дұрыс ажырата білуге үйрету; -таңбалар ережесін дұрыс қолдана білуге машықтандыру | |||||||||||||||||||||||||
Жетістік критерийлері | Қарама-қарсы сандарды біледі; Таңбалар ережесін қолдана алады; | |||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсат
| Пәнге қатысты лексика мен терминология:
Диалогқа қажет сөз –тіркестері: Натурал сан, оң және теріс сандардың айырмашылығы, таңбалар ережесі, координаталық түзу, сандарды белгілеу, қарама – қарсы сандар | |||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Ауызбіршілік (топтық ережені сақтау) | |||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | қазақ тілі, геометрия | |||||||||||||||||||||||||
Қауіпсіздік ережелері | Локдаун немесе эвакуация кезінде оқушыларды тыныштыққа шақыру, қауіпсіздік ережелерін нұсқауға сәйкес орындау; Көзілдірік киетін оқушыларды тақтаға қарай жақын отырғызу | |||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Презентация, интерактивті тақтада тапсырманы орындау | |||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың кезеңдері | Сабақта орындалатын іс-әрекеттер | Оқыту ресурстары | ||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 2 минут | Ұйымдастыру бөлімі: Оқушылармен амандасу. Сабаққа дайындықтарын тексеру. Оқушыларды бір – біріне қарама – қарсы сандар жазылған тарапта қағаздар арқылы жұптарға бөлу. Әр оқушы өзінің алған санына қарама – қарсы санды тағдап алған оқушымен бірге отырады. | Таратпа қағаз (стикерлер) | ||||||||||||||||||||||||
3 минут Сабақтың ортасы 5 минут 2 минут 5 минут 2 минут 2 минут 1 минут 5 минут 3 минут 5 минут 2 минут | Актуальдау: Оқушыларға жалпы сұрақ қою: Қарама – қарсы сандар дегеніміз не? Теріс санға қарама – қарсы сан қандай сан болады? Оң санға қарама – қарсы сан қандай сан болады? 0 санына қарама – қарсы санды айтыңыз? Таңбалар ережесі? Біз бүгін алдыңғы сабақта өткен «Қарама – қарсы сандар» тақырыбын әрі қарай пысықтап, санамызда әбден тоқып алуымыз үшін тағы да қарастыратын боламыз. Бүгін мен сіздердің өткен тақырыпты қаншалықты толық меңгергендеріңізді ілгім келеді. Қарама – қарсы сандар тақырыбы бойынша біз қандай мақсаттарға жету керекпіз? -қарама-қарсы сандар ұғымын меңгеріп, есептер шығаруда сандарды дұрыс ажырата білу; -таңбалар ережесін дұрыс қолдана білу. Ж Оқушылар жанында отырған оқушымен бірігіп, келесі тапсырмаларды орындайды: №326
Жауабы:
Дескрипторлар: 1)Таңбалар ережесін біледі; 2)Жауаптар дұрыс Жұптар бір – бірімен жұмыстарын ауыстыру арқылы бір – бірін тексереді. №334 1) 3) 5) 2) 4) 6) Жауабы:
Дескрипторлар: 1)Таңбалар ережесін біледі; 2)Теңдеудің жауабы дұрыс Жұптар бір – бірімен жұмыстарын ауыстыру арқылы бір – бірін тексереді. Сергіту сәті: Мультик түріндегі видеоға қарап жаттығу жасаймыз! Оқушыларға түрлі – түстегі үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек және бесбұрыш тарату арқылы топқа бөлу. Т Топтарға шығармашылық тапсырма ұсыну: Тапсырма:
Жауабы:
Топтар жұмысын барлық оқушы бірігіп талдап, таңбалар ережесі сандарды, қарама – қарсы сандарды көбейту мен бөлу кезінде де орындалатынын анықтайды. Дескрипторлар: 1)Таңбалар ережесін қарама – қарсы сандарды көбейту мен бөлуде де орындалатынын анықтайды; 2)Қарама – қарсы сандарды көбейтуді, бөлуді дұрыс орындаған. Ө Оқушылар тақырыпты қаншалықты игергенін анықтау мақсатында өз бетінше орындайды: №328, №332 №328
№332
Жауабы: 1, 2, 3, 6 есептері дұрыс. Оқушылар өз жұмысын тақтадағы жауаппен салыстырып, тексеру арқылы өзінің тақырыпты қаншалықты игергенін анықтайды. | Презентация Математика 6 – класс Алдамұратова https://www.youtube.com/watch?v=xTIVznmnHok А4 қағазы Математика 6 – класс Алдамұратова | ||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 3 минут | Үй тапсырмасы: №337 Рефлексия: Бүгінгі сабақ бойынша көңіл – күйлеріңізді смайликтермен көрсетіп, тақтаға жабыстыра қойсаңыздар. | Математика 6 – класс Алдамұратова | ||||||||||||||||||||||||
Дифференциациялап оқыту – Оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды? | Бағалау – Оқушылардың білімін қалай тексересіз?
| |||||||||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||||||||||
Рефлексия Сабақ мақсаты/оқу мақсаты қаншалықты жүзеге асты? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Дифференциациялап оқыту өз мәнінде жүзеге асты ма? Өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? | ||||||||||||||||||||||||||
Қорытынды бағалау Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты). 1: 2: Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)? 1: 2: Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім? | ||||||||||||||||||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру