Пропорция. Пропорцияның негізгі қасиеті. Математика, 6 сынып, қосымша материал.


Сабақты өткізуге әдістемелік ұсыныстар.

Тақырыбы: «Пропорция. Пропорцияның негізгі қасиеті.»

Сабақтың мақсаты:

6.5.2.2 пропорцияны оқу және жазу;

6.1.2.3 пропорция анықтамасын білу;

6.1.2.4 пропорцияларды ажырату және құрастыру;

6.1.2.5 пропорцияның негізгі қасиетін білу және қолдану;

Бағалау критерийлері:

Білім алушы

- пропорцияны оқи және жаза біледі;

- пропорция анықтамасын біледі;

- пропорцияларды ажырата және құрастыра алады;

- пропорцияның негізгі қасиетін біледі және қолданады.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Амандасу. Оқушылардың өмірге деген құлшыныстарын видеоролик арқылы оятып, сабаққа ынталандыру.

Үй тапсырмасын тексеру. Оқушылар жұпта отырып, бірін-бірі тексереді. Өткен сабақты пысықтау мақсатында ауызша тапсырмалар беріледі.

Ой қозғау:

1.Ауызша тапсырмалар орындау:

х : 3 = 4 : 6; 5 : х = 2 : 6; 7 : 3 = х : 18;

2. Пропорцияның белгісіз мүшесін табыңдар:

3. Бос орынды толтырыңдар:

0,5 сағат ішінде қараған (акация) діңіндегі су 75 см – ге көтерілетіні белгілі. 3 метрлік ағаш басына су неше уақытта көтеріледі?

Өткен тақырыпты меңгеру мақсатында бекіту тапсырмалары тест жұмыстары жалпы сыныпқа беріледі.

Тест тапсырмалары:

1. 125 қаздан 4 кг мамық алуға болады. 875 қаздан неше килограмм мамық алуға болады?

А. 21,8 кг; В. 57,4 кг; С. 28 кг; Д. 25 кг.

2. Пропорцияның белгісіз мүшесін табыңдар:

7,5 : 3,5 = х : 14

А. 19,6; В. 7; С. 3; Д. 30.

3. 1,75 т алтынды өзек құмынан орташа есеппен 0,7 г алтын жуылады. 2170 т алтынды өзек құмынан неше алтын жууға болады?

А. 642 г; В. 564,5 г; С. 542,5 г; Д. 868 г.

4. Тура пропорцияны көрсет:

А. 5 : 10 = 8 : 4; В. 2 :3 = 10: 15.

С. 2 : 3 = 5 : 10; Д. 12 : 18 = 3 : 2.

Жауаптары: 1.С      2.Д     3.Д      4.В.

Оқушылармен әрі қарай оқу мақсатын меңгеру мақсатында жұптық жұмыстар беріліп, қатар отырған тапсырмалар бірдей жұптар бірін-бірі тексереді.

Жұптық жұмыс.

1 жұп

№1. Берілген теңдік пропорция екенін тексеріңдер: .

№2. Пропорцияны орындаңдар:

а) б) в) г) Жауабы: а) 3; б) 72; в) 42; г) 32.

№3. 0,5 кг «Белочка» кәмпиті үшін 49,5 теңге төледі. 1,2 кг кәмпит үшін қанша ақша төленеді? Жауабы: 118,8 теңге.

№4. Поезд 70 км/сағ жылдамдықпен 3 сағат жүрді. Поезд жүрген арақашықтықты автомобиль 140 км/сағ жылдамдықпен неше сағатта жүреді? Жауабы: 6 сағат.

2 жұп

№1. Берілген теңдік пропорция екенін тексеріңдер: .

№2. Пропорцияны орындаңдар:

а) б) в) г) Жауабы: а) 27; б) 7; в) 27; г) 20.

№3. 1,5 кг кәуап үшін 285 теңге төледі. 4,5 кг кәуап үшін қанша ақша төленеді?

Жауабы: 855 теңге.

№4. Турист атпен 12 км/сағ жылдамдықпен 2,5 сағат жүрді. Осы арақашықтықты ол 5 км/сағ жылдамдықпен неше сағатта жүреді? Жауабы: 1 сағат.

Сергіту сәті. Көзге жаттығу жұмысы жүргізіледі.

Оқушылардың пропорцияға байланысты оқу мақсатын толықтай меңгеру мақсатында жеке жұмыс жүргізіліп, өзін-өзі дескриптор арқылы тексереді.

Жеке жұмыс

1-тапсырма

Берілген сандардан пропорция құрып жазыңыз:

a) пропорцияның анықтамасы бойынша:

3; 4,5; 8; 12;

b) пропорцияның негізгі қасиеті бойынша:

; ; ; .

Дескриптор: Білім алушы

  • пропорцияның қасиетін қолданады;
  • қатынастардың теңдігі бойынша пропорция құрады;
  • пропорция құрады.

2-тапсырма

Берілген пропорциядан а-ның b-ға қатынасын өрнектеңіз:

a) ; b) ; c) d) .

Дескриптор: Білім алушы

  • пропорцияның қасиетін қолданады;
  • пропорцияның қасиеті бойынша өрнекті түрлендіреді;
  • қажетті қатынасты жазады.

3-тапсырма

х-ті табыңыз:

a) ; Жауабы: 2.

b) . Жауабы: 27.

Дескриптор: Білім алушы

  • пропорцияның негізгі қасиетін пайдаланып, өрнекті түрлендіреді;
  • есептеулерді орындайды;

белгісіз х-тің мәнін табады.

Сабақ соңында үйге тапсырма беріліп, қорытындыланады. Оқулық бойынша №69, №71 – ші есептер беріліп, түсіндіріледі. Содан соң оқушыларға рефлексия жүргізіледі:

  • Өзіңнің бүгінгі сабаққа қатысыңды бағалап, берілген фигураларды таңда.

Мен сабаққа өте жақсы қатысып, тапсырмаларды толық орындадым.

Мен бүгінгі сабаққа жақсы түсініп, қатысып отырдым.

Мен жақсы талпындым, бірақ бәрі ойдағыдай емес.

Менің бұдан да жақсы дайындалуыма болады

Мен бүгін сабаққа араласпадым

 Пайдалы әдебиеттер мен сілтемелер:

  • Алдамұратова Т.А. Математика Жалпы білім беретін мектептің 6 – сыныбына арналған оқулық. 3 - басылымы. – Алматы: Атамұра,2011.
  • Дидактич. матер. по математике 6 кл. К уч. Зубаревой, Мордковича-2014.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу