Шеңбердің ұзындығы. Дөңгелектің ауданы. Шар. Сфера. Математика, 6 сынып, қосымша материал.
Сабақты өткізуге әдістемелік ұсыныстар.
Тақырыбы: «Масштаб»
Сабақтың мақсаты:
6.3.3.2
шеңбер ұзындығының оның диаметріне қатынасы тұрақты сан екенін білу;
6.3.3.3
шеңбер ұзындығының формуласын білу және қолдану;
6.3.3.4
дөңгелек ауданының формуласын білу және қолдану;
6.3.1.7
шар мен сфера туралы түсінігінің болуы
Бағалау критерийлері:
Білім алушы
- шеңбер ұзындығын таба алады;
- дөңгелек ауданын есептей алады;
- шар мен сфера туралы түсінеді;
- шеңбер ұзындығының оның диаметріне қатынасы тұрақты сан екенін біледі;
- шеңбер ұзындығының формуласын біледі және қолдана алады;
- дөңгелек ауданының формуласын біледі және қолдана алады.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасады. Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады.
Үй тапсырмасын тексеру. Оқушылар жұпта отырып бір-бірінің дәптерлерін тексереді.
Өткен сабақты пысықтау мақсатында қайталау сұрақтары қойылады.
Ой-қозғау:
- Шеңбер дегеніміз не?
- Дөңгелек дегеніміз не?
- Шеңбердің радиусы дегеніміз не?
- Шеңбердің диаметрі дегеніміз не?
5.Диаметр радиустан неше есе ұзын?
Оқушылармен екі нұсқада қайталау тапсырмаларына жұпта есептер беріледі. Жауаптарын презентация арқылы тексереді. Қатар жұпта отырған оқушылар бірін-бірі тексеріп, бағалайды.
Жұптық жұмыс
1 нұсқа
А 1.Пропорцияны тап: 2,8:3,2=2,1:х
- х=2,4
- х=24
- х=0,875
- х=1,8375
А 2. Пропорцияны шеш: =
- х=
- х=3
- х=2
- х=0,2
А 3. Радиусы 8 см – ге тең шеңбер ұзындығын тап.
- 5,024см
- 50,24см
- 25,12 см
- 2,512см
А 4. Радиусы 4 см дөңгелектің ауданын тап. 50,24см
- 12,56 см
- 125,6 см
- 25,12 см
В 1. Картаның масштабы 1:200000. Жер бетіндегі арақашықтық 10 км болса, картадағы арақашықтықты тап.
В 2. Жер участогы 15 км картада 3 см болып белгіленген. Картаның масштабын тап.
С 1. 0; 4; 5 және 6 цифрларынан тұратын 5-ке еселік екі таңбалы сандар санын табыңдар?
2 вариант
А 1. Пропорцияны тап: 2,4:х=6:1,5
- 4
- 40
- 0,6
- 6
А 2. Пропорцияны шеш: =
- 12,6
- 1,26
- 3
- 0,3
А 3. . Радиусы 6 см – ге тең шеңбер ұзындығын тап.
- 18,84см
- 37,68см
- 3,768см
- 1,884см
А 4. Радиусы 4 см дөңгелектің ауданын тап.
- 31,4 см
- 15,7 см
- 78,5 см
- 7,85 см
В 1. Картаның масштабы 1:25000. Картадағы арақашықтық 4 см болса, жер бетіндегі арақашықтықты тап.
В 2. Жер участогы 12 км картада 3 см болып белгіленген. Картаның масштабын тап.
С 1. 2; 5; 7 және 4 цифрларынан екі таңбалы неше тақ сан құруға болады?
Жауаптары:
А 1 | А 2 | А 3 | А 4 | В 1 | В 2 | С 1 | |
1 н | 1 | 4 | 2 | 1 | 5см | 1:500000 | 6 |
2 н | 3 | 1 | 2 | 3 | 1 км | 1:400000 | 8 |
Оқушылармен сергіту сәті жүргізіледі. Көзге жаттығу жұмыстары жүргізіледі.
Оқушылардың бүгінгі сабақ бойынша оқу мақсатын қалай меңгергендігі мақсатында жеке жұмыстар жүргізіледі. Оқушылар берілген дескриптор арқылы өзін-өзі бағалайды.
Жеке жұмыс
1-тапсырма (тәжірибелік тапсырма)
- Жіп арқылы табанының ұзындығын өлшеп алыңыз.
- Табанының диаметрін өлшеңіз.
- Табанының ұзындығының табан диаметрлеріне қатынастарын есептеңіз.
- Қорытынды жасаңыз.
Дескриптор: Білім алушы
- жіптің көмегімен шеңбердің ұзындығын табады;
- шеңбердің диаметрін табады;
- қатынасын есептейді;
- қорытынды тұжырым жасайды.
2-тапсырма
- Радиусы 8 см шеңбердің ұзындығын есептеңіз ( санын жүздік үлеске дейін дөңгелектеңіз).
- Егер радиусты 3 есе арттырса, шеңбердің ұзындығы қалай өзгереді?
Дескриптор: Білім алушы
- шеңбердің ұзындығын табады;
- шеңбер ұзындығының радиусқа тәуелділігін анықтайды.
3-тапсырма
Суретте берілген фигуралардың периметрін табыңыз.
Дескриптор: Білім алушы
- шеңбер ұзындығының формуласын қолданады;
- шеңбер бөліктерінің ұзындығын есептейді;
берілген фигураның периметрін табады.
Сабақ соңында үйге тапсырма беріледі. Шеңбердің ұзындығы. Дөңгелектің ауданы. Шар. Сфера. №172 есеп оқулық бойынша беріледі.
Сабақ соңында рефлексия жүргіземіз. Оқушылар бүгінгі сабақ бойынша алған өз ой-пікірлерін айтады.
1. Сабақтың мақсаты қандай болды?
2. Мен мақсатқа жеттім бе?
3. Мен не білдім?
4. Мен нені үйрендім?
5. Мен нені түсінбедім?
6. Мен не бойынша әлі де жұмыс істеуім керек?
Пайдалы әдебиеттер мен сілтемелер:
- Алдамұратова Т.А. Математика Жалпы білім беретін мектептің 6 – сыныбына арналған оқулық. 3 - басылымы. – Алматы: Атамұра,2011
- https://www.youtube.com/watch?v=9C-Y2HFg_zc
- http://www.myshared.ru/slide/624892/
- http://bilimdiler.kz/2013/02/19/sergitu-zhattygu.html
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру