Шеңбердің ұзындығы. Дөңгелектің ауданы. Шар. Сфера. Математика, 6 сынып, дидактикалық материал.
Қосымшалар
Топтық жұмыс /Практикалық тапсырма /10минут
«Жиегі шеңбер болатын стаканды алып, жиегін жіппен орап, жіптің ұзындығын сызғышпен өлшейік. Жіптің ұзындығы шамамен стакан шеңберінің ұзындығына тең. Сонан соң стакан диаметрін сызғышпен өлшейміз. Енді ұзындықтың диаметрге қатынасын есептейміз.».
Шешуі:
Қорытынды:
Бекіту тапсырмалары/Жұптық жұмыс/10минут
- Диаметрі 6см болатын шеңбердің ұзындығын есептеңіз.
- Радиусы 4см болатын, шеңбердің ұзындығын есептеңіз.
- Цирк алаңының ұзындғы 41 м болса, алаңның диаметрін табыңыз.
Оқулықпен жұмыс: 10минут
Дифференсациялық тапсырмалар:
А-тобы
№202 Жер экваторының радиусы 6378 км, жер экваторының ұзындығын табыңдар.
№203 Сағаттың минуттық тілінің ұшы 1сағатта ұзындығы 31,4 см шеңбер сызады. Сағаттың минуттық тілінің ұзындығы неше сантиметр?
№ 206 Велосипед доңғалағының диаметрі 60см, Велосипед доңғалағы 5 айналым жасағанда қанша жерге барады?
№ 207 Гүл егілген гүлзардың дөңгелек жиегінің ұзындығы 18,84 м, гульзардың радиусын табыңдар.
В-тобы
№ 209 1) Шеңбердің ұзындығы 84 см доңғалақ 35 айналым жасағанда баратын қашықтықты өтіп шығу үшін шеңберінің ұзындығы 98 см доңғалық неше айналым жасайды?
2) Радиусы 60см бірінші доңғалақ 40 айналым жасағанда баратын қашықтықта екінші доңғалақтың радиусының ұзындығы неше сантиметр?
С-тобы
№ 218 Автомашинаның доңғалағының радиусы 37,5 см. Тас жолда жүріп бара жатқан автомашинаның доңғалағы 1минутта 400 айналым жасайды. Автомашина сағатына неше километр жылдамдықпен жүріп барады?
Қорытынды тапсырма:
Ақоянның ұзын тілінің ұзындығы 5см, қысқа тілінің ұзындығы 3см болатын сағаты бар. Толық дөңгелек жасап шыққандағы шеңбер ұзындығын табыңдар.
Үй тапсырмасы:
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру