Пропорция. Пропорцияның негізгі қасиеті. Математика, 6 сынып, қосымша материал.
Сабақты өткізуге әдістемелік ұсыныстар.
Тақырыбы: «Пропорция. Пропорцияның негізгі қасиеті.»
Сабақтың мақсаты:
6.5.2.2 пропорцияны оқу және жазу;
6.1.2.3 пропорция анықтамасын білу;
6.1.2.4 пропорцияларды ажырату және құрастыру;
6.1.2.5 пропорцияның негізгі қасиетін білу және қолдану;
Бағалау критерийлері:
Білім алушы
- пропорцияны оқи және жаза біледі;
- пропорция анықтамасын біледі;
- пропорцияларды ажырата және құрастыра алады;
- пропорцияның негізгі қасиетін біледі және қолданады.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Амандасу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Үй тапсырмасын тексеру.
Қызығушылығын ояту.Оқушылар орындарыннан тұрып, бір-бірінің алақандарына жылы-жылы тілек лебіздерін айтады. Оқушылардың сабаққа деген құлшыныстарын және де қызығушылықтарын ояту.
Қайталау оқу- анасы. Ауызша сұрақ- жауап алу.
- Қатынас дегеніміз не?
- Пропорция дегеніміз не?
Пропорцияның негізгі қасиеттері?
Ереже арқылы пропорцияны және пропорцияның негізгі қасиеттерін қайталап аламыз.
Анықтама: Екі қатынастың теңдігін пропорция деп атайды.
«а-ның в-ға қатынасы тең болады с-ның d-ға қатынасы»
* Шеткі мүшелері мен ортаңғы мүшелерінің көбейтінділерінің мәні тең.
Пропорцияның негізгі қасиеті.
Шеткі мүшелерінің көбейтіндісі ортаңғы мүшелерінің көбейтіндісіне тең.
Пропорцияның белгісіз мүшесін табуды қарастырайық.
Пропорцияның белгісіз ортаңғы мүшесін табу үшін шеткі мүшелерін көбейтіп, белгілі ортаңғы мүшеге бөлеміз.
Пропорцияның белгісіз шеткі мүшесін табу үшін ортаңғы мүшелерін көбейтіп, шеткі мүшеге бөлеміз.
пропоциясынан жаңа пропорция алу тәсілдері:
- Егер пропорцияның тек ортаңғы мүшелерін орындарын ауыстырғанда, онда пропорция теңдігінің мәні өзгермейді. ;
- Егер пропорцияның тек шеткі мүшелерін орындарын ауыстырғанда, онда пропорция теңдігінің мәні өзгермейді. ;
- Егер пропорцияның бір мезетте шеткі мүшелері мен ортаңғы мүшелерін орындарын ауыстырғанда, онда пропорция теңдігінің мәні өзгермейді. ;
- Пропоциядағы қатынастарды оң жағынан сол жағына орын ауыстырғанда, онда пропорция теңдігінің мәні өзгермейді.
Демек, берілген пропорцияның мүшелерінің орындарын ауыстырып, одан өзге 7 жаңа пропорция алуға болады. Сонда берілген пропорциямен 8 пропорция болады.
Оқушылармен оқулық бойынша деңгейлік тапсырмаларды жұпта орындау. Жұптық жұмыста бір-біріне түсінбеген сұрақтарына жауап береді, түсіндіреді.
Жұппен жұмыс.
А деңгейі
№61. Мұнайдың 14 литрінің массасы 11,2 кг. Мұнайдың 30 литрінің массасы неше килограмм? Жауабы: 30 кг.
№62.
2) Қарбыз массасының 98% -і су. 5 кг қарбызда қанша су бар? Жауабы: 4,9 кг.
3) Кептердің ұшу жылдамдығы шамамен 17 м/с. Ал қарғаның ұшу жылдамдығы кептердің ұшу жылдамдығының 90 % -іне тең. Қарғаның ұшу жылдамдығын табыңдар.
Жауабы: 15,3 м/с.
№63.
2) Бір аптада балықшылар 160,5 ц балық алады, бұл олардың бір айда аулауға тиісті балық массасының 30 % -індей. Балықшылар бір айда неше центнер балық аулауға тиісті? Жауабы: 535 т.
3) Қиярды тұздау үшін 250 г тұз салынды. Бұл барлық тұздалған қияр массасының 8 % -індей. Барлық тұздалған қиярдың массасы неше килограмм және грамм?
Жауабы: 3125 кг.
В деңгейі
№72.
2) Домбыра жасайтын шеберхана бір айда 8 домбыра жасау кекрек еді. Олар бір айда 2 домбыраны артық жасады. Домбыра жасайтын шеберхана бұл айда жоспарын неше процент орындады? Жауабы: 125%.
3) Тік төртбұрыштың ауданы 90 дм2, ал ұзындығы 15 дм. Тік төртбұрыштың ені ұзындығының неше проценті? Жауабы: 40%.
С деңгейі
№79. х – ті табыңдар: (тақ номері)
1)15: 2,5 = 0,8x : 3) 5: 3 = 5 : 3,3х; Жауабы: 1) 5; 2) 1; 3) 2.
Сергіту сәті. Көзге жаттығу жұмысы жүргізіледі.
Оқушылар оқу мақсатына жету үшін өз беттік жұмысты орындайды. Өзін-өзі дескриптор арқылы бағалайды.
Өз беттік жұмыс
- санына; Жауабы: 80.
- және сандарының қосындысына; Жауабы: .
- және сандарының көбейтіндіндісіне кері сандарды жазыңыз. Жауабы: .
Дескриптор: Білім алушы
- ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдырады;
- аралас сандардың қосындысын есептейді;
- рационал бөлшектердің көбейтіндісін есептейді;
- нәтижелерге кері сандарды жазады.
- Үйге тапсырма: Пропорция. Пропорцияның негізігі қасиеттерін қайталау.
Рефлексия.
Мұғалім: Бүгінгі математика сабағы сіздерге не бергенін, алдарыңыздағы түрлі- түсті карточкалар арқылы көрсетіңіздер?
Сіздер өз жұмыстарыңызды қалай бағалар едіңіздер?
(түрлі-түсті карточкалар: « жасыл карточка – мен бәрін түсіндім »,
- « сары карточка – мен түсіндім, бірақ бәрін емес»
- « қызыл карточка – мен ештеңе түсінбедім »
- Сабақта жаңадан не білдіңіздер?
- Біз сабақ басында қандай мақсат қойып едік?
- Біз мақсатымызға жеттік пе?
Пайдалы әдебиеттер мен сілтемелер:
- Алдамұратова Т.А. Математика Жалпы білім беретін мектептің 6 – сыныбына арналған оқулық. 3 - басылымы. – Алматы: Атамұра,2011.
- Математика 6 кл Муравин, Муравина 2014.
- http://www.xn--24-6kct3an.xn--p1ai/%D0%9C%D0%B0%D1%82%D0%B5%D0%BC%D0%B0%D1%82%D0%B8%D0%BA%D0%B0_6_%D0%BA%D0%BB_%D0%92%D0%B8%D0%BB%D0%B5%D0%BD%D0%BA%D0%B8%D0%BD/21.html
- http://www.resolventa.ru/demo/spain/demospain.htm
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?